Тақырыбы: Ата – ана қуанышы – бала
Мақсаты:
1. Ата – ана мен бала арасындағы тығыз байланысты күшейту,
2. Ата – ана, бала, ұстаз үштігінің қарым- қатынасын нығайту;
3. Ата – ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге шақыру.
Көрнекілігі: бейнебаяндар, жағдаяттар, сергіту сәті, мақал – мәтелдер, слайдтар.
Түрі: пікірталас, тренинг
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
-ата – аналар мен қатысатын ұстаздар орналасып болғанша күту
ІІ. Баяндама «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ»
-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар, қонақтар! Бүгінгі «Ата – ана қуанышы - бала» атты тренинг-сабағымызға қош келдіңіздер!
Әрбір ата – ана тілегі – бала бақыты. Әр ата – ана баласының жақсы адам болғанын, еңбексүйгіш, кішіпейіл болғанын қалайды. Сонымен қатар аман – сау, ауырмай, дені сау азамат болғанын қаламайтын ата – ана сірә жоқ шығар! «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз. » Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін – өзі сақтауы, ұрпақты жалғастыру, өзін – өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға – ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші – ата –ана. Олай болса, тренингімізді бастамас бұрын, танысып, білісіп алайық!
ІІІ. Мен кіммін!
-
Әрбір ата – ана ,ұстаз өз есіміне сын есім қосып айтады.
Мысалы, мен –шырайлы Шолпанмын!
-Ата-аналар жалғастырады.
ІҮ. Топқа бөліну
-Ендігі кезекте топқа бөлінеміз. Ол үшін қазір күз мезгілі болғандықтан, жапырақтар бойынша бөлінгеніміз дұрыс деп шештім. Жапырақтың екі түрі берілген, жасыл және сары. «Сары жапырақ – күз белгісі болса, жасыл жапырақ - көктемдей жайнап жүрейік» деген мағынада алынған.Жапырақтар таратылып, ата – аналар мен ұстаздар екі топқа бөлінеді.
Ү. Тапсырмалар жинағы «Пікірталас»
1 тапсырма: Бала – білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата – ана мен ұстаз қандай жағдай жасауы қажет?
2 тапсырма: Баланы теріс қылығы үшін жазалау дұрыс па, және қалай?
Әр топ жетекшілері бірігіп, жауап береді.
ҮІ. «Қызықты сұрақтар» сергіту жаттығулары
-
Балаңыздың сүйікті түсі?
-
Сынып жетекшіңіздің толық аты – жөні?
-
Балаңыздың сүйікті мультфильмі?
-
Қандай жануарды жақсы көреді?
-
Балаңызды қалай еркелетесіз?
-
Балаңыздың хоббиі не?
-
Балаңыздың ең жақын досы кім?
-
Сіздің көңіл – күйіңіз?
ҮІІ. Жағдаяттардан қалай шығасыз?
Әр топқа жағдаяттар беріледі:
А) Сізге балаңыздың басқа балаларды ұратыны жайлы мұғалім ескертті, сіз бұл жағдайды қалай қабылдадыңыз және балаңызды бұдан әрі қалай тәрбиелейсіз?
Ә) Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр, не істейсіз?
Б) Сіздің балаңыз сыныптағы ең жақсы оқитын оқушы, алайда бірде ұстазы күнделігіне «2» деген баға қойыпты, бұған қалай қарайсыз?
В) Баламен сөйлесе білу де өнер, бала күніне бірнеше сұрақ қояды, мысалы, күн неге жарық? Түн неге қараңғы, ұшақ қалай құламайды? деген сияқты, ал сіз шаршап отырдыңыз, қалай болады?
Әр топ жетекшілері сұрақтарға жауаптарын айтады.
ҮІІІ. Сергіту сәті «Жаңбыр»
Қазір күз мезгілі, ауа – райы құбылмалы болғандықтан, мен де табиғаттан асып кете алмадым. Табиғат құбылысының бірі – жаңбыр. Ендеше жаңбыр жауғызайық!
ІХ. «Ой қозғау» стратегиясы
Бейнебаян көре отырып, қатысушы ұстаздар мен ата – аналардың пікірін сұрау.
Сұрақ: Сізде осындай жағдай болды ма? Қандай әсер алдыңыз?
Х. Өсиет әңгіме: Аялы алақан
Осы әңгімені тыңдап отырып, балаға не керек екенін біле аламыз ба? Сіздің ойыңыз?
Жағдайлары жақсы бір отбасының жалғыз баласы болыпты. Әлгі бала ештеңеден кемдік көрмепті. Ата – анасы бар тапқанын жалғыз ұлдарына аперіпті. Ешкімнен кем қылып өсірмейміз деп жанталасқан ата – ана баласына қымбат компьютер, планшет, озық технологиямен жасалған қымбат ойыншықтар, тіпті соткасы да болыпты. Бірақ бала осының біріне де қанағаттанбай, ата – анасы жұмысқа барарда ешқайда кетпеуін өтініп, жылайды екен. Ал ата – анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, егер жұмыссыз болса, ақша да ала алмайтынын айтыпты. Міне, осы сөзді естіген сәтте әлгі бала ата – анасының күніне қанша ақша табатынын сұрапты. Ата – анасының бір күндік табысының сомасын білген бала сол күннен бастап, ата – анасының өзіне күнделікті жұмсауға беретін ақшасын ештеңеге жаратпай, жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата – анасының бір күндік табысына жеткен кезде бала ата – анасына келіп өтініш айтады:
-Әке, ана, бүгін жұмысқа бармай – ақ қойыңдаршы, бүгінгі табыстарыңызды мен - ақ төлейін . Бүгінгі күндеріңізді маған қиыңыздар – депті.
Сіз бұл әңгімеден не ой түйдіңіз?
ХІ. Жаттығу «Менің отбасым гүл бейнесінде»
Ұстаз ата-аналарға майлы бояудың көмегімен өз отбасын гүл бейнесінде бейнелеуді ұсынады да бұл Ресейлік Л.Д.Лебедеваның «Менің отбасым гүл бейнесінде» авторлық әдістемесі екендігін түсіндіреді. Өз отбасыларын бейнелегеннен кейін әр ата-ана өзінің нені бейнелегенін түсіндіреді.
ХІІ. Ойын «Менің балам!»
-Көзі байланған ана көп баланың ішінен өз баласын тануы керек!
Сұрақ: Тез табуыңызға не көмек болды?
ХІІІ. Жаттығу «Аяқталмаған сөйлем»
Отбасы-бұл……..
Менің балаларым-бұл ….
Менің үйімнің терезесіндегі жарық-бұл…..
Менің отбасымдағы қуаныш-бұл….
Менің отбасымдағы қайғы-бұл…..
Менің отбасымда болмағанын қалар едім …..
ХІҮ. Кері байланыс.
Ұйымдастырушы ұстаз ата-аналарға сауалнама сұрақтарына жауап беру арқылы өз ұсыныстары мен тілектерін айтуды ұсынады.
САУАЛНАМА
Құрметті ата-аналар! Сіздерге бүгінгі тренинг – сабаққа ат салысып қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіре отырып, сауалнама сұрақтарына жауап берулеріңізді сұраймыз. Рахмет!
1. Сіздерге қызықты болды ма? (ия/жоқ)
2. Сіздерге ыңғайлы болды ма? (ия/жоқ)
3. Мәліметтер пайдалы болды ма? (ия/жоқ)
4. Қайсысы неғұрлым маңыздырақ болды?_______________________________________________________
5. Талқыланған тақырыпқа деген көзқарасыңыз өзгерді ме? (ия/жоқ)
6. Алынған біліміңізді ата-аналық тәжірибеңізде қолданамын деп ойлайсыз ба? (ия/жоқ)
7. Болашақта қандай тақырыптарды талқылаған пайдалы деп ойлайсыз?____________________________________________________
8. Осындай сабақтарға тағы да қатысқыңыз келе ме? (ия/жоқ)
9. Педагог-психологқа жеке консультацияға келгіңіз келе ме? (ия/жоқ)
10. Сіздің тілегіңіз________________________________________________
ХҮ.Қорытынды «Мәуелі бақ»
Магнитті тақтаға ағаш суреті бейнеленген плакат бекітілген. Ата-аналарға алдын-ала дайындалған алманың суреттеріне өзіне және отбасына арналған тілектер жазу ұсынылады да, оларды тақтадағы ағаш суретіне бекітулерін сұрайды. Психолог қорытындылайды: Сіздердің тілектеріңіз міндетті түрде орындалады, себебі сіздер осыны қатты қалайсыздар
Қызылжар ЖОББ КММ - і
Тренинг :
Ата – ана қуанышы – бала
Смағұл Ш.Ш
2016-2017 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тренинг: "Ата - ананың қуанышы - бала"

шағым қалдыра аласыз