400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг "Балалық шақтан қызықты оқиға"

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологтарға арналған тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы
  1. Тренинг: «Балалалық шақтан қызықты оқиға»

Мақсаты: эмпатияны дамыту.

Нұсқаулық: «Сіздердің алдыңызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруыңыз қажет. Ол билеттерде «Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиғалары» жазылған. Кімге қандай билеті түссе, сол мұғалім билеттегі тапсырма бойынша жауап береді.

Талдау: Өзіңізді қалай сезіндіңіздер? Рахмет!

Психолог: Енді біз кезегімізді «Есте сақтау және зейінімізді анықтау» тренингіне берейік. (Слайдпен жұмыс).

Өте жақсы Рахмет!!!

Психолог: қалай көңіл күйлеріңіз көтерілді ма? Ал енді құрметті мұғалімдер мен сіздерден 20 сұрақтан тұратын тест алғым кеп тұр.







Тестің аты «Ашуыңызды ірке білесіз бе?»

Бұл тест 20 сұрақтан тұрады. Әр сұрақтың 3 жауабының біреуін таңдау керек. Мұғалімнің бәрі бірдей емес. Әр мұғалімнің шыдамдылығы әр алуан.

1. Егер басшымен ұрысысып қалсаңыз, татуласуға жол іздейсіз бе?

1) Әрқашан; 2) Анда-санда; 3)Ешқашан;

  1. Қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз?

1) Ішімнен ашуланамын; 2) Өз-өзімді ұстаймын; 3)Өз-өзімді ұстай алмаймын;

3) Ұстаздар сізді қандай адам деп санайды?

1) Өзімшіл және қызғаншақ; 2) Мейірімді; 3) Салмақты және өз-өзіне сенімді;

4) Егер сізге жауапты жұмыс берілсе не деп жауап бересіз?

1) Сенімсіздікпен келісім беремін; 2) Ойланбай келісем; 3) Өзімнің тыныштығым үшін келіспеймін;

5) Егер сіздің рұқсатыңызсыз мұғалім үстеліңізден қағаз алса, сіз өзіңізді қалай ұстайсыз?

1) Қатты ұрсамын; 2) Орнына қойдырамын; 3) Тағы ештеңе керек жоқ па деп сұраймын;

6) Егер сіздің күйеуіңіз (әйеліңіз) жұмыстан кешігіп келсе оны қалай қарсы аласыз?

1) Сен неге кешіктің? 2) Кеше қайда қаңғыдың? 3) Мен енді уайымдай бастадым.

7) Сіз өзіңізді машинаның рөлінде қалай ұстайсыз?

1) Алдындағы машинаны қуып жатасыз; 2)Сізге бәрібір, қанша машина озады;

3) Машинаны қатты жылдамдығына салам.

8) Сіз өмірге қалай қарайсыз?

1) Орташа; 2) Жеңіл; 3) Қатты.

9. Егер жолыңыз болмаса сіз не істейсіз?

1) Жаланы басқа біреуден көремін; 2) Көнесіз; 3) Келесі жолы абай боласыз.

10. Жастардың өзінің бос уақытын дұрыс өткізбеуіне сіз қалай қарайсыз?

1) Оларға тыйым салу керек; 2)Оларды дұрыс ұйымдастыру керек (мәдениетті демалу) 3) Солармен біз неге әуреленеміз;

  1. Егер сіздің жұмыс орныңызға басқа біреуді қойса, сіз қайтесіз?

1)Несіне босқа жүйке-жүйемді тоздырам; 2)Оның бет-әлпеті бастыққа ұнады;

3) Келесі ретте менің жолым болады;

  1. Қорқынышты киноны қалай көресіз?

1) Қорқасыз; 2) Жалығасыз; 3) Жақсы көңіл бөлем;

  1. Жолдың кедергісінен маңызды жиналысқа кешіксеңіз:

1) Жиналыста мазасызданып кетесіз; 2) Тіл табысуға тырысасыз; 3) Өкінесіз;

  1. Спорттық жетістіктерге қалай қарайсыз?

1) Жеңуге тырысасыз; 2) Өзіңізді жас сезінесіз; 3) Жеңілсеңіз ашуланасыз;

15. Егер сізді мейрамханада дұрыс күтпесе:

1) Айғай-шу болмас үшін үндемейсіз; 2) Күтушіні шақырып сөгіс бересіз; 3) Арыз кітабымен директорға барасыз.

16. Сіздің балаңызды мектепте ренжітсе:

1) Мұғаліммен сөйлесем; 2) Ренжіткен баланың ата-анасына айқай шақырамын;

3) Балаға «өзің ақылмен шеш» деймін;

17. Сіз қандай адамсыз?

1) Орташа; 2) Өз-өзіме сенімді; 3) Өткір.

18. Егер мектеп есігінің алдында әріптеспен қақтығысып қалсаңыз, ол сізден кешірім сұраса сіз не дейсіз?

1) Оқасы жоқ; 2) Көзіңе қарамайсың ба; 3) Кешіріңіз мен кінәлімін.

19. Жастардың арасындағы бұзақылыққа қалай қарайсыз?

1) Қашан бұл жастарға тыйым салынады; 2)Жүрекке тиетін жаза беру керек; 3) Тек қана жастарды кінәламау, бұл жерде тәрбиешілер де кінәлі.

20. Егер бұл дүниеге аң болып келсеңіз, қай аңды тандайтын едіңіз?

1) Жолбарыс; 2) Үй мысығы; 3) Аю.

Жауабы: 36-44 ұпай алса, мұғалім өз-өзіне сенімді, шыншыл, өмірде өз жолын таңдай білген, агрессиясы орташа адам.

45-тен жоғары ұпай алса, ол өте ашушаң, басқа адамдарға қатал қарайтын, өз-өзін ұстай алмайтын адам. Жеңіске жету үшін, биікке көтерілу үшін, ол жанұясын, қоршаған ұжымын құрбандыққа шалуы мүмкін.

35-ұпайдан төмен алған мұғалім өте мейірімді, өз-өзіне толық сенбейтін адам, оған өмірде кішкене батылдық сенімдік қажет. қалай өз жауаптарыңыздарға қанағатсыздар ма?

Психолог: енді біраз демалайық. (Слайд көрсету) «Бақыт деген».

Психолог:

Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – дей отырып, мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг сабақты аяқтауға рұқсат етіңіздер. Мұғалімдер бүгінгі тренингтерден алған әсерлерімен бөліседі.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
933
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі