Материалдар / Тренинг "Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг "Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту тренингі. Тәжірибе алмасу мақсатында жариялап отырмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1486
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту тренинг.

Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Тренингтің сабақтастық міндеті: Ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау, өзінің даралығын бағалау, өзін құрметтеу, көңіл-күйді көтеру,сезім мен эмоцияны реттеу.

Керекті құрал: қағаз, плакат, түрлі-түсті карандаш,әуен.

Тренинг барысы:

  1. «Танысу » Есімдер аллитерациясы

  2. Сұрақ-жауап «Мақтау-жазалау»

  3. «Жанұя бақыты» жаттығу

  4. «Сөйлемді аяқта» әдістемесі

  5. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу

  6. «Тілек шамы» жаттығуы.

  7. «Сиқырлы жүрек» ой-түйін.

Бала ата-ана өмірінің жалғасы «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде , «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!»деп құдайға жалбарынган

Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжіребиенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен қөзқарастарын ғана жүгіну немесе қажетті педогогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.

Ата-аналардың педогогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтежесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.

1. «Танысу» Есімдер алитерациясы

Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңізді алдына бойында бар жақсы қасиетіннің біреуін айтып өзініз туралы қысқаша мәлімет беріңіз

Мыс: Мен нұрлы-Нұргүлмін

Мен көрікті-Әсеммін

Мен дарынды-Дидармын

2. Сұрақ-жауап: «Мақтау мен жазалау»

Мақсаты: Ата-ананың балаға деген көңілін байқау.

Нұсқау: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздер. Ал екінші жағына сөғіс жариялау кезінде қолданатын сөздерді жазыңыз. Қай бөлікте сөздердердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата-аналарға қорытынды жасау ұсынылады.

3. Жаттығу: «Жанұя бақыты»

Максаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсінік беру арқылы, ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.

Тренингтің шарты: «Бақытты жанұя» модельін. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.

4. «Сөйлемді аяқта» әдістемесі.

Мен өз отбасымды жақсы көремін себебі ...............

Отбасы бұл........................

Отбасым бақытты болу үшін......................

Отбасымда зорлық-зомбылыққа жол жоқ...........

5. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.

Бұл медиативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.

Жүргізуші: Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз,денеңізді бос ұстаңыз,денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз. Теңіз бір қалыпты дем алып,асау толқындары жағаға соғылып,қайтадан кейін қайтуда. . Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болсада арылғайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы.Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтыңын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ.Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайтыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуге, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Еркіңіздң теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істеғіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз! Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?

6. «Тілек шамы»

Мақсаты: Тренинг туралы пікіріңізді ортаға салу.

Құрметті ата-аналар ! Біз сіздермен жанұядағы ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы ошақ ұя-жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.Сондықтан оттың басы ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тәлек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

  1. Ой-түйін «Сиқырлы жүрек ».

Нұсқау: Бала тәрбиелеудегі жүрек жылуын алдарыңыздағы жүрек қағаздарға жазылу ұсынылады. Жақсы сөздер арқылы мейірімді жүрекке айналу қажет.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!