Материалдар / Тренинг «Біз біргеміз» 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг «Біз біргеміз» 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану. «Дос», «достық» адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2021
1706
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Арқалық қаласы білім бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Shape1

Тренинг

«Біз біргеміз»

(1 «А», «Ә», «Б» сынып)

Педагог-психолог: Отарова Н.Т

2021-2022 оқу жылы

Тақырыбы: « Біз біргеміз» атты тренинг

Мақсаты: Балаларың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану. «Дос», «достық» адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу

Міндеті: —Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру.—Айнала қоршаған адамдарғатілеулес, ізгң ниеттерін дамыту— Мейірімділікке, жауапкершілікке, сезімталдылыққа тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдері: Әңгіме айту, талдау, сұрақ-жауап ойыны.

Көрнекіліктер: слайд, интерактивті тақта, доп, тәтті канфеттер

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық  екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді.

Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

Әңгімелесу (Сұрақтар)

Достықты, татулықты қалай түсінесіңдер?

Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіндер?

Досыңа көмекті қалай көрсетуге болады?

Досыңның көп болғаның қалайсын ба?

Жағдаятты шешу( Суретке қарап)

Мұндай жағдайда ұл баланың не істегені жөн еді?

Сендер қалай ойлайсыңдар, қыз балаларға қалай достасуға болады?

Топтық жұмыс орындаймыз. Дос туралы талқылаймыз.

Сергіту сәті

Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды(әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.

«Кім жоғын табу» ойыны.Ойыншылардың барлығы көздерін жұмуы керек. Осы уақытта жүргізуші бір баланың иығынан түртеді, ол дыбыссыз жәй кетіп қалады. Жүргізуші белгі бергенде барлығы көздерін ашып, кім жоқ екенін тауып алуы керек. Кім жоғын ең бірінші кім тауып алса, сол жеңімпаз болады. Ойын есте ұстау қабілетін және бақылауды тексереді.

« Менің көңіл-күйім » ойыны

Мақсаты : көңіл-күйін игере білуге және басқаруға , қадағалауға , дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу

- Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .

«Есте қалған қызықты оқиға» ойыны

Топ дөңгеленіп отырып , қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп , есте қалған қызықты оқиғаларды айтады

Топпен ән айту «Дос болайық бәріміз»

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбектікті сүйіңдер!

Қайырмасы:

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

2.Қайраттанып қарышта

Озып шыққан жарыста

Батыл бас, жас ұлан!

Озып шыққан жарыста

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Хаттама

Тақырыбы: « Біз біргеміз»

Мақсаты: Балаларың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану. «Дос», «достық» адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу

Міндеті —Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру.—Айнала қоршаған адамдарғатілеулес, ізгң ниеттерін дамыту— Мейірімділікке, жауапкершілікке, сезімталдылыққа тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдері: Әңгіме айту, талдау, сұрақ-жауап ойыны.

Көрнекіліктер: слайд, интерактивті тақта, доп, тәтті канфеттер

Сыныбы:1 «Ә»

Қатысқандар:18

Қатыспағаны:6

2021 жылдың қазан айында «Біз біргеміз» атты тренинг өткізілді.Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып доп арқылы бір біріне жылы сөз айттыздық.Достық туралы мағұлматтармен бөлісіп оқушыларға интелективті тақтадан Достықты, татулықты қалай түсінесіңдер? Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіндер? сынды сұрақтар қойып оқушылармен талқыладық.Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларға көңілді смайлк тараттық. Оқушыларға интелективті тақтадан жағдаяттар суретімен көрсетілді.Оқушылар белсене отырып пікір талас арқылы жағдаяттарды шешті.Одан әрімен таққаға дос деген ұғымның мәнін ашып талқыладық.Сергіту сәтін жасап, топпен «Дос болайық бәріміз» атты өлеңді хормен айтып сабағымызды аяқтадық.

Шешім: тренинг қойылған мақсатқа қол жеткізілді.Дос,достық туралы түсініктерін кеңейтті және достықты бағалауды үйренді.

Сыныбы:1 «б»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!