жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тренинг бастауыш сыныпқа
1.Ата-ана сіздер үшін кім?
2.Мұғалім қандай болу керек?
1.Сіздер үшін бала кім?
2.Мектеп сіздердің ойларыңызша қандай болуы тиіс?
1.Сіздің ойыңызша оқушы қандай болуы тиіс?
2.Ата-анаға қандай тілектер айтасыз?
Бүгін маған сағат алтыда телефон соқшы.
Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық.
Жексенбі күні сағат үште менің туған күніме кел.
Тренинг сабақтың тақырыбы: ата-ана,мұғалім,оқушы.
Мақсаты: Ата
- ана, оқушы, мұғалімнің ынтымақтастықта
жұмыс жасауын дамыту,бала тәрбиесінің
бағбаны ата-ана мен мұғалім екенін
ұғындыру. Оқушы мен ата - ана, мұғалім
арасындағы кикілжіңді болдырмайтын
қарым - қатынас орнату бір бірінің жан
дүниесіне үңіліп, түсіне білуге,
сыйластық, мейірімділік, әділдік пен
адалдыққа шақыру.
Көрнекілік: Интерактивті
тақта, ресурстар мен стикерлер.
Қатысушылар: Ата-аналар,оқушылар және мұғалімдер.
-Салеметсіздер
ме,құрметті қонақтар?! Сіздерге ата -
ана, оқушы, мұғалімнің ынтымақтастықта
жұмыс жасауын дамыту үшін қолдануға
болатын тренинг көрсетемін. Барлығымыз
ортаға шығып айнала шеңбер құрып
тұрайық.
Қазір мен сіздермен танысу
және алдағы жұмыстарымызды жасауға
психологиялық дайындық мақсатында «Байланыс»
тренингін өткіземіз.
Әр
қатысушы өзін таныстырып, жіпті қолдарына
бір орап келесі адамға береді, ол адам
тура осылай қайталайды. Барлығы орап
болған соң Қараңыздаршы мына жібіміз
неге ұқсап тұр. Бұл адамдардың бір –
бірімен қарым - қатынасы. Біздің
мысалымызда бұл ата - ана, оқушы, мұғалім,
үштігінің байланысы. Ал енді осы байланыс
бір жерден босап шығып кететін болса,
не болар еді? Қалай ойлайсыздар?
Жақсы
барлықтарыңызға рахмет, орындарыңызға
бара берулеріңізге болады.
Бұл жұмыс
адамдардың арасындағы байланыстың
жіптей жұқа, жіңішке екенін көрсетеді.
Үштік
одақ жұмысымен өзектілігімен
таныстырайын.
Үштік одаққа тапсырмалар
беріліп, плакат таратылады:
Бұл
тапсырманың мақсаты -Мұғалім ата - ана
оқушы үштіктігін әр қырынан талдап, бір
– бірінен не талап етілетінін анықтап
алу үшін қолданылады.
Құрметті
мұғалімдер Интерактивті тақтаға назар
аударыңыздар.
Отбасы туралы,мұғалімдер мен оқушылар туралы ойларын толықтыру,слайдпен жұмыс.
Тренинг
әңгіме: "Шегенің
ізі"
Мінезі
жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім
оны түзей алмапты, қателігін айтқан
сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі
оған іші шегеге толы бір жәшік беріп:
(қалай ойлайсыздар ары қарай не
болады?)
«Маңайындағылармен әр
жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір
– бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты.
Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп
шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері
де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі
тақтайды толтыруға аса көп уақыт
жұмсамапты. (енді не болды, кім қалай
ойлайды?)Тақтайдың толғанын көргенде
әкесі оған:
«Енді
сол кісілермен жеке – жеке татулас. Әр
татуласқан сайын бір шегеден суырып
отыр», - дейді. ( сіздердің ойыңызша бала
не істер еді?) Біраз күндер өтіпті. Бір
күні қараса, қағылған бар шеге суырылып
біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап
жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына
ертіп әкеліп: (Әкесі не айтады?)«Балам,
жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына
тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді
суырғанда қалып қойған орындарын,
қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта
әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып
қалмады. Адамдармен қарым - қатынасыңды
бұзған сайын арада жаман сөздер айтылады.
Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны
тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады,
сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің
ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын
сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас
сабақ ұқтырып.
Қандай әсер алдыңыздар?
Бұл
тапсырманың мақсаты: Оқушы мен ата -
ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді
болдырмайтын қарым - қатынас орнату бір
бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне
білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік
пен адалдыққа шақыру.
Қорытынды
сөз: Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер
тек болашақ буынды ғана емес жалпы
адамзаттық қадір-қасиеттердің мән-
маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза
білімді патриот азаматтар буынын
тәрбиелеуге міндеттіміз» дейді. Ендеше
бала тәрбиесіне отбасы ,мектеп,оның
араласатын ортасы әсерін тигізбек.
Жалпы бала тәрбиесі назардан тыс
түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе.
Сондықтан да, мұғалім – оқушы - ата-ана
тығыз байланыста жұмыс жасау керек.
тренинг сабақтың тақырыбы:Үштік одақ: ата-ана,мұғалім,оқушы.
Мақсаты: Ата
- ана, оқушы, мұғалім үштігінің
ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту,бала
тәрбиесінің бағбаны-ата-ана мен мұғалім
екенін ұғындыру. Оқушы мен ата - ана,
мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын
қарым - қатынас орнату бір бірінің жан
дүниесіне үңіліп, түсіне білуге,
сыйластық, мейірімділік, әділдік пен
адалдыққа шақыру.
Көрнекігі: Интерактивті
тақта, ресурстар мен стикерлер.
Қатысушылар: Ата-аналар,оқушылар және мұғалімдер.
Жүрісі:
-Салеметсіздер
ме,құрметті қонақтар?! Сіздерге ата -
ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта
жұмыс жасауын дамыту үшін қолдануға
болатын тренинг көрсетемін. Барлығымыз
ортаға шығып айнала шеңбер құрып
тұрайық.
Қазір мен сіздермен танысу
және алдағы жұмыстарымызды жасауға
психологиялық дайындық мақсатында «Байланыс»
тренингін өткіземіз.
Әр
қатысушы өзін таныстырып, жіпті қолдарына
бір орап келесі адамға береді, ол адам
тура осылай қайталайды. Барлығы орап
болған соң Қараңыздаршы мына жібіміз
неге ұқсап тұр. Бұл адамдардың бір –
бірімен қарым - қатынасы. Біздің
мысалымызда бұл ата - ана, оқушы, мұғалім,
үштігінің байланысы. Ал енді осы байланыс
бір жерден босап шығып кететін болса,
не болар еді? Қалай ойлайсыздар?
Жақсы
барлықтарыңызға рахмет, орындарыңызға
бара берулеріңізге болады.
Бұл жұмыс
адамдардың арасындағы байланыстың
жіптей жұқа, жіңішке екенін көрсетеді.
Үштік
одақ жұмысымен өзектілігімен
таныстырайын.
Үштік одаққа тапсырмалар
беріліп, плакат таратылады:
Бұл
тапсырманың мақсаты -Мұғалім ата - ана
оқушы үштіктігін әр қырынан талдап, бір
– бірінен не талап етілетінін анықтап
алу үшін қолданылады.
Берілген тапсырмалар дайын болғанша, 3«А»сыныбы өздерінің ән шашуын тарту етеді.
Ән:
«Біз бақытты баламыз».
Құрметті
мұғалімдер Интерактивті тақтаға назар
аударыңыздар.
Отбасы туралы,мұғалімдер мен оқушылар туралы ойларын толықтыру,слайдпен жұмыс.
Тренинг
әңгіме: "Шегенің
ізі"
Мінезі
жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім
оны түзей алмапты, қателігін айтқан
сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі
оған іші шегеге толы бір жәшік беріп:
(қалай ойлайсыздар ары қарай не
болады?)
«Маңайындағылармен әр
жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір
– бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты.
Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп
шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері
де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі
тақтайды толтыруға аса көп уақыт
жұмсамапты. (енді не болды, кім қалай
ойлайды?)Тақтайдың толғанын көргенде
әкесі оған:
«Енді
сол кісілермен жеке – жеке татулас. Әр
татуласқан сайын бір шегеден суырып
отыр», - дейді. ( сіздердің ойыңызша бала
не істер еді?) Біраз күндер өтіпті. Бір
күні қараса, қағылған бар шеге суырылып
біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап
жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына
ертіп әкеліп: (Әкесі не айтады?)«Балам,
жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына
тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді
суырғанда қалып қойған орындарын,
қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта
әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып
қалмады. Адамдармен қарым - қатынасыңды
бұзған сайын арада жаман сөздер айтылады.
Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны
тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады,
сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің
ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын
сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас
сабақ ұқтырып.
Қандай әсер алдыңыздар?
Бұл
тапсырманың мақсаты: Оқушы мен ата -
ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді
болдырмайтын қарым - қатынас орнату бір
бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне
білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік
пен адалдыққа шақыру.
Қорытынды
сөз: Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер
тек болашақ буынды ғана емес жалпы
адамзаттық қадір-қасиеттердің мән-
маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза
білімді патриот азаматтар буынын
тәрбиелеуге міндеттіміз» дейді. Ендеше
бала тәрбиесіне отбасы
,мектеп,оның араласатын ортасы әсерін
тигізбек. Жалпы бала тәрбиесі назардан
тыс түспейтін
ең маңызды да өзекті мәселе. Сондықтан
да, мұғалім – оқушы - ата-ана тығыз
байланыста жұмыс жасау керек.
Коучинг
тақырыбы: «Оқушы – ұстаз – ата-ана -
үштік одақ ынтымақтастығы»
Коучинг
мақсаты: Ата-ана, оқушы, ұстаз үштігінің
ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту,
бала тәрбиесінің бағбаны ата-анамен
мұғалім екенін ұғындыру. Оқушы
мен ата-ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді
болдырмайтын қарым-қатынас орнату,
бір-бірінің жан-дүниесіне үңіліп, түсіне
білу, сыйластыққа, мейірімділікке,
әділдікпен адалдыққа шақыру.
Күтілетін
нәтиже: - өзара ынтымақтастық қатынастары
нығаяды
-
өзара сыйластық орнайды
-
үштік одақ арасындағы түсіністік
қалыптасады
-
ата-ананың мұғалімге деген сыйластығы,
түсіністігі нығаяды
-
мұғалім отбасы жағдайымен етене байланыса
отырып жұмыс істеуге қалыптасады
-
оқушының үлкенге деген сыйластығы
артады
-
оқушының өмірге бейімделу қабілеті
күшейеді.
Түйінді
идея: «Қазіргі заман талабына сай,
жан-жақты жетілген бойында ұлттық
санамен ұлттық психология қалыптасқан,
имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ
тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі
таңда отбасының, бала-бақшаның, барша
елдің, халықтың міндеті»
Н.Ә.Назарбаев.
Көрнекілігі:
Бала тәрбиесі, ата-ана, ұстаздар жайлы
қанатты сөздер, суреттер, түрлі-түсті
қағаздар, ленталар, шарлар, маркерлер,
стикерлер. Топ ережелері, топ ахуалын
көрсететін кесте.Жүрекшелер, А-3 формат
қағаздар, қолшатыр.
Коучинг
барысы,
өтілу
уақыты Коуч әрекеті Коучингке
қатысушылардың әрекеті Рессурстар
1
мин Коучингке қатысушылармен сәлемдесу
Амандасу рәсімі өтеді
2
мин Кіріспе сөз Өтілетін коучингтің
мақсаты мен одан күтілетін нәтижелермен
таныстырады. Ата-ана, оқушы, ұстаз
үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын
дамыту жайлы ой бөліседі. Слайд
2
мин «Байланыс тренингін» өткізеді
Тренингке қатысады Лента
2
мин Топқа бөледі, топ ережесімен
таныстырады, әр топ эмблемасын жасақтауға
тапсырма береді. Топқа бөлінеді, топ
ережесімен танысады, әр топ эмблемасын
жасақтауға тапсырма алады. Топ ережесі,
маркерлер, ақ қағаз.
5
мин Миға шабуыл
Ой
жинақтау тапсыр-сы «Бақа туралы аңызды»
талдайды «Бақа туралы аңыздың» мәтіні.
7
мин Ой талдау
Эссе
жазу Эссе жазуға сұрақтар беріледі.
Эссе сұрақтары
8
мин Ой толғау Постермен жұмыс жасау.
Берілген проблемалық сұрақтар арқылы
ой толғау жұмысы жүргізіледі. Постермен
жұмыс жасайды, оны қорғайды. Постер,
маркерлер.
3
мин Сергіту сәті «Жұлдызқұрт» Сергіту
сәтіне қатысады. «Жұлдызқұрт» Шарлар,
баяу музыкалық әуен.
5
мин Ой қорыту «Шегенің ізі», «Көбелек»
Ой қорыту кезеңінде «Шегенің ізі»,
«Көбелек» видео қойылымдарын көріп, ой
бөліседі. Видео қойылым
5
мин Ой түйіндеу «Отбасылық құндылық
ағашы» Ой түйіндеу «Отбасылық құндылық
ағашы» тапсырмасы бойынша берілген
сұрақтарға жауап бере отыра құндылық
ағашын жасақтайды. «Отбасылық құндылық
ағашы»
3
мин «Жүректен жүрекке» үш топ бір-біріне
жылы лебіздерін шуақты сөздер арқылы
жеткізеді. «Жүректен жүрекке» үш топ
бір-біріне жылы лебіздерін шуақты сөздер
арқылы жеткізеді. Жүрекшелер
7
мин «Бір шаңырақ астында» жұмысын
өткізеді Үш топ мүшелері бір шаңырақ
астына жиналып, ынтымақтастық құрады.
Үлкен қолшатыр, уық ретінде ленталар
пайдаланылады.
3
мин «Шаңырақ» өлеңі оқылады Тыңдалым
жасалынады. Өлең мәтіні.
2
мин Қорытындылау
Мектептің
даму жоспары №1
Тақырып:
Топтық бірлескен оқу арқылы 5-6 сыныпқа
сабақ беретін мұғалімдердің кәсіби
дамуына ықпал жасау.
Басымдық
Күтілетін нәтиже
мұғалім
оқушы ата-ана
Мұғалімдердің
бірлескен топтық жұмыс барысында
ынтымақтастығын арттыру . Бір ай көлемінің
ішінде (05.10.16.- 05.11.16.) 5-6 сыныптарға сабақ
беретін 18(31%) мұғалім топтық жұмысты
меңгереді сабақта пайдаланады. Осы бір
ай көлемінің ішіндеоқыту мен дамытуды
жетілдіру арқылы 5"А",5"Ә",5"Б",
сыныптарында оқитын 51(12%) оқушы ,
6"А",6"Б"сыныптарында оқитын
34(8%) оқушы –барлығы 85 (19%) оқушы топпен
жұмыс жасау дағдыларына 50%қалыптасады.
Осы бір ай көлемінің ішінде
5"А",5"Ә",5"Б"-сыныптарының
51(12%) ата-анасы, 6"А",6"Б"-сыныптарының
34(8%)барлығы 85 (19%) ата-ана бірлескен топтық
жұмысты 70%-75% қолдайтын болады.
Оқушы
үнін тыңдау арқылы сабақ берудің тиімді
жақтарын қарастыру. Сабақты зерттеу
тобын құру.
Нысаналы
8 «А»сыныбын белгілеу. Бір ай көлемінің
ішінде (05.10.16.- 05.11.16.)8"А"сыныбына
сабақ беретін 16(28%) мұғалім топпен жұмыс
жасаудың маңыздылығын ұғынады. Бір ай
көлемінің ішінде (05.10.16.- 05.11.16.)оқыту мен
дамытуды жетілдіру арқылы 8"А"сыныбының
19(4%)оқушысының үлгерімі 50 %артады.
Осы
бір ай көлемінің ішінде
5"А",5"Ә",5"Б"-сыныптарының
51(12%) ата-анасы, 6"А",6"Б"-сыныптарының
34(8%)барлығы 85 (19%)
мектеппен
байланыс белсенділігі70%-75% артады.
Тәлімгерлік
топ құру арқылы мұғалімдердің кәсіби
біліктілігін жетілдіру. Бір ай көлемінің
ішінде (05.10.16.- 05.11.16.)Сабақта оқыту мен
оқудағы жаңа тәсілдерді қолдануды
17(30%)мұғаліммеңгереді. Бір ай көлемінің
ішінде (05.10.16.- 05.11.16.) 5"А",5"Ә",5"Б",
6"А",6"Б" және 8"А"сыныптың
104 баласының кем дегенде 52(50%))жеке тұлға
болып қалыптасады немесе дарынды балаға
айналады. Бір ай көлемінің ішінде
(05.10.16.- 05.11.16.) 5"А",5"Ә",5"Б",
6"А",6"Б" және 8"А"сыныптың
104 ата-ананың кемдегенде83(80%)мектептің
оқу-удерісін қолдайтын ата-анаға
айналады..
Мектептің
даму жоспары - 2
Тақырып:
«Топтық бірлескен оқу арқылы мұғалімдердің
кәсіби дамуына ықпал жасау»
Басымдық
Күтілетін нәтиже
мұғалім
оқушы ата-ана
Мұғалімдердің
бірлескен топтық жұмыс барысында
ынтымақтастығын арттыру
Алты
ай көлемінің ішінде 1-11 сыныптарға сабақ
беретін 45(80%) мұғалім топтық жұмысты
меңгереді сабақта пайдаланады Алты ай
көлемінің ішінде оқу мен оқытуды дамытуды
жетілдіру арқылы 1-11 сыныптарында оқитын
352(80%) оқушы топпен жұмыс жасау дағдыларына
65%-70% қалыптасады Алты ай көлемінің
ішінде 1-11 сыныптарының 155 (50%) ата-ана
бірлескен топтық жұмысты 65%-70% қолдайтын
болады
Оқушы
үнін тыңдау арқылы сабақ берудің тиімді
жақтарын қарастыру. Сабақты зерттеу
тобын құру.
Нысаналы
4 «А», 4"Б",5"Б", 8«А», 10"А",
10"Б", сыныбын белгілеу Алты ай
көлемінің ішінде Нысаналы 4 «А»,4 «Б»,5
«Б», 8«А», 10 «А», 10 «Б» -сыныптарына сабақ
беретін мұғалімдердің кемінде 23 (65%)
мұғалім топпен жұмыс жасаудың маңыздылығын
ұғынады Алты ай көлемінің ішінде оқу
мен оқытуды дамытуды жетілдіру арқылы
нысаналы 4 «А», 4 «Б», 5 «Б», 8«А», 10 «А», 10
«Б» - сыныптарының 99 (100%) оқушысының
үлгерімі 50 % артады
Алты
ай көлемінің ішінде нысаналы 4 «А», 4
«Б», 5 «Б», 8 «А», 10 «А», 10"Б" -
сыныптарының 50 (50%) ата-анасының мектеппен
байланыс белсенділігі 70%-75% артады
Тәлімгерлік
топ құру арқылы 40(80%) мұғалімдердің
кәсіби біліктілігін жетілдіру Алты ай
көлемінің ішінде Сабақта оқыту мен
оқудағы жаңа тәсілдерді қолдануды 28
(50%) мұғалім меңгереді Алты ай көлемінің
ішінде 1-11 сыныптың 440 оқушысының кем
дегенде 220 (50%)-сы жеке тұлға болып
қалыптасады немесе дарынды балаға
айналады Алты ай көлемінің ішінде
мектептің 220(50%) ата-анасы оқу-үдерісін
қолдайтын ата-анаға айналады
Мұғалімдердің
кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып
оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін 40 (80%)
мұғалімге меңгерту Мұғалімдердің кәсіби
қоғамдастығы дамиды Сыни ойлау дағдылары
қалып-тасып, оқушылардың белсенділігі
оқуға деген ынтасы 220 (50%) оқушыға артады
Алты ай көлемінің ішінде ата-аналарымыздың
мептепке деген көз қарасы жақсарып,
сенім 220 (50%) қалыптасатын болады
Мектепте
жаңа бағдарлама идеясын тарату арқылы
мектепте 70% өзгеріс енгізу Мұғалімдер
сабақта топтық жұмыс арқылы жаңа
әдіс-тәсілдерді қолданады Кітапханамен
тығыз байланыста болып, оқушылардың
ізденісі мен білімі артады Мектеппен
тығыз байланыста орнатып,баласымен
бірге өзі де мектеп бағдарламасымен
220 (50%) ата-анатанысатын болады
Мұғалімдердің
ұстанымын 40 (80%) мұғалімге өзгерту Оқытуда
жаңа дағды 40(80%) мұғалімде қалыптасады
Оқушылардың көшбасшылығы жетіледі,ғылыми
ойлау жүйесі 220 (50%) оқушыға қалыптасады
Мектептің ішкі мәдениетін, мұғалімдердің
жалпы оқу мен оқытудағы ұстанымын 220
(50%) ата-ана қолдайды
ТРЕНИНГ
Тақырып:
Ата - ана мен бала арасындағы қарым -
қатынас
Мақсаты:
Отбасындағы ата - ана мен бала арасындағы
қарым - қатынасты үйлесімді ету, жақсарту.
Ата - ана және бала арасындағы
сүйіспеншілікті сезіндіру.
Қажетті
құрал жабдықтар: А 3 - форматтағы ақ
қағаздар, түрлі - түсті қарындаштар мен
маркерлер, қағаздан қиылған алмалар,
шарлар, ватман, музыка ырғағы.
Жұмыс
барысы:« Ой салу» ата - анаға көрсететін
презентация
1.
Психолог: Сәлемдесу сергіту: ана және
бала
Амансың
ба досым - қолмен амандасады
Қалың
қалай? – иығынан ұстаймыз.
Қайда
болдың? – құлағынан ұстаймыз.
Мен
сені сағындым ғой - қолдарымызды
жаямыз
Сен
келдің - құшақтасады.
2.
Тәрбиеші:«Сиқырлы сөздер ойыны»
Сиқырлы
сөздерді білесіңдер ме? Қандай? Барлығың
айтыңыздаршы......
-
Таңертең тұрғанда аналарың не дейді?
-
Қазір біз сиқырлы сөздердің көмегін
көреміз! Егер мен бір нәрсені істеуді
өтінемін деген сөзбен айтсам ғана
орындаңдар. Егер ұмытып кетсем,
орындамайсыңдар.
Тапсырма.
Өтінемін
қолдарыңды көтеріңдер! түсіреміз.
Қолдарыңды
жандарыңа қарай көтеріңдер!
Өтінемін
оң қолдарыңды көтеріңдер! түсіреміз
Қолдарыңды
белдеріңе қойыңдар!
Өтінемін
қолдарыңды бастарыңның артына апарыңдар
түсіреміз
Өтінемін
қолдарыңды белдеріңе қойыңдар
Өтінемін
сол қолдарыңмен оң қолдарыңды ұстаңдар!
түсіреміз
Қолдарыңды
көтеріңдер!
Өтінемін
қолдарыңды жандарыңа қарай көтеріңдер!
түсіреміз
3.
Тәрбиеші: ата - аналар үшін ойын: Өз
балаңыздың 3 жақсы қасиетін айтыңыздар.
Сіз
мақтан тұтатындай балаңыз шағын орталықта
нені үйренді?
4.
«Сөйлемді аяқта» ойыны
Алдымен
анасы, содан кейін баласы айтады.
«Мен.........
ұнатамын»
«Мен..........
ұнатпаймын»
5.
Психолог: Жұлдызқұрт ойыны. Бір - бірімізді
жақсы сезініп, бір бірімізден энергия
алу үшін бір сергіту сәтін өткізейік.
Нұсқау:
Қатысушылар бойларыңмен сапқа, бір -
бірлеріңнің алдарыңа тұрыңдар. Қолдарыңды
белдеріңе қойыңдар. Шарлар алдыңғы
қатысушының белі мен іштерінің арасына
ұсталып тұрады. Шарларды қолмен ұстап
түзеуге болмайды. Алдыңғы қатысушы
шарды, қолдарын алдыға соза отырып,
ұстайды. Сонымен, бір тізім шықты. Енді
тізім үзілмейтіндей етіп, шеңбер жасап
жүріңдер.( Қатысушылардың шарларды
түсірмей жүре ала ма екендігі, балалардың
өз әрекетін қалай үйренгендігін, біреуі
лидер рөлін алды ма екендігі
қарастырылады)
Өздеріңді
жұлдызқұрттың бір мүшесі ретінде
сезіндіңдер ме? Кім сезінді,
Қолдарыңды
көтеріңдер.
Бұл
неден көрініс береді? (мен тез жүруге
қорықтым)
6.
Психолог: Психологиялық сәт: Уақыты 5
минут
Қатысушылар,
анасы мен баласы өмірлеріндегі ең
бақытты кездерін айтады. ( Музыка ырғағы
ойнап тұрады)
7.
Тәрбиеші: «Өнеріңді сына»Ата - ана мен
бала бірігіп өнерлерін ортаға салады
1.
Биге
жақын ата - ана мен баласы «Қара жорға»
биін билейді.
2.
Спортқа жақындар бір спорт түрін
көрсетеді.
3.
Шебер қолдар бар болса, шеберлігін
көрсетеді. (сурет салу т. б.)
8.
Психолог: «Отбасы суреті». Қатысушылар
екі топқа бөлініп, бірігіп ақылдасып,
қандайда бір образды ұсынады. Ватманға
отбасы портретін салады. Салынған сурет
талқыланады.
9.
Тәрбиеші: Аналармен өзіндік жұмыс.
1.
Балалармен карта ойнауға бола ма?
2.
Егер бала сізге онымен бірге ойнауды
өтінсе, ал сіз осы кезде теледидар көріп
отырсаңыз не істеу керек?
3.
Егер ойындағы кез - келген сәтсіздік
балада қайғы мен уайым, жылауды туындатса
не істеу керек?
Тәрбиеші:
Қортынды сөз. Бала – ата – ананың үміті,
өмірінің жалғасы.
«Баламның
табанына кірген тікен менің маңдайыма
кірсін» - деп перзентін әлпештеп өсірген
ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні
- баласының алдыңғы
қатарлы
азамат болып өскені. Ата - ананың жеке
басының әсері балаға күн
сәулесімен
бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру
мүмкін емес. Сондықтан баладан жүрек
жылуын аямай, бір сәт болса да бала
көзімен қарау керек.
10.
Психолог: Қоштасу рәсімі. Қатысушылар
қағаздан қиылған алмаларды алады. Онда
әркім бір жағымды сурет салуға, не жақсы
тілек жазып, бүгінгі кешімізге естелік
болатындай етіп, мына талға ілуді
ұсынамыз.
3
сынып
(тренинг
- жиналыс)
«Ата
- ана мен баланың арасындағы махаббат»
Тренинг
сабақтың міндеті: Ата - ананың балаға
деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің
және өзгенің даралығын бағалау, өзін
құрметтеу; көңіл - күйді көтеру, сезім
мен эмоцияны реттеу; ата - ананың бала
тәрбиелеудегі оң психологиялық
көзқарасын, балаға деген жауапкершілік
сезімін қалыптастыру.
Көрнекілігі:
Интерактивті тақта, слайд.
5
Жүру барысы:
Жүргізуші:
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы
- жанұясы. Жанұялық тәрбие ата - анамен
бала арасындағы қарым - қатынастық жүйе.
Олай болса, ата - ана осы жүйені ғылым
мен өмір ретінде жан - жақты меңгеру
қажет. Ұлы данамыз Әл - Фараби ең бірінші
білім емес, тәрбиеге берілуі керек,
тәрбиесіз берілген білім адамзаттың
қас жауы деген бәрімізге мәлім. Адамға
тәрбиені атана, мектеп, қоғам береді.
Бала тәрбиесіндегі бас тұлға, алғашқы
ұстаз – ата - ана. Шыр етіп сәби дүниеге
келген сәттен бастап ата - ана нәзік те,
қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет
тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала үшін үй
ішінде, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ.
Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой.
Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің»
демекші ата - ана тәрбиесі бала өмірінде
үлкен із қалдырады. Баланың бойында
барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті
жанында жүрген достарына дейін мән
беру, табиғат сыйлаған дарыны болса
дамыту, білім алуына жағдай жасау ата
- атаның парызы.
Жүргізуші:
Тренингімізді бастамас бұрын ата -
аналар 3 түсті жүрекшелерден бір - бірден
таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті
ата - аналар бірігіп бір топ
боласыздар.
«Есімдер
аллитерациясы»
Нұсқау:
Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның
бойында бар жақсы қасиеттің біреуін
айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет
беруіңіз керек.
Мысалы:
Мен нұрлы – Нұргүлмін
Мен
көрікті - Әсеммін;
Мен
дарынды – Дидармын.
«Мадақтау
мен жазалау»
Мақсаты:
Ата - ананың балаға деген көңіл бөлуін
байқау.
Барысы:
Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы
мақтау кезінде қолданылатын сөздерді,
ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде
қолданылатын сөздерді жазыңыз.
Қай
бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында
сараптама жасалып, ата - аналарға
қорытынды жасау ұсынылады.
Номер:
Абулхайырова Дильназ (скрипка
тартады)
«Қолынан
танып біл»
Көздері
байлаулы ата – аналар балаларын тауып
алулары керек.
4.
«Жағдаяттар»
Нұсқау:
Әр топ ата - аналарына жағдаяттар оқылады.
Ата - аналар жағдаятты талдап қаншалықты
дұрыс немесе бұрыстығын айтуы тиіс.
1.
Түскі ас кезі. Отбасы жиналып, тамақтануға
отырды. Бір кезде телефон шырылдады.
Тұтқаны баласы көтерді. Әке шешесі
баласына өздерінің жоқ деп айтуын
өтінді.
: Гиперактивті баланың белгілері
Іс әрекет жасағанда тым шапшаңдық танытады Көп сөйлейді Аз ұйықтайды Ұмытшақ Шыдамсыз Зейіні тұрақсыз Мақтағанды жақсы көреді Бір жерде отыра алмайды үнемі қимыл-қозғалыс үстінде болады Жасаған іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарамайды
Жоғары мазалануы бар балалармен қарым-қатынас орнату машықтары
Ызақор балалардың келбетінен,өткір көзқарасынан, түйілген қабағынан шүркейген аузынан, түйілген жұдырығынан байқауға болады Ызақорлықтың түрлері: Дене қимылы арқылы ( қасындағы адамды ұру, жұлқылау,тістеу, шымшу т.б. ) Тітіркену арқылы ( қалшылдау,тілін шайнау,басын шайқау ) Вербальді(қорқыту, айқайлау,ұрысу)
13 Слайд 13: Ата-аналарға кеңес:
Өзінің жақсы көретін әнін қатты дауыстап айтқызу Нысананы көздеп атқызу Гүлді суарту Киімдерін немесе төсек орындарын жинату Үстел ойындарын ойнату Пәтердегі жихаздардың орнын ауыстыру және т.б. Мысықтың немесе күшіктің соңынан жүгірту Ағасымен немесе қарындасымен пікірлестіру Ашуландырған адамның суретін салып мыжып тастау Сабын көпіршіктерімен үрлеп ойнату Боксерлардын соғатын құралдарымен ойнату Үйді бірнеше рет айналып жүгірту
14 Слайд 14: Гиперактивті баланың белгілері
Іс әрекет жасағанда тым шапшаңдық танытады Көп сөйлейді Аз ұйықтайды Ұмытшақ Шыдамсыз Зейіні тұрақсыз Мақтағанды жақсы көреді Бір жерде отыра алмайды үнемі қимыл-қозғалыс үстінде болады Жасаған іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарамайды
15 Слайд 15: Қорқақ балалармен қарым-қатынас ерекшеліктері
Қорқыныш мектеп жасына дейінгі балаларға тән сезім. Қорқыныш түрлерінің неғұрлым көп болуы невроздың дамуына әкеп соғады немесе мінез құлқында ауыртпашылық жағдайлар болады. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ер балалар мен қыз балаларда әртүрлі болып келеді. Күнделікті қорқыныштарды үлкендер сөзбен түсіндіру арқылы жоюға болады.
Психологтардың айтуынша, қарым – қатынас өзге адамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған тұлғалар арасындағы әрекеттің бір түрі болып саналады. Қарым-қатынас негізінде баланың бойында өзіне тән қасиеттері, адамгершілік көзқарастары, дүниетанымы қалыптасады. Ата-ана үшін бала қаншылықты қымбат болса, бала үшін де ата-ана махаббаты мен қамқоры өте маңызды. Қарым-қатынас арқылы бала мен ата-ана арасында байланыс орнайды, ең алдымен, ол үстірт басталып, біртіндеп тереңдей береді. Бұл – отбасында орын алған сыйласымдылық пен мейірімділік, түсіністік пен еркіндіктің нәтижесінде қалыптасады. Оның ендігі бір маңызды қызметі – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас реттілігі. Бұл – жанұядағы байланысты реттейді, ата-ана тарапынан балаға бақылау орната отырып, талаптар қоюға, баланың өзіндік мінез-құлқын, тәртібін, іс-әрекеттерін, сезімдерін реттеуге, басқаруға мүмкіндік береді. Реттегіш құралы ретінде талап, бақылау мадақтау мен жазалау қағидалары, отбасы дәстүрі қолданылады. Бала өмірінде белгілі бір кезеңде қарым-қатынасқа байланысты қиындықтар туындауы мүмкін. Бірақ, мұны жүрекке тым жақын алудың қажеті жоқ. Коммуникативтік дағдылары қалыптасқан баланың бұл табысын ересектермен бірлесе отырып жетілдіру қажет. Бала тәрбиесінде, кейде еркіндік қағидаларын ұстануды жөн көреміз. Мұндай жағдайларда балаларымыз көбінесе, еркіндіктің шегін білмей өседі, қыңыр, қырсық, кірпияз болады. Ата-ананың барлық назары балада болады, баланың тағдырына, денсаулығына қатты алаңдайды, кейде тіпті, баласын ерекше талант, дарын, керемет ақылды деп санайды, сол себепті, баласына ерекше күтім мен бақылау қажет деп ойлайды.
Адам баласының өмірінде қарым-қатынас аса маңызды орын алады, онсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Қарым-қатынас жасауға деген қажеттілік адамның жаңа бір дүниені тануға және басқа адамдардың бағасын білуге деген ұмтылысынан туындайды. Психологтардың айтуынша, қарым-қатынас өзге адамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған тұлғалар арасындағы әрекеттің бір түрі болып саналады. Біздің өмірімізде барлығымыз орындауға міндетті белгілі нормалар мен талаптар бар. Мұндай талаптар балаға да қойылады. Бірақ ол талаптар мен нормалар баланың қажеті мен мүмкіндігіне сай әрі көп болмауы керек. Сонымен қатар, баланы жазалаудан аулақ болған дұрыс. Ата-ана өзінің әрбір іс-әрекеті, қимылы, көзқарасы арқылы баласына айтарлықтай әсер ететінін естен шығармаған жөн.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген