400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тренинг. БІЗ БІРГЕМІЗ!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг. БІЗ БІРГЕМІЗ!Топтарды ынтымақтаныстыруға,қарым-қатынас дағдыларын дамытуға,өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға,көңіл күйін көтеруге бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Біз – біргеміз!» тренингі

Мақсаты: Бұл тренинг топтарды ынтымақтастыруға, қарым-қатынас дағдысын дамытуға, өз-өзіне деген сенімділігін, жағымды қатынасты арттыруға, көңіл-күйлерін көтеруге бағытталған. Тренинг жаттығулары студенттердің бірін-бірі түсінуін, өзін жетілдіру, өзін-өзі тануын дамытады.

Педагог-психолог: Қайырлы күн, құрметті студенттер! Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі тренингте тынығуға, ойнауға, өзімізді, бір-бірімізді жете тануға мүмкіндік болады.
Сіздерді топтық жұмыс ережесімен таныстырып өтейін:
— «қазір және мұнда»;
— шынайы болу;
— жауапкершілік;
— «тыңдап ал, содан кейін айт»;
— белсенді болу.

«Бір күнгі танысына, қырық күн сәлем» дегендей, біз бүгін бір-бірімізбен дәстүрден тыс амандасудың түрлерін көрсетейік.
Бір-біріне күлімсірей қарап алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу.
Оң жақ, сол жақ тізелерін түйістіріп амандасу.
Оң жақ, сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу.
Бастарын бір-біріне тигізіп сәлемдесу.

Қалта толы кәмпит жаттығуы

Мақсаты:Топтың көңілін көтеру,өзін-өзі тануын дамыту.

Нұсқау: Қалта толы кәмпит (не басқа да тәтті) беріңіз. Біреуі барлығына үлестіріп шыға ма, өздері бөліп ала ма – оны еріктері білсін. Тек басты шарты: тәтті ешкімге жетпей қалмауы керек және қалтаны босату қажет. Талап орындалған соң, келесі шартымен таныстырасыз. Кімге ең көп тәтті түскенін анықтаңыз. Біреуге 2 кәмпит, біреуге 5 кәмпиттен тиюі мүмкін. Енді ең көп тәтті алған адам қолындағы кәмпитінің санына қарай өзінің жақсы қасиеттерін айтып шығады. Мысалы: 4 кәмпиті болса, мен ақкөңілмін, сабырлымын, мейірімдімін, жайдарымын деп өзінің төрт жақсы қасиетін айтуы тиіс. Тәттілер бір жағынан ойынға арқау болса, екінші жағынан бақыт гормондарын көбейтіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, тренингті асқан құлшыныспен тыңдауға жетелейді.

«Қар шиыршықтары» жаттығуы

Нұсқау:Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз.Оның оң жақ жоғары бұрышын жыртып аламыз .Тағы да бүктейміз , оң жақ жоғары бұрышын жыртып аламыз.Тағы да ортасынан бүктеп , оң жақ жоғары бұрышын жыртамыз.Осылай мүмкіндігінше жалғастыра береміз.Енді өзіміздің әдемі қар қиыршықтарымызға қарайық.

Талдау: Кімде бірдей , Таптыңыздар ма ? Жоқ.Себебі неде деп ойлайсыңдар ?

Не себепті бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра , қиыршықтарымыз әртүрлі шықты?

- себебі , әрбіріміз әр түрлі адамдармыз , жан дүниемізде әр түрлі , біздің жүріп өтер өмір жолымызда әр түрлі болмақ.

Телефон жаттығуы

Нұсқау:Қатысушылар бірнеше топқа бөлінеді. Ұйымдастырушы неше топ болса, сонша жаңылтпаш дайындап әкелуі керек. Ойыншылар бірінің артына бірі қатарға тізіліп тұрады. Бірінші тұрған адамға жаңылтпаштарды сыбырлап айтасыз. Барлығы толық естіген соң, топтар ойынды бірге бастайды. Әп дегеннен жылдамдатып артында тұрған адамға жаңылтпашты сыбырлап айтып жеткізуі керек. Қай топ бірінші аяқтап және қатесіз айтса, сол топ жеңімпаз атанады. Жаңылтпаш қатардың соңына дейін жеткенше, сан құбылып, бастапқы қалпынан мүлде өзге сөздер шығады.

  1. Зура зурнада ойнайды,

Зурнада бір ғана Зура ойнайды деме,
Зара да, Зере де зурнада ойнайды.

2.Құрақ құрап көрпе көктеді,

Қырық құрақ көрпе көктеді

Түйін: жаңылтпаш сияқты кез келген жаңалықты әркім әрқалай естиді, әркім өз шамасынша түсінеді, әртүрлі қабылдайды, басқа адамға естігенінен басқаша жеткізеді, мұны қате екенін өзі де білмеуі мүмкін. Сондықтан естіген сөзіміздің барлығын шын деп қабылдауға болмайды. 

«Сағат бойынша достар» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, топ ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Нұсқау: Қазір әрқайсыларыңа жауап парақтары таратылады. Онда сағаттың суреті бейнеленген. Сендер осы әр сағат нөмірінің қасына группаластарыңыздың есімдерін жазып шығыңдар. 
Әр нөмірге жазылған оқушымен келесі нұсқауларды орындаңдар.
Күлімсіреңіз 
Қолын қысыңыз 
Арқасынан қағыңыз 
Комплимент айтыңыз 
Қол бұлғаңыз 
Көзіңізді қысыңыз 
Қол ұстасып 3 рет секіріңіз 
Бір тілек айтыңыз 

Воздушный поцелуй
Массаж жасаңыз 
Арқаларыңды сүйкеңдер.
Құшақтаңыз. 
«Сенімді құлау» жаттығуы
Мақсаты: топ мүшелерін жақындастыру, өзара сенімді қарым-қатынас орнату.
Тапсырма: қатысушылар шеңберге тұрады. Ортаға бір қатысушы шығып көзін жұмады да арқасымен құлайды. Топтың әрбір мүшесі кезекпен орындайды.
Жаттығуды талқылау сұрақтары:
Нені жасау оңай болды, құлаған адамды тосу ма, әлде өзіңіз құлау ма?
Қандай сезімде болдыңыз?
Шынайы өмірде осындай жағдайларды қай кезде басыңыздан өткердіңіз?
Қатысушылар тапсырманы орындауда ненің көмектескенін немесе не кедергі болғаны туралы ой бөліседі.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 қараша
422
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі