жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тренинг "Ата-ана бала тәрбиесінің айнасы"
Тақырыбы: «Ата-ана – бала тәрбиесінің айнасы»
Тренингті өткізу мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін анықтау.
Тренинг мақсаты: Ата-ана – мектеп-бала болып, үш жақты тығыз қарым- қатынас орнату.
Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру.
Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу.
Жоспары:
1.Мотивациялық кезең
2.Ата-аналарды топқа бөлу
3.Жиналыс мақсатымен таныстыру
4.Топқа тапсырмалар беру (ата-аналар сахналап көрсетеді)
5.Сергіту сәті
6.Ситуациялық сұрақтар
7.Қорытынды: Рефлексия
Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Ата-ана – бала тәрбиесінің айнасы» атты тренинг сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз,
қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз».
Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.
Барысы:
Шаттық шеңбері:
Ата-аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шаттық шеңберін құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар.
Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
Танысу: Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есіміне бір сын есім қосып және баласының есімін атап, баласының бір жағымды қылығын айтады.
Доппен жаттығу. Бала сіз үшін кім? Допты бір-біріне ұсынып сұраққа жауап беру.
Бала – болашағым, серігім, бақытым, өмірімнің жалғасы т.б.
2. Ата-аналарды топқа бөлу
Енді ата-аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ма, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.
Ал енді ата-аналар тамырлар бір бөлек, жапырақ бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).
Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік.
Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.
Діңгекті таңдағандар берік, мықты, біреуге тірек бола алатын адамдар.
Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.
Енді ата-аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті, «жапырақ тобы»- жапырақты саламыз.
Осы ағаштың тамыры – ата-ана, діңгегі – мұғалімі, жапырағы – балаларымыз.
Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді.
Стикерге ата-аналар балаларына тілек жазып, осы ағашқа жапсырады.
3.Жиналыс мақсатымен таныстыру:
Бүгінгі сіздермен жиналыс өткізуіміздің басты мақсаты- ата-ана, мектеп ,бала болып, үш жақты тығыз қарым-қатынас орнату. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді дана халқымыз. Ендеше бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі-өз отбасы. Олай болса отбасының бала тәрбиелеудегі тиімді тәжірибелерімен алмасу арқылы сіз бен біз боп ой бөліссек.
Алдымен топ басшысын сайлап, топта жұмыс істеу ережесін құрып алайық:
Ережелер:
1.Бір-бірімізді тыңдаймыз;
2.Жаныңыздағы адамдармен жақсы қарым-қатынаста боламыз;
3.Уақытты үнемдейміз;
4.Белсенділік көрсетеміз;
5.Маңызды нәрселерді ғана айтамыз;
6.Өз ойымызды ашық айта білуге үйренеміз;
4.Топтарға тапсырма беру (ата-аналар сахналап көрсетеді).
1топ. Мұғалім күнде сізге балаңыздың сыныптағы балаларды ұратыны туралы шағым айтады. Сіздің әрекетіңіз? (Балаңыздың осы қылығын қойдыру үшін үйге келгеннен кейін балаңызбен сөйлесу диалогын көрініс ретінде көрсетіңіздер),
(себебін анықтау, баланы мақтау, қолпаштау, құшақтау, бетінен сүю, осы қылығыңды қойсаң мен саған ертегі оқып берем т.б. стимул ретінде оған не ұсынар едіңіз)
(әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).
2топ. Балаңыз мектептен рұқсатсыз үйге түрлі заттар алып келеді, сіз оны үйге барғанда көресіз. Сіздің әрекетіңіз? (диалог)
3топ. Сіздің балаңыз сыныптағы ең үздік оқушылардың бірі еді және ешқашан сабақтан қалған емес. Күндердің бір күні мұғалім балаңыздың сабақтан жиі қалатыны және сабағының күрт төмендеп кеткенін айтты. Сіз мүмкін емес, күнделікті сабаққа өз қадағалауыңызбен автобусқа мінгізіп жіберетініңізді айттыңыз, бірақ бір күні балаңыздың сабаққа кеттім деп ойын автоматында ойнап жүргенін білдіңіз. Сіздің іс- әрекетіңіз? (диалог)
Қатысып отырған мұғалімдерге:
Сіздің балаңыздың оқу үлгерімі нашарлап кетті, мұғалімдер, сынып жетекші тарапынан шағымдар жиі айтылады, балаңыздың сабаққа барғысы келмейді. Сіздің әрекетіңіз?
5. Сергіту сәті «Кім жылдам?» Доп беру арқылы сқрақтарға жылдам жауап алу.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Мұғалімнің толық аты-жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқкиім киеді?
4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
6. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
7. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
8.Балаңыз қандай пәнді жақсы көреді?
9. Балаңыздың сыныптағы достары?
Ситуациялық сұрақтар:
1.Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
2.Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
3.Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
4.Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі оны үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?
5.Балаңыздың сабағы, тәртібі жайлы білгісі келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ,ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
6.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес. Не істейсіз?
Қосымша қатысып отырған мұғалімдерге
(Сіз асығыс қонаққа жиналдыңыз, балаңыз ертегі оқып беруді өтінді, не істейсіз?
Балаңыз сіздің ең қымбат затыңызды сындырып алды, сіздің әрекетіңіз?)
«Рефлексия» (қорытындылау)
(Ата аналарға стикерлер таратылады, тренингтен алған әсерлерін жазып, ағашқа іледі).
Тренингті формативті бағалайды, қолдырамен көрсетеді.
Мақсаты:тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
Міне, осымен «Ата-ана – бала тәрбиесінің айнасы»
атты тренингіміз аяқталды. Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді.
Сау болыңыздар!
Анықтама
2019 жылдың қаңтар айының 19 күні Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің 3 «Д» сыныбында «Ата-ана – бала тәрбиесінің айнасы» атты ата-аналармен тренинг өткізілді.
Ата-аналар тренинг бағдарламасымен таныстырылып, шаттық шеңберге тұрғызылып, топқа бөлінді. Әр топқа психологиялық анықтама берілді. Әр топ өз басшысын сайлап, топта жұмыс істеу ережелерімен танысты. Топтар өздеріне берілген тапсырмалар бойынша сұрақтарға сахналап көрсету арқылы жауап берді. Тренинг барысында «Кім жылдам?» сергіту сәті өткізілді. Ситуациялық сұрақтарға ата-аналар белсене жауап берді.
Тренинг соңында ата-аналарға стикерлер таратылды, тренингтен алған әсерлерін стикерге жазып, ағаш суретіне жапсырды және тренинг туралы ойларын ортаға салды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген