Тренинг: Бірігіп әлемді өзгертеміз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг: Бірігіп әлемді өзгертеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өзін өзі тануын, өзіне баға беру дағдыларын қалыптастыру. Топпен жұмыс жасаудағдысын бекіту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Оқушылардың өзін ‑ өзі тануын, өзіне баға беру дағдыларын қалыптастыру. Топпен жұмыс жасаудағдысын бекіту.

Керекті құралдар: плакат, қалам, түрлі түсті қарындаш.

Қатысушылар: 8 сынып оқушылары

Уақыты: _______________

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, бүгін біздің кездесуіміз әрбіреуіңе қызықты, әрі қажет болады деген сенімдемін. Бүгін біз бір – бірімізді тыңдауға өз ‑ өзімізге сенімді болуға , әрі өзімізді қорғай білуге үйренеміз.


«Танысу» атты тренингі

Мақсаты: топтағы өзара таныстықты арттырып, жағымды көңіл – күйді дамыту. Қатысушылар шеңберге орналасып, шеңбер бойынша кезектесіп, өздерінің атын және сүйікті жемісін айтады.Келесі қасында отырған қатысушы алдындағы қатысушының атын, сүйікті жемісін айтады. Келесі қатысушы екі алғашқы қатысушының айтқандарын қайталайды. Осы ырғақпен барлық қатысушылар айтылғанша , соңына дейін жалғасады. \

«Сәлемдесу » тренингі

Мақсаты: Жағымды көңіл – күй тудыру. Шеңбер бойына орналасып , қол шапалақтау, аяқ тарсылдату , арқадан сипау секілді қимыл – қозғалыстары орындалады.

«Сиқырлы сөздер » ойыны

Мақсаты: Оқушылардың сыйластығын дамыту.Бұл ойында әрбір оқушы бір – біріне сиқырлы сөздерді қолдану арқылы немесе сыпайы түрде сөйлемдер айтады.

«Үрлеме шар » тренингі

Мақсаты: Оқушылардың бірлігі мен ынтымақтастығын дамыту. Оқушылар бір қатарға тұрады, олардың әрқайсысына шар беріледі, шар алда тұрған оқушының желкесіне, артта тұрған оқушының маңдайына қойылады. Оқушылар шарды жерге түсірмеуге тырысулары керек.

Психолог бір рет қолын шапалақтаған кезде олар сол қатар бойымен қозғала бастайды. Екі рет шапалқтаған кезде жүрістерін жылдамдатады. Үш рет шапалақтаған кезде бөлмені айналып жүгіреді. Тоқтаңыздар деген кезде жайлап барып тоқтайды. Егер ойын дұрыс шықпаса, шыққанға дейін жалғастыруға болады.

« Мен басқаның көзімен » жаттығуы

Мақсаты: Топтағы ұйымшылдықты арттыру .

Қажетті құралдар: ақ парақ , қалам.

Жұмыс барысы:

Қатысушыларға парақ таратылып , оны төменгі бөлігіне аттарын жазу ұсынылады. Кейін жүргізушінің берген сұрағына қарай әрбір адамға сипаттама жазылады.

Сұрақтар :

Егер бұл адам қандайда бір жануар түрі болса...

Егер бұл адам жыл мезгілі болса...

Егер бұл адам табиғат құбылысы болса...

Егер бұл адам жиһаз түрі болса...

Егер бұл адам жеміс – жидек болса...

Егер бұл адам киім түрі болса...

Егер бұл адам құс болса...

Егер бұл адам ойыншық түрі болса...

Егер бұл адам машина түрі болса...

Егер бұл адам аптаның бір күні болса...

Егер бұл адам әнші болса...

Егер бұл адам қандайда бір түстің түрі болса...

Егер бұл адам ыдыс – аяқ түрі болса...

Егер бұл адам биші болса...

Талқылау:

Қатысушылар өз еріктеріне орай әсерлерімен бөліседі.

Қоштасу: Шеңберге тұрып , «өз құндылықтарым» мәлімдемесін дауыстап айту. « Мен ‑ бұл мен. Бүкіл әлемде дәл мендей ешкім жоқ. Маған ұқсас адамдар бар екендігін жоққа шығармаймын , бірақ дәл мен сияқты ешкім жоқ. Менің қиялдарым мен армандарым, үміттерім мен қорқыныштарым жеңістарім мен жетістіктерім, қателіктерім тек маған тиесілі. Мен өзіммен ‑ өзім доспын және өзімді жақсы көремін , сондықтан маған сәйкес келмейтіндерден мен бас тарта аламын және қажеттерін сақтап , жетілдіре аламын. Мен – бұл мен, Мен ‑ кереметпін! »

Тренинг соңында алған әсерлерімен бөліседі, қазіргі уақытта көтеріңкі көңіл күймен жүрген адамдарды сиректеу кездестіреміз.Олай болса бір – бірімізге күлімсірей қарап гүл арқылы жағымды сөз сыйлап көрейік.

Алған әсерлері талданады.

Қорытынды:

Адам денсаулығына жақсы қарым – қатынастың әсері мол. Халықта мынадай даналық сөз бар: «Адамның саған қалай қарағанын қаласаң, басқаларға да солай қара. Сондықтан оқушыларды жарасымды қарым – қатынаста болуға шақырамын»


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
1143
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі