Тақырып бойынша 22 материал табылды

Тренинг. Бала тәрбиесі-отбасынан басталады. 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда ата-аналар жиналысының тренинг түрінде өткізілген жоспары көрсетілген. Ата-аналар жиналысын өткізуде мұғалімге көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Исатай Тайманов атындағы орта мектеп













«Бала тәрбиесі –отбасынан басталады»

/ ата-аналармен өткізілген жиналыс -тренинг/





2 «Г»- сынып жетекшісі :

З.Ж.Аманбайқызы























2019-20 оқу жылы

Ата-аналармен жиналыс-тренинг жоспары

Өткізген мұғалім: 2«Г» сынып жетекшісі,жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі: Жұмаш Зүльфия Аманбайқызы

Күні: 29.11.2019 жыл

Қатысқаны: ---- ата-ана

Тақырыбы: Бала тәрбиесі-отбасынан басталады.

Тренингтің мақсаты: Отбасында балаға жақсы тәрбие беруге ықпал етіп,ата-аналар арасында бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру; ата-ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Ата-аналар өз ойларын ашық жеткізіп, бір-бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімделеді.

Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайды.

Жұмыс түрі: Топтық жұмыс 

Қажетті заттар: маркер, плакат, сұрақтар жазылған парақшалар. Балаларының құттықтау видеоролигі.

Тренинг бағдарламасы:

1. «Мақалдың жалғасын тап »Топқа бөліну. Ережемен таныстыру

2. Топпен жұмыс«Мақалдың мағынасын ашып түсіндіру» постер қорғау

3.«1-2-3-4-5»психологиялық тренинг.

Ата-анаға сұрақ«Сіз үшін 1-5-ке дейінгі цифрлардың маңызы бар ма?Мысалы, өміріңізде кездескен маңызды оқиғаны баяндасаңыз?»д.с сұрақтар қоя отырып, ата-аналардың «2-«жаман», 5-«жақсы» көзқарастарын өзгерту.

4. Критериалды бағалауды түсіндіру. « Көбелек суретін бейнелейік»

5.Видеоролик

https://www.youtube.com/watch?v=yscYoBAFV9A

Видео туралы ата-аналардан кері байланыс алу

7.Бейнебаян. «Мың алғыс Сізге!» (Балалардың алғыс күніне дайындаған жүрекжарды лебіздері айтылған бейнебаянды ұсыну

8.Ой жинақтау

Тренинг ережесі:

1. Өз ойын еркін жеткізу.

2. Бір-бірлерінің пікірін құрметтеу

3. Белсенділік таныту.

4. Шынайылық.

5. Топтасып жұмыс жасау.

6. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу. 

Тренингтің жүру барысы: 

І.Топқа бөлу.

Ата-аналар «Бала-бауыр етің», «Әкеге қарап ұл өсер» «Қыз өссе- елдің көркі» мақалдардың қиындысын жинау арқылы топқа бөлінеді.

ІІ. «Мақалдың мағынасын ашып түсіндіру» постер жасау ( Әр топтағы ата-аналар өз тобындағы мақалдың мағынасын постерге жазып қорғайды )

ІІІ. «1-2-3-4-5» психологиялық тренинг. Алдарыңызда 1,2,3,4,5 цифрлары берілген сіз үшін өміріңізде осы цифрлардың маңызы болған естеліктеріңізді айтып берсеңіздер. Мысалы, 2 наурыз менің тұрмыс құрған күнім мен үшін 2саны - ерекше сан, т.с.с.

Күтілетін нәтиже:

Ата -ана баласына:

- «2», «3» деген төмен баға, оны алмауға тырыс, 5-ке оқысаң қалаған затыңды әперем,- деген сөздердің бала психологиясына кері әсер ететіндігін түсінеді, оны түзетуге бейімделеді.

ІV. «Көбелекті бейнелейік»

-Ендеше, қазіргі білім үдерісіндегі бағалау жүйесін қаншалықты түсініп жатырмыз? Сол үшін ата –аналарға критерийлер арқылы бағалауды түсіндіріп өтемін. Ол үшін ата- аналарға «Көбелекті бейнелейік» тапсырмасын беремін. Әр топ басқа топтың жұмысын өзінше бағалайды. Содан кейін ата аналарға критерийлер арқылы қайта бағалауды ұсынамын.

Бағалауға байланысты критерийлер:

-Егер көбелектің суреті қағаздың ортасында орналасса-1ұпай.

-Көбелектің көлемі үлкен болса-1ұпай

-Көбелектің қанаттары симметриялы болса-1 ұпай

-Көбелектің барлық мүшелерінің болуы-1 ұпай

-Ашық түстерді пайдалану-1 ұпай.

(4-5 ұпайға-«5»),(3 ұпай-«4») (2 ұпай-«3») (1 ұпай –«2»)

V. Видеоролик көрсету. Кері байланыс алу

VІ.Бейне-ролик: «»

Осы бейне-роликтен қандай ой түйдіңіздер? Оның негізгі идеясы не?

VІІ.Ой жинақтау (қорытындылау):

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой –өлкесі. – деп Абай атамыз осы өлеңінде ата-ананың қуанышы,гүлденген үміт-арманы тек перезент сүю,оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше құрметті ата-аналар қолымыздағы алтындарымызға жақсы тәрбие беріп, оларға біз ең басты үлгі бейне екенімізді ұмытпайық.

VIII. Кері байланыс парақшасы арқылы ата-аналардың ойларын қорытындылап бүгінгі жиналыс тренингке келгендері үшін алғыс айтамын.









































Сынып жиналысынан фотокөріністер:



Picture 5 Picture 1 Picture 7
Picture 9 Picture 11















































































Рефлексифті есеп



2019жылдың наурыз айының 2-ші жұлдызында өз сыныбымның кезекті жиналыс тренингі өтті. Бұл шараны сынып ата-аналарымен бірге «Бала тәрбиесі-отбасынан басталады» тақырыбында өткіздім.

Мақсаты: Отбасында балаға жақсы тәрбие беруге ықпал етіп,ата-аналар арасында бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру.

Тренингке 12 ата-ана қатысты. Алдымен ата-аналарды мақал қиындыларын құрастыру арқылы 3 топқа бөлдім. Топқа бөлінген соң ата-аналар мақалдың мағынасын ашу үшін постер жасауға кірісті. Ортаға топпен шығып, постер қорғады.Келесі кезекте ата-аналарға 1,2,3,4,5деген цифрлар жазылған ақ парақтар тараттым, 1-5 ке дейінгі сандар туралы және өмірлерінде ерекше орын алған осы сандар болса соны айтып берулерін өтіндім. Ата-аналар көбіне 1-5 ке дейінгі цифрлардың орны  отбасы, білім, бала, спорт, дос, ата-ана деген ұғыммен байланысты естеліктерін әңгімелеп берді. Енді сол сандардың бағалау формасында өздерін қалай сезінетіндіктерін байқау мақсатында «Көбелекті бейнелейік» тапсырмасын бердім. Ата-аналар бұл тапсырманы қызыға орындады. Одан кейін ата-аналардың қойған бағаларын, алдын-ала дайындалған критерийлермен бағалап көрдік..Дегенмен, кей ата-аналар бағаның арасындағы өзгерістер болғанын байқады.Ұпайдың бағаға айналғандығын өздері көріп,таңданыстарын жасырмады. Критериалды бағалау туралы түсінді.

Тренингтің соңында «Бала арманы» бейне-ролигін көрсетіп, осы бейне-роликтен қандай ой түйгендерін,оның негізгі идеясы не екендігін айтуларын сұрадым.Ата-аналар бұл видеороликтен көздеріне жас алып, толғаныстарын жасырмады.Ой-пікірлері бір жерден шықты,яғни, тек перезент сүйіп қана қоймай,оған көңіл бөліп, дұрыс тәрбиелеу керектігін айтты. Мұғалім:

-Құрметті ата-аналар қолымыздағы алтындарымызға жақсы тәрбие беріп, оларға біз ең басты үлгі бейне екенімізді ұмытпайық дей келе, 1 наурыз Алғыс айту күніне байланысты балаларыңыздың СІЗДЕРГЕ АЛҒЫС сөздері айтылған «Мың алғыс, Сізге!» атты тамаша видеороликті ұсынамын. Рефлексия жасау арқылы тренингті аяқтадым.

Тренингке жиналған ата-аналар риза болып тарқасты. 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2020
691
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12