400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг: "Біз 5-ші сыныпқа барамыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Біз 5 – сыныпқа барамыз»

Мақсаты : балалардың өз – өздерін тануға , психологиялық – педагогикалық көмек көрсету, оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін , көңіл – күйін , сыныптың ұжымдастығын, психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізу.

Сабақтың түрі : талқылау, ойын сабақ

Керекті құралдар : түрлі – түсті қағаздар , маркер , суреттер , ватман .

Сабақтың барысы :

I Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесу.

Сәлемдесу. Менің тренингтік есімім.

Шарты: Топ дөнгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр оқушы есімін айта отырып,өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады.

Жүргізуші оқушылардың бойында табылған нақты қасиеттерді саралап,қортындылай келе тренин сабақтың ережесін түсіндіреді.

ЕРЕЖЕ:

  1. Құпиялылық

  2. Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз

  3. Белсенді боламыз

  4. Бір-бірімізге ренжімейміз

  5. «қазір» және «осында» принціпі


II . КІріспе сөзі.

5- сынып дегеніміз не ?

Бесінші сынып дегеніміз – бастауыш буыннан орта буынға көшудің алғашқы кезеңі болып табылады. Бесінші сыныпта оқушылардың бейімделу кезеңі жүреді. Балада кіші мектеп жасынан өтуде психологиялық өзгерістер болады. Өйткені бастауыш сынып оқушысы бір ғана мұғалімге, бір кабинетке , яғни тұрақты қалыпқа үйренген. Ал орта сыныпқа көшкен кезде оларға бірнеше мұғалім сабақ береді. Сабақ кестесінің ауысуы, жаңа сыныптастарымен, жаңа ұстаздарымен қарым – қатынас жасау, мұның барлығы оқушының оқу мотивациясына әсер етеді. Балада мазасыздық пайда болады, сенімсіздік қалыптасады. Бастауышпен салыстырғанда сабақ үлгерімі нашарлайды. Баланың пәндік оқуға бейімделу кезеңі сәтті өту үшін оқушылардың білімге деген қызығушылығын оятумен қатар, жаңа сыныптастарымен, мұғалімдерімен қарым – қатынасына көмектесу керек.

Оқушыларға сұрақтар:

 

— 5 сынып дегеніміз не ?

— 5 сыныпта қандай пәндер оқытылады ?

— 5 сыныптан не күтесіз ?

— Мен бастауыш түлегі болғандықтан …

— 5 сыныпта мұғалім маған …

 

III. Топтық жұмыс.  «Біздің 5 сынып» суретті жаттығу.

 

Мақсаты: оқушылардың сынып туралы ойларын білу, қарым – қатынасын анықтау. Топтық суреттер арқылы оқушының ойын білу.

Оқушылар топ болып отырады. Топқа жұмыс беріледі. Оқушылар өздерінің ойларын білдіріп , презентация жасайды.

1 топқа — «Менің бесінші сыныбым»,

2 топқа — «Менің сынып жетекшім»,

3 топқа  — «5 сынып оқушысы қандай болу керек ?»

Оқушылар салған суреттері бойынша түсінік жүргізеді.

 

«Жер сілкінісі» қыздыру жаттығуы

Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші шатыр деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған балалар ауысуы керек.Жүргізуші «адамдар»деген команда бергенде, шатыр астындағы адамдар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда болғанда, барлығы орын ауыстыруы керек.

 «Менің жұлдызым».

Нұсқау: Енді көз көз алдыңызға жұлдызды аспанды елесетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кішкентай, жарық және әлсіз жарық. Біреулер үшін бұл бірнеше жұлдыз, біреулер үшін сансыз ұсақ, небір жарық, жымыңдаған нүктелер болуы мүмкін. Қол созғанда жететіндей біресе алыстап, біресе жақындап көрінуі мүмкін. Жұлдыздарға көңіл қойып қарап, ішінен өзіңізге ұнаған тамаша жұлдызды таңдаңыз. Өз жұлдызыңызға қарап, оған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізбен ұмтылыңыз, сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға жете аласыз. Оны аспаннан алыңыз да, алдыңызға жайлап қойыңыз. Жақынырақ қараңыз, оның қандай екенін есте сақтаңыз. Тізеңізді сипап, қолыңызды екі жанға созыңыз да, көзіңізіді  ашыңыз. Жұлдызыңыз сізге достық, қайырымдылық , шұғыласын шашады. Білім жолында, өмір жолында қолдау көрсетеді. Түнгі жұлдыздарды қарасаңыз олардың әртүрлі екенін көресіз. Олар әртүрлі біз бен сіз сияқты.


Рефлексия (ой қорытындылау).

«Аяқталмаған сөйлемдер».

Бүгінгі сабақта менің түсінгенім…

Бүгінгі сабақта маған ұнағаны және ұнамағаны…

Оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен аяқтай отырып, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Қорытынды:

5 сынып оқушыларының дамуы , одан әрі  қалыптасуы, үнемі дамып отырады. Оқушылардың орта буынға көшкендегі психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуының , ұстаздарға жеңіл бейімделуге , оңай тіл табысуға үйрете білуіміз керек. Сондықтанда оқушыларды дамыта түсуіміз керек. Ерекшеліктерін ескере білуіміз керек.






















Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі





Тренинг


«Біз 5-ші сыныпқа барамыз»









Педагог-психолог: Махмут М.Ж.













2019-2020 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.11.2019
1886
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі