Күні:
Коуч: Гүлзира Сыздық
Өтетін орны: АКТ залы
Қатысушылар: Ата аналар
Тақырыбы: Ата-ананың баланың шығармашылық ойлау қабілетін арттырудағы рөлі
Мақсаты: Осы уақыт аралығында ата-аналарға отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру жайлы үйрету:
Нәтижесі: Ата-аналар бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелері болса, ойын ортаға салу, шешу жолы қарастырылады;
Ресурстар: АКТ, постер, маркер, стикер, таратпа материалдар, тілек ағашы
ТРЕНИНГ
|
|
Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (45 минут) |
Ата-аналардың іс-әрекеті |
|
Өту кезеңдері: Амандасу Эмоционалды-психологиялық қалыптастыру Шағын топпен жұмыс Топтық жұмыс «Өзара қарым-қатынас» тақырыбында іс-әрекет Топтық жұмыс Сұхбаттасу Топпен жұмыс Жеке жұмыс Кері байланыс |
Құрметті ата-аналар, сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеру мақсатында «Шаттық шеңбері» тренингін өткізгелі тұрмын. Ал, құрметті ата–аналар, қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз — көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз.т.б. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық. Барлығымыз өз есімінің бас әрпінен басталатын жылы, жақсы сөздерді есімімізге қоса айтамыз. Мысалы, мен жайдары Жадырамын. (5 мин)
Топқа бөлу: Күн және
жүрекшелер таратылып, екі топқа бөлу.
Кіріспе:
Құрметті ата-аналар! Бүгінгі
«Ата-ананың баланың шығармашылық ойлау қабілетін арттырудағы рөлі»
атты тренингте бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы
бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру.
Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай
жүрген мәселелері болса, ойымызды ортаға салу. Тренинг ережесімен
таныстырайын. 1. Тыңдай білу; Бейнеролик «Сен мені жақсы көресің бе?» (2 мин) Бейнероликтегідей баламыздың нені жақсы көретінін түсіну, сөйлесу арқылы білмесек, ол өзіне не керек екенін, өзін түсінетін адамды сырттан іздейді. Бірақ кей жағдайларда олар тұйық болып қалады. Ал тұйықтық кейде суицидке де әкеліп соғады. Сондықтан баламызбен ашық сөйлесуге үйренуіміз керек. Ол әлі бала деп қарауымызға болмайды. Себебі ол тұлға. (8 мин) Сергіту сәті. Бір сәтке өзімізді балаларымыздың орнына қойып, оларша бір сергіп алайық. (2 мин) - Енді кішкене сергіп алу үшін мен сіздерге «Оқып, талдап,ғибрат қыл» айдары бойынша әңгіме оқып беремін, мұқият тыңдаңыздар. (Баяу музыка ойналады.) Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады. Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады. «Балам, өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады: «Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», -дейді. -Бұл әңгімеден сіздер қандай ғибрат алдыңыздар, оны сұрақтар арқылы талдап көрелік. -Әкесі неге қарапайым талап қойды? -Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс па?
-Тақтайдың бетін немен бітеуге
болады, көңілде қалған сөздерді немен өшіруге
болады? 3-тапсырма. -Осы баланың орнында өздеріңіз
болсаңыздар не істер едіңіздер? -Жақын достарыңызды,
әріптестеріңізді, балаларыңызды ренжіткен кездеріңіз болды ма? -Сіз
өзіңіз біреуге ренжідіңіз бе? Яғни, біреуді ренжітпеу, оны кешіре
білу үшін бойымызда жақсы қасиеттер басым болу керек екен. Ал ол
сіздің балаңыздың бойында қаншалықты бар екенін білу
үшін “Менің
күнім” атты энерджайзер өткіземін.
Энерджайзер дегеніміз – психологиялық ойын деген сөз. Алдарыңызда
жатқан параққа күннің суретін салып, жан-жағына шуақтарын
салыңыздар. Дәл ортасына өздеріңіздің күндеріңіз ұлыңыз немесе
қыздарыңыздың есімін жазып сипаттап
беріңіз. (5
минут) Түйін. «Тазарту» әдісі. Терең дем алып, барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз.Өзіңізге былай деңіз: «Мен өмір сүруіме кедергі келетін барлық өкпе реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерімнен құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім». Осы жаттығуды үш рет қайталаңыз. Бір қиын жағдайға тап келсеңіз, осы жаттығуды қайталаңыз. Осы жаттығу – сіздің тазарту құралыңыз. Шынайы түрде орындап үйреніңіз, сіздің өкпелегештік қасиетіңіз жоғала бастайды. Жайланып, жақсылық жайлы ойлаңыз. Сонымен, адам бойында екі сәуле пайда болады екен. Ол ақ сәуле адам бойында басым болса, жақсылық пен мейірімділік көп жасалады. Ал қара сәуле басым болса, жамандықты көп жасайды екен. Сондықтан бойымызда ақ сәулені басым ұстап, ешкімді ренжітпеуді, ренжітсек кешіре білуді басты мақсат етіп қояйық. Өмірдегі болып жатқан нәрселерге екі жақты көзқараспен қарап, бір бірімізге кешірімді, мейірімді, иманды болайық. Құрметті ата-ана, бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жазып, мына “Тілек ағашына” ілулеріңізді сұраймын. Тренингке қатысып, белсенділік танытқандарыңыз үшін рахмет! |
Ата-аналардың топтағы әрекеті. Ата-аналар «күн» және «жүрекше» топтарына бөлінеді. . Өз ойларынша постерге бейнелейді, «Аялдама» әдісі бойынша спикер қорғайды. Ата-аналар әрекеті Бейнероликті тамашалайды Әңгіме тыңдайды Ата аналар өз-өздеріне баға береді. Әр ата-ана өз ойын спикер жапсырмалау арқылы білдіреді Сауалнамамен жұмыс Әр ата-ана өз ойын стикер жапсырмалау арқылы білдіреді
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ТРЕНИНГ «Ата-ананың баланың шығармашылық ойлау қабілетін арттырудағы рөлі»

шағым қалдыра аласыз