Материалдар / ТРЕНИНГ: БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ТРЕНИНГ: БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ТРЕНИНГ: БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Міндеттері: Ата-аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2021
2734
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТРЕНИНГ
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ


Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Міндеттері: Ата-аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Қажетті құрал-жабдықтар:  Үлестірме қағаздар, сауалнама бланкілері, А3 формат, қалам, маркерлер және т.б.

Әдіс-тәсілдер: пікір алмасу, сұрақ-жауап, психологиялық жаттығулар.

Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» атты семинар-тренингімізге қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі - баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол анаға қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.

Шаттық шеңбер. Ата-аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу.

Қане бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық.

Талқылау: Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар?

Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз.

1.Танысу жаттығуы

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы бір қасиетті кезекпен айтып шығады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?

Топқа бөлу: Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.

2. Дәріс беру: «Тәрбие ісіндегі басты тұлға - ата-ана»

3. Пікір алмасу

Үш топқа тақырып беріледі. Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

III—топ. Бала үшін тәрбиеші мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.

4. Ситуациялық сұрақтар

Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

  1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

  2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?

  3. Сізге балабақшадағы тәрбиешіден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

  4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

  5. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрсыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

  6. Балаңыз қандай да бір теріс іс-әрекеттер көрсетсе, сіз қандай шара қолданасыз?

  7. Балаңыз сіздің ең қымбат затыңызды байқамай сындырып алды, сіздің әрекетіңіз?

  8. Балаңыздың тәртібінен көп ескертпе аласыз, сіздің әрекетіңіз?

  9. Балабақшадан балаңыз басқа баланың ойыншығын алып келді, сіздің әрекетіңіз?

10. Сіз асығыс қонаққа жиналдыңыз, балаңыз ертегі оқып беруді өтінді, не істейсіз?

5. Сауалнама: «Сіз қандай ата-анасыз?»

6. «Менің балам» сергіту жаттығуы

1.Тәрбиешісінің толық аты-жөні?

2.Балаңыздың досының есімі кім?

3.Балаңыздың сүйікті асы қандай?

4.Балаңызбен бірге қандай ойындар ойнайсыз?

5. Балаңызды қалай еркелетесіз?

6. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

Ата-аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.

7. Топтық жұмыс

«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты. Табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіздер тамыры ма, діңі ме, әлде бұтағы ма? Әр топқа ағаштың бөлігін таңдау ұсынылады.

Талқылау: Сіздер не үшін тамырды таңдадыңыздар, сіздер не үшін дінің таңдадыңыздар, сіздер не үшін бұтағын таңдадыңыздар? Соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар.

Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Бұтақты таңдағандар биік шыңдардан көрінуді қалайтындар.

Енді ата-аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы» - тамырды, «діңгек тобы» - діңгекті, «бұтақ тобы» - бұтақты саламыз. (музыкалық сүйемел, қалам - қағаздар)
Тәрбиешілеріңізге деген талап - тілектеріңізді мына жапыраққа жазып, ағашқа іліңіздер.
Осы ағаштың тамыры – ата-ана, діңгегі - тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді.

8. «Дыбыстар» жаттығуы

Денеңізді бос ұстап отырыңыз. Деміңізді мұрныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар дауысыңызбен «А» дыбысын айтыңыз – ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.

«Е» - Қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.

«И» - Миыңызға, көзіңізге, құлағыңызға әсер етеді.

«О» - Жүрегіңіз бен өкпеңізге әсер етеді.

«У» - Қарныңыздың маңындағы дене мүшелеріңізге әсер етеді.

«Х» - Денеңіздің тазаруына әсер етеді.

«ХА» - Көңіл – күйіңіздің көтерілуіне әсер етеді.

Осы жаттығуды жаттап алып, әркезде орындап отырыңыздар, денсаулығыңыз өз қолыңызда, эмоционалдық стреске шалдықпаудың алдын аламыз.

9. «Өтінемін» ойыны

Қатысушылар ортаға шеңбер жасап тұрады. Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
— секіріңіздер
— оң аяқтарынызды көтеріңіздер
— өтінемін, қолдарыңызды шапалақтаңыздар
— өтінемін, бір-біріңізді құшақтаңыздар
— оң қолдарыңызбен сол құлақтарыңызды уқалаңыздар
— өтінемін, отырыңыздар
— сол қолдарыңды көтеріңдер
— өтінемін, аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар

10. Релаксация

Көзімізді жұмамыз. Денемізді бос ұстаймыз. Сіздер өзен жағасында отырсыздар, судың әуелгі шуылы құлағыңызға жағып, күн шуағы денеңізді жылытады. Жалаң аяқ құмның үстінде жүрсіздер, құм аяқтарыңызды күйдіріп барады. Су денелеріңізді жеңілдетіп өзіңізді жақсы сезінудесіз. Өте жақсы дем алдық. Қандай ғажап табиғат деген, таза ауа, жұмсақ құм, жылы су, табиғат деген қандай тамаша! Кең дем аламыз, ақырын демімізді шығарамыз. Біздің басымыз артық ойлардан тазарды. Біз өзімізге күні бойға жетер жігер, қуат жинадық, біздің көңіліміз қуанышты. Енді ақырын-ақырын көзімізді ашамыз. Бір - бірімізге қуанышты сезіммен қараймыз. Біз қандай бақыттымыз! Қандай кереметпіз!

11. «Жүрек жылуы» жаттығуы

Тренингке қатысушы ата-аналар «Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім!». ..... деген ойды жалғастырулары керек. Бір-біріне деген жақсы лебіздерін білдіреді.

12. Қорытынды.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық.

Құрметті ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!



Тәрбиеші Калыкулова Д.М.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!