жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тренинг "Біз біргеміз"
«Біз біргеміз» тренингі
Мақсаты: Педагогтар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, ынта-жігерін, қабілетін, шығармашылығын, біліктілік дағдыларын арттыру.
Тренингке қатысушылардың міндеті:
Тренингке белсенді қатысып, өз ойларын ашық жеткізіп, бір-бірінің пікірін құрметтеу.
Тренингтің құрылымы:
«Сәлемдесу» жаттығуы
«Кім жылдам?» жаттығуы
«Ассорти» жаттығуы
Әдістеме: «Менің мінезім»
«Қайталау» жаттығуы
«Арқанды жол» жаттығуы
Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.
Кіріспе
сөз.
Қайырлы
күн, құрметті
әріптестер,
сіздермен
бүгінгі «Біз біргеміз» тақырыбында
өткізіліп жатқан тренингімізде
кездескенімізге қуаныштымын.
1 - жаттығу «Сәлемдесу»
Қатысушылар шеңбер құрып отырады
Нұсқаулық:
Барлығымыз орнымыздан тұрып бір
бірімізбен қол беру арқылы, құшақтасып,
оң иықпен, сол иықпен, оң аяқпен, сол
аяқпен, оң тіземен, сол тіземен, балалық
еркелікті еске алып мұрын ұшымен
сәлемдесеміз.
2
– жаттығу
«Кім
жылдам» жаттығуы»
Нұсқау:
Қатысушылар
шеңбер құрып отырады. «Ауа, су, жер»
деген сөзді айта отырып, допты бір -
біріне лақтырады. Допты қағып алған
адам «ауа» деген сөзді естіген адам
құстардың, «су» деген сөзді естіген
кезде балықтардың, «жер» дегенде аңдардың
аттарын айтуы тиіс. Ойын шапшаң ойналуы
тиіс.
3 – жаттығу «Ассорти»
Қатысушыларды екі қатар сапқа тұрғызу керек.
Нұсқаулық. Қатысушылар шеңбер құрып отырады, жүргізуші қатысушыларға ортақ бір зат атауын атап, сол қатысушылардың орындарын ауыстыру керектігін айтады. Мысалы, жүргізуші: Көйлек киген қатысушылар орын ауыстырың дегенде, қатысушылар орын ауыстырып жатқанда, жетекші бос орындыққа отырып алады. Орынсыз қалған қатысушы жүргізуші болып ...... қатысушылар орын ауыстырсың деп ойын жалғаса береді.
4 – жаттығу «Менің мінезім»
Әрбір
қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны
төртке бөледі.
Әр бөлікке төмендегі
жануар, аң, құс аттарынан бір-бірден
жазып шығады.
Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой,
Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу,
Қарлығаш,
Үйрек, Бұлбұл, Арыстан,
Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі,
Тасбақа,
Жылан,Балық.
Соңында 1.
Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының арасында,
4. Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге
жазылған жануарлар, құстар адамның сол
бөлікке қатысты мінездемелермен
танысады.
Жауабы:
1.
Түйе - шыдамды
2. Жылқы - тектілік
3.
Сиыр - өкпелегіш
4. Қой - жайдарлылық
5.
Ешкі - ұйымдастырушылық
6. Ит - адалдық
7.
Мысық - биөрісі басым адамдар
8. Тауық
- шығармашыл
9. Қаз - тазалық
10. Аққу
- сезімтал
11. Қарлығаш - бауырмал
12.
Үйрек - ұқыптылық
13. Бұлбұл - әнді
жақсы көретін
14. Арыстан - қайратты
15.
Қасқыр - жігерлі
16. Түлкі - бейімделгіш
17.
Маймыл - әртістік қабілеті бар
18. Қоян
- елгезек
19. Тауешкі - талғамы жоғары
20.
Тасбақа - мейірімді
21. Жылан -
салқынқанды
22. Балық - еркіндікті
қалайды
Талдау: Жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма?
5 – жаттығу «Қайталау»
Мақсаты: естігенге емес, көргенге сену
Шарты: Қатысушылардың арасынан 5 қатысушы шығады, бірінші қатысушыға мәтін беріледі, бірінші қатысушы екінші қатысушыға оқыған мәтінді толығымен жеткізіп, екінші қатысушы үшінші қатысушыға осылай барлық қатысушы бірінші қатысушының айтқан сөзін толығымен жеткізу керек.
Мәтін: Балапумба деген ауылда Балқадиша деген апа тұрады. Сол апаның немере ағасының, баласының, баласы Күнжебұлақ деген ауылда пошташы болып жұмыс жасайды. Сол пошташыға, Балқадиша апай, Сарысұңғат ауылындағы «Күншуақ» балалар үйіне арналған, сыйлықтар салынған жәшікті Таңғыбұлақ ауылынан алып, Сарысұңғат ауылында тұратын, Қалампыр апайдың үйіне барып, екеуің сыйлықтар салынған жәшікті «Күншуақ» балалар үйіндегі балаларға сыйлықты табыстауыңды сұраймын.
Мағынасы: Отыз екі тістің арасынан шыққан сөз, өтыз екі елге, отыз екі түрлі болып тарайды. Мән жайды білгіңіз келсе сөз айтқан адамнан, өзің барып сұрап біл.
6 - жаттығу «Арқанды жол»
Мақсаты: қатысушылар арасында құрмет, сыйластық қарым-қатынасын орнату.
Шарты: Қатысушылар бір және екі реттік санымен саналып, бір- біріне қарама-қарсы қарап тұрады. Жерге екі метірлік арқан жіп төселіп, екі жақтан екі қатысушы бір-біріне қарама-қарсы жүреді, қатысушылардың мақсаты, арқаннан шығып кетпей бір-бірін өткізу.
Мағынасы: Бір мекемеде, ұжым болып жүргенсоң бір-бірімізге қарсы келіп қалатын, бір-бірімізбен ренжісіп қалатын кездер болып қалады, «Бір кемедегінің жаны бір» демекші, бір ұжымда жүрген соң бір-бірімізге құрметпен қарап, қолдау көрсетіп, жақсы ісімізді асырып, жаманымызды жасырып жүруге тілектеспін.
8- жаттығу Қорытынды «Майшам» жаттығуы.
Қолыңызға мына майшамды алып осы шамның жарығындай бір-біріңізге ыстық лебіздеріңізді білдіруге шақырамын.
Ой – толғаныс
Аты- жөні:__________________________________________
Жаттығу барысында мен нені ұқтым_______________________________
Мен үшін қажетті болғаны________________________________________
Маған ұнады___________________________________________________
Маған ұнаған жоқ_______________________________________________
Сабақ соңындағы көңіл-күйіңізді салыңыз:
«Менің мінезім»
Әр бөлікке жануар, аң, құс аттарынан бір-бірден жазып шығамыз.
1.
Түйе
2. Жылқы
3. Сиыр
4. Қой
5.
Ешкі
6. Ит
7. Мысық
8. Тауық
9.
Қаз
10. Аққу
11. Қарлығаш
12. Үйрек
13. Бұлбұл
14. Арыстан
15.
Қасқыр
16. Түлкі
17. Маймыл
18.
Қоян
19. Тауешкі
20. Тасбақа
21. Жылан
22. Балық
Жауабы:
1.
Түйе - шыдамды
2. Жылқы - тектілік
3.
Сиыр - өкпелегіш
4. Қой - жайдарлылық
5.
Ешкі - ұйымдастырушылық
6. Ит - адалдық
7.
Мысық - биөрісі басым адамдар
8. Тауық
- шығармашыл
9. Қаз - тазалық
10. Аққу
- сезімтал
11. Қарлығаш - бауырмал
12.
Үйрек - ұқыптылық
13. Бұлбұл - әнді
жақсы көретін
14. Арыстан - қайратты
15.
Қасқыр - жігерлі
16. Түлкі - бейімделгіш
17.
Маймыл - әртістік қабілеті бар
18. Қоян
- елгезек
19. Тауешкі - талғамы жоғары
20.
Тасбақа - мейірімді
21. Жылан -
салқынқанды
22. Балық - еркіндікті
қалайды
1.Үйде
2.
Жұмыста
3.Жолдастарының
арасында
4.
Өзіндік баға
Мәтін
Балапумба деген ауылда Балқадиша деген апа тұрады. Сол апаның немере ағасының, баласының, баласы Күнжебұлақ деген ауылда пошташы болып жұмыс жасайды. Сол пошташыға, Балқадиша апай Сарысұңғат ауылындағы «Күншуақ» балалар үйіне арналған сыйлықтар салынған жәшікті Таңғыбұлақ ауылынан алып, Сарысұңғат ауылында тұратын Қалампыр апайдың үйіне барып, екеуің сыйлықтар салынған жәшікті «Күншуақ» балалар үйіндегі балаларға сыйлықты табыстауыңды сұраймын.
Біз - біргеміз, берік іргеміз
(Мұғалімдермен
тренинг)
Сабақтың
мақсаты: ұжым арасындағы байланысты
нығайта отырып, эмоционалды жігер беру,
бірін - бірі кеңірек танып білуге,
қатысушылардың өз мүмкіндіктерін
шамалауға және күз мезгіліндегі
шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл
күйлерін көтеру.
1 - жаттығу Қатысушылар шеңбер құрып отырады
Нұсқаулық:
Барлығымыз орынымыздан тұрып бір
бірімізбен қол беру арқылы, құшақтасып,
оң иықпен, сол иықпен, оң аяқпен, сол
аяқпен,
оң тіземен, сол тіземен, балалық еркелікті
еске алып мұрын ұшымен сәлемдесеміз.
2 - жаттығу Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
«Кім
жылдам» жаттығуы»
Нұсқау:
Қатысушылар
шеңбер құрып отырады. «Ауа, су, жер»
деген сөзді айта отырып, допты бір -
біріне лақтырады. Допты қағып алған
адам «ауа» деген сөзді естіген адам
құстардың, «су» деген сөзді естіген
кезде балықтардың, «жер» дегенде аңдардың
аттарын айтуы тиіс. Ойын шапшаң ойналуы
тиіс.
3 - жаттығу Қатысушыларды екі қатар сапқа тұрғызу керек.
Нұсқаулық.
Барлық тапсырманы біз үнсіз жасаймыз,
мүмкіндігінше әр тапсырманы жылдам
және дұрыс жасауға ұмтылу керек.
Бірінші
тапсырма бой өлшемі бойынша сапқа тұру
керек.
Екінші тапсырма Саптың басында
1 - қаңтар, соңында желтоқсан
Туған
күндері бойынша орналасу.
Үшінші
тапсырма: Саптың басына көзі қою қара
адам тұруы керек, ал саптың соңында шашы
ең ашық түсті адам тұруы керек.
Қарсы
топ мүшелеріне тексерту керек.
4 - жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
Жүргізушінің
қолында доп болады.
Нұсқаулық: Қазір
бір бірімізге допты беру арқылы допты
қағып алған адам: Сен өмірде қандайсың?
Деп сұрақ қояды қағып алған адам өз
бойындағы жақсы қасиетін айтады. Әркім
өз бойындағы жақсы қасиеттерін айтып
шығуы керек.
5 - жаттығу. «Тиімді қарым - қатынас орнату» бағытында бейне жаттығу.
Ортаға
6 мұғалім шақырамын. Сіздерге тапсырмалар
беріледі. Тапсырмаларды үнсіз оқып,
вербалдық емес қарым - қатынас құралдарының
көмегімен жағдаяттарды ойнап шығуы
тиіс. Басқа қатысушылар не жайлы «баяндап»
жатқанын шешулері керек.
Жаттығуларды талқылау: Жаттығу қорытындысы мен рефлексия жасауда мынадай сұрақтарды қарастыру тиімді.
Жаттығудың
қай кезеңдері қиындық
тудырды?
Неліктен?
Қатысушылар
қазір өздерін қалай сезініп отыр?
Ойынды
жылдам ойнау қиын болды ма?
Жаттығудың қай кездерінде қандай сезімдер пайда болды?
Қатысушыларға
әрбір жағдайға байланысты ұсынылған
жағдайға байланысты рөлдерге таңырқаған
кездер болды ма?
Қорытынды: Ұстаздарға
жаттығу аяқталғаннан кейін рахмет
айтып, алған әсерлерімен бөлісу
керек.
Шеңбер құрып қол ұстасып
отырып, бір – біріне қарап жақсы тілектер
тілейді.
Өзіміздің жақсы ниетімізді
басқаға білдіргенде,
оның сөзсіз өзімізге қайтып оралатынын
түсінуіміз керек.
Өзіңді жақсы көре
біл» атты ұстаздарға арналған
үш күндік тренингтің жоспары
Мақсаты: Ұстаздардың
бойындағы жағымды қасиеттерді
тануға, жағымсыз қасиеттерді жоюға
көмек беру.Адам бойындағы қысымды түсіру
және масасыздық сезімдерін жою.
Тренингтің
мазмұны:
Мен, бүгін сіздермен кездесіп тұрғаныма өте қуаныштымын. Біз бүгін сіздермен демаламыз, ойнаймыз және өз-өзімізді, басқаларды танимыз. Бәрінен де бастысы осы сәтте бір-бірімізге сәттілік, шаттық, қуаныш тілеу. Қазір кім қалай осы қуанышты көрсеткісі келеді, солай көрсетеді. (амандасу)
Қорытынды:
Сіздерге кімнің сәлемі ұнады? Өздеріңізді
қалай сезіндіңіздер?
1.Ойын.
«Орынды ауыстыру»
Қазір менің айтуым бойынша тұра қаласыздар.
1.Осы жазда кім көлдің жағасына демалуға барды?
2.Кім ағашқа саңырауқұлақ жинауға барды?
3.Кім
бау-бақша өсірді?
Топта
жұмыс жасау ережелері:
Сіздерден өтінетінім жұмыс барысында шынайы болуларыңыз керек. Сіздердің көңілдеріңіз, сезімдеріңіз қаншалықты шынайы болса біздің жұмысымыз соншалықты нәтижелі болады. Топ ішінде өтірік айтуға болмайды, егер де шын талдауға дайын болмасаңыздар, онда еш нәрсе айтпайсыздар. Бірінші күннен соңына дейін қатысу керек. Өткені топтан бір адам болмаса топ ішінде қарым-қатынастың бұзылуына әсер етеді. Топ ішінде, яғни осы жерде айтылғандарды топ сыртына шығармаймыз. Не атсақ та осы топ ішінде қалу керек. Ол біздің жұмысымыздың этикалық негізінің бірі. Бір мұғалімнің мәселесін тренингке қатыспаған адамға айтып талдамаймыз. Оның барлығын тренинг барысында орындаймыз. Өз мәселесін тоқтатуға әр қайсыларыңыздың құқықтарыңыз бар. Тренингке қатысушы әр адам тек өз атынан ғана сөйлейді. Мысалы: «барлығы солай ойлайды деген болмайды. Оның орнына «мен солай ойлаймын», «мен сезінемін», «маған солай көрінеді» т.б. Бір-бірімізді сынамаймыз, өйткені осы өмірде бізді жеткілікті сынайды, бағалайды. Топ ішінде бір-бірімізді түсінуге тырысамыз.
2.Әңгіме
Қазір мен сіздерге бір жас адам туралы әңгіме оқып беремін.
Ертеде
бір жас адам өмір сүріпті. Оған жаңа
заманауи өмір ұнамаған екен. Ол осы
өмірді өзгерту үшін қолынан келгенді
жасайды. Бірақ әлем өзгермейді. Ол адам
алтын медальмен мектепті және халықаралық
қатынас институтын бітіреді. Дипломат
болады, өзінің күшіне сеніп әлемді
өзгерткісі келеді. Он бес жылдан кейін
байқайды-әлем әлі өзгермеген. Содан ол
өзінің туған қаласына келіп өзінің
армандарын іске асырады. Көптеген
адамдарға үй салып береді, барлығының
материалдық жағдайын жақсартуа күшін
аямайды. Он жыл уақыт өтеді. Өкінішке
орай әлем әлі өзгермеген. Қаладағы өмір
сол қалпында, адамдар да сол қалпында.
Содан кейін ол адам өзінің отбасы
мүшелерінен бастағысы келеді. Бірақ
бес жыл өтсе де барлығы өзгеріссіз.
Сонда ол өзі өзгеріп, өзінің көзқарастарын
өзгертеді. Адамдарға деген көз қарасын
өзгертті. Сонда ол әлемнің, қоршаған
ортаның өзгергенін таңырқап байқаған
екен.
Дискуссия: «Өзіңді өзгертіп алға ұмтылып, өсу керек пе?»
3.Ақпараттандыру.
«Өзіңді таны»
Барлығымен жақсы қарым-қатынас жасау үшін, бірінші өз-өзімізбен жақсы қарым-қатынас болу керек. Біздің өзімізде болатын психосоматикалық аурулар (басым ауырып тұр, жүрегім,ішім неге екенін білмеймін) ал сосын соматикалық. Бірақ есте сақтау керек өзіміз туралы көп ойласақ, «Мен кіммін» деген сұраққа жауап беру қиын.Кейбірде өзімізді данышпан деп санаймыз, ал екінші күні өзімізді құбыжық ретінде көретін кездеріміз де болады. Сондықтан да өзімізді танып, қабылдап, өзімізді сүйе білсек адам шынында да өз-өзінің басшысы болады.
4.«Біздің
өмірімізден», «Мен кіммін?!» жаттығулары.
Параққа «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап жазыңыздар. Жауап шын болу керек. Соңында өзіндік презентация болады.
Қорытынды: Жауап 8-ге дейін болса, сіз әрдайым тығылып жүресіз, ашылмайсыз.
10 және одан жоғары болса, жоғары деңгей, өзіңіз туралы ойлайсыз және ұялмайсыз.
20-дан артық болса, өз-өзіңізді алдадыңыз.
Енді жазғандарымызды оқиық. Барлығы былай басталуы мүмкін: Мен мұғаліммін, мен анамын. Бұлар жалпы рөлдік биографиялық мінездемелер. Бұл барлығы әлеуметтік рөлдер. Жеке тұлғалығымыз қайда? Біз күнде мұғалімнің маскасын киеміз, ал негізінде біз барлығымыз өзімізді жақсы көретін тұлғамыз, өзімізге деген сүйіспеншілікпен сіздерді барлық әлем жақсы көреді. Сондықтан да әр адам жеке тұлға және барлықтарыңыздың бір қасиеттеріңіз бар және сол үшін өздеріңізді жақсы көресіздер.
5.Жаттығуды
қайталау. «12-Мен»
Көздеріңізді жұмып, еш нәрсе ойламай тағы өздеріңізге «мен кіммін» деген сұрақты қойып, жауап жазыңыздар. Оймен бөлісу, енді қандай жауаптар берілді? (талдау).
6.«Мен
қандаймын» жаттығуы.
«Мен кіммін» деп жазған қасиеттеріңізді бөліңіздер. Мен-физический
Мен-интеллектуалды
Мен-эмоционалды
Мен-әлеуметтік
Егер де бөлінген қасиеттеріңіз біреуінен 1-2 балға артық болса, онда сіз адеквантты адамсыз және өзіңізді барлық қырынан қарайсыз.
Егер
тұлғалық қасиеттеріңіздің біреуі көп,
келесісі аз болса, сіздің қоршаған
ортаға пайдаңыз тимейді және басқалармен
қарым-қатынас жасауда өзіңіздің зияныңыз
тиеді.
7.Ақпараттандыру.
Ұлы физиолог Павлов былай деген екен: Түс көру-біздің тұлғамыздағы ішкі әлем бейнесі. Ал Фрейд айтқан екен-түс көруде әр адамның орындалмаған тілегі көрінеді деп. Біздің түсімізге кірген барлық нәрселер біздің тұлғалық бейнеміз.
Қазір
мен сіздерге күрделі жаттығу ұсынғым
келіп отыр.
8.Релаксация.
Жұмысты бастамас бұрын тыныш әуенді музыкамен релаксация өткізейік.
«Терең
демалыңыздар демдеріңізді шығарасыздар.
Сезініңіздер қаншалықты денелеріңіз
босансып қалды. Осы қалыпта сіздер күш
жинаңыздар. Осы күйде болып, рахаттаныңыздар.
Терең демаламыз, жайлап демімізді
жұтамыз үшіншіде көзімізді ашып,
демімізді шығарамыз».
9.«Түс
көру әлеміне саяхат» жаттығуы.
1. Сіздерге таныс емес кең, жазықты далада келе жатырсыздар. Не көріп тұрсыздар? Нені сездіңіздер?
2. Алдарыңызда биік тау, тауға көтеріліңіздер. Қалай көтерілесіздер? Өздеріңіз бе немесе біреу көмектесе ме? Көтерілу қиын ба, оңай ма? Қай жердесіздер: тау бөктерінде, ортасында, таудың басында.
3. Таудан сарқырама ағып жатыр. Ол қандай?
4. Әрі қарай бара жатырсыздар, үй көріп тұрсыдар. Үйді мұқият қараңыздар: шатыры қандай, қабырғасы, терезесі, есігі қандай.
Үйге кірдіңіздер, ішіне қараңыздар. Үй сіздерге ұнады ма? Дем аласыздар.
5. Сіздер көпірдің үстінде тұрсыздар. Менің шапалағымнан кейін-ойыңызға кез-келген есімді айтасыздар. Кездесуді суреттеңіздер.
6. Қазір сіздер үңгірдің жанында тұрсыздар. Үңгірдің жанында ағаш тұр. Бұл қандай ағаш, жапырағын, тамырын қараңыздар. Осы кезде үңгірден белгісіз жануар шықты. Енді сол ағаштың артына тығыласыздар. Ол қандай жануар, бақылайсыздар. Сіздер не сезіп тұрсыздар?
7. Енді сіздер вулканның жанында тұрсыздар. Қазір вулкан атқылайды, өздеріңізді қалай сезіп тұрсыздар.
8. Африкалық саваннадасыздар. Әрқайсыларыңыз арыстансыздар. Саваннаның ішінде келе жатырсыздар, сіздер осы шекараның қожайынысыздар. Алдарыңызда 1 немесе бір топ адам келе жатыр, олар сіздерге ұнамсыз адамдар. Сіздер олармен не істесеңіздер де өз еркілеріңізде, сіз білесіз, өйткені бұл жер сіздікі. Ойша суреттеңіздер не істейсіздер?
9. Сіздер жолмен келе жатырсыздар. Күн батып бара жатыр. Қалаға дейін әлі алыс. Бір кезде машинаның тоқтағаны естілді. Машинадан жүргізуші шығып сізді жеткізіп салайын деді. Жүргізуші қандай? Машина қандай? Сіздер ол жүргізушіге байланысты не сездіңіздер?
10. Міне енді өз үйлеріңіздесіздер. Сіздер анық білесіздер, үйде жер асты подвалы бар. Сол подвалда ескі кітап бар, сіздерге сол кітапты алу керек. Сіздер кітапты алдыңыздар. Мен шапалақтаған кезде кітапты ашасыздар. Бірінші бетінде сіздерге бүгінгі күні нені білу керек сол жазылып тұр.
Рефлексия: Сіздер кітаптың бірінші бетінен не оқыдыңыздар?
Қорытынды:
-Бүгін не білдіңіздер?
-Сіздердің сезімдеріңіз, түйсінулеріңіз қандай болды?
10.Жіппен
тілек.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген