400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг "Ананың алақаны ыстық бізге"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: « Ананың алақаны- ыстық бізге » Мақсаты: Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарайтындығын ұғындыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Ананың алақаны- ыстық бізге »

Мақсаты: Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарайтындығын ұғындыру.

Әдіс-тәсілдер: тест,жаттығулар

Көрнекіліктер: Қонжық, ақ парақ,түрлі-түсті карандаш

Тренинг барысы: Құрметті ата-аналар бүгінгі тренингке қош келдіңіздер. Бүгінгі тренинигіміздің тақырыбы «Ананың алақаны- ыстық бізге» деп аталады. Бізің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингімізді бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол,тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп,сіз боп пікірлесе отырып,ойымызды түйіндеп,өмір жолында пайдалану.Сондықтан да Отбасы адам баласының алатын діңгегі.Өйткені адама ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап,осында ер жетіп,отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы- азамзаттың аса қажетті,әрі қасиетті алтын бесігі.

1. «Басқаға тілек» жаттығуы

Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізушінің қолында қонжық. Қатысушылар өз есімдерін айтып, бүгінгі күнге бір-біріне тілек айтудан басталады.

Мысалы менің есімім Ақелік. Күндей жайнап жүріңіз.

2.«Айнытпай орындау» жаттығуы.

Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші қимыл жасайды. Екі қол мен екі аяқты төменнен жоғары қарай жаймен көтере беру керек. 1 ден 10 ға дейін санап. Қатысушылар айнытпай орындау керек.

Барлығымыз қатесіз орындап тұрмызба. Қате орындап жатқан адамдардың санын айтады.

Балаға бір нәрсе үйретсекте қатесіз үйретіп,қатесіз орындауларын талап етейік. 3-5 рет орындау керек.

3. Дастарханда отыру үлгісі.

Қатысушыларды екі топқа бөліп өздеріңніңіздің отбасында дастархан басында қалай отыру керектігін салулары керек. Отбасы мүшелері: Ата; Әже;Әке; Немере; Келін;Қонақ; Қыз ; Күйеу.

Shape1



7. Дастархан

Үлгі 1.Ата

5.Қонақ 2.Әке

Қыз Немере

3.Әже

Күйеу бала 4. Келін



6. табалдырық

Ата- бабаларымыз ер адамдарды әрқашанда ұлық тұтып,биік санаған.Ол үйдің отағасы,балалардың әкесі. Сондықтан ер адамдар жоғары отырған. 3 жастағы немере ұл бар болса,әжеміз содан төмен отырған. Қонақ пен қызға төрден орын берген. Қонағын құдайындай сыйлаған. Әже мен келін төменгі жақта отырған. Күйеу балада төменгі жақта отырады.

4.«Шаңырақ», «Кереге», «Уық» жаттығуы.

Шаңырақ- Қолымызды екі жаққа жоғары көтеріп ,екі қолды бір –біріне қаратып иеміз.

Кереге- отырып екі қолымызды екі жаққа созып,иеміз.

Уық- екі қолды алдымызға созып,иеміз.

Кереге,Шаңырақ,Уық;

Уық,шаңырақ,кереге.

Шаңырақ,уық,кереге деп орындарын ауыстырып, тез-тез жасаймыз.Сіздердің бірінші рет жасағанда қабылдауларыңыз нашар болды. Қайта,қайта жасай бергесін қабылдауымыз жақсарып,қатесіз орындап жатырмыз. Балаларыңызға күнделікті жасауларыңызға болады. Бала тез жаттап алып,қатесіз орындайды.

5. «Өтінемін» ойыны

Қатысушылар ортаға шеңбер жасап тұрады. Мен әр түрлі өтініштер жасаймын,егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» дегн сөзді айтпасам,сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.

  • Секіріңіздер

  • Оң аяқтарыңызды көтеріңіздер

  • Өтінемін ,бір- біріңізге қарап жымиыңыздар

  • Оң қолдарыңызбен сол құлақтарыңызды уқалаңыздар

  • Өтінемін,отырыңыздар

  • Сол қолдарыңызды көтеріңіздер

  • Өтінемін ,аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

6Shape2 . Фигураны таңда

Таңдаған өте еңбекқор,төзімді,өз жұмысының шебері,бастаған істі аяғына

дейін жеткізетін жандар.

Shape3

Таңдаған лидерлік қабілеті бар,алдына қойған мақсатына

жететін,басқарушылық қабілеті басым жандар.

Shape4

Осы екі фигураның ішіндегі өте мейірімді,басқаның қайғысын және

қуанышын да бөлісуге даяр тұратын жандар және де қолынан бәрі келеді

екен.





Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.

Өсиет әңгіме.

Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалған ойыншықтар ,компьютер,тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай,ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын,ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал,баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.

Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.

-Әке,ана ! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңзді маған қиыңыздаршы.

Бір күнгі табыстарыңызды мен төлеймін депті.

Қалай ойлайсыздар бала неге өтінді.

Міне,ата-ананың аялы алақаны ыстық,балаға әсері күн сәулесімен бірдей ,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес.

7. «Алақан» тілегі

Ата-аналар алдарыңызда тұрған ақ параққа қолдарыңыздың қойып,алақанның суретін салуларыңыз керек. Соған балаларыңызға ,тәрбиешілерге,ұжымға,тренинг жүргізушіге тілек пен ұсыныс жазуларыңызды сұраймын.

Бала тәрбиесі ешқандай үзіліс,демалыс дегенді білмейді. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып,дұрыс тәрбие беруге сіз болып,бірге атсалысайық.

Құрметті тренингке қатысушылар ! Бүгінгі «Ананың алақаны- ыстық бізге» атты тренингімізге қатысқандарыңызға үшін зор алғыс айтамын.Әрқашан бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік.



























«Ақбота» балабақшасы

















Тренинг

« Ананың алақаны- ыстық бізге »





Өткізген: А.Тогаева



















2016-2017 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.02.2018
785
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12