Материалдар / Тренинг "Біз үрейден құтыламыз!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг "Біз үрейден құтыламыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тренинг ОЖсб-ға психологиялық тұрғыдан дайындалуға көмектеседі. Оқушылар бойындағы үрей деңгейін төмендетуге, қпсихологиялық қысымды азайтуға әсер етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2019
1109
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Біз үрейден құтыламыз»Мақсаты: Жағымсыз уайымды жеңу, бойдағы қорқынышты төмендету техникасын меңгерту, эмоциялық қобалжуды басу.«Есімім және қорқынышым» техникасы- есімін және оның басқы әрпінен басталатын өзіне тән қасиетті айту қажет. (2 мин)Негізгі бөлім.«Лимон»жаттығуыМақсаты: Бұлшық еттің жиырылуын және босансуын басқару. Ыңғайланып отырыңдар: қолдарың тізелеріңе, алақандарың жоғарыда болсын.Иықтарың мен бастарың төмен түскен, босаңсыған, көздерің жұмулы. Сенің қолыңда лимон жатыр деп елестет. Оны жайлап қыс, лимонның сөлі шыққанша оны қыса түс. Қолыңды босансыт. Өз сезімдеріңді еске сақтаңдар. Енді лимон сенің сол қолыңда деп елестет. Жаттығуды қайтала, тағы да босаңсыт та, өз сезімдеріңді есте сақта. Енді жаттығуды екі қолыңмен бірдей жаса. Босаңсыт. Тыныштықта отыру рахатын сезін.Рефлексия: Не сезіңдіңдер?ОЖСБ-да мен неден қорқамын?» жаттығуы:1-нұсқа: Сіздің жазғаныңызды ешкім оқымайды, іштей айта алмай жүрген ой болса қағазға түсіру, бүгінгі күні сізді қандай қорқыныш мазалап жүр, бәрін толық қағаз бетіне түсірейік. Сонда басымыз босап, оны төмендету жолын қарастыруға мүмкіндік алады. Асықпай шынайы болып, толық жазуға мүмкіндік алу.ІІ- нұсқа: Сол жазғаны бар қағазды ішке бүктеп жүрекке қою. Тағы да бір іштей қайталап шығу. Мен өмірде неден қорқамын? Еске түсіріп, сол сезімде болу. Ал сол жазған нәрсе болды дейік сонда не болмақ. Біз неден қашсақ не болмақ. Қашпайық қорқынышты қабыл алайық. Енді ары- қарай не болмақ?ІІІ- нұсқа: ҰБТ- тапсыру соңғы баспалдақ па? Одан өтпей қалсақ не болмақ? Келеңсіз жаңддай туралы әңгіме ету. Өзін шарасыз сезіну. Кез келген сәтсіздіктің жақсы жағын ала білуге болады. Ғұлама адамдардың өмір жолы алғаш сондай сәтсіздіктен басталған, ол ерте есеюге шынықтырады. Өмірде ең жақын нәрседен айырылғаннан гөрі, басқаша өзіңді шынықтырған жақсы. Міне жүректегі қойған қағазды жерге төмендете отырып тастау керек. Сізде сондайды болдыртпауға толық мүмкіндік бар. Күнделік қандай жаман ой келсе, соны тоқтатып: «Мен күш- жігерімді сала отырып дайындалып, қалаған бағаны тесттен алып шығуға лайықпын» деп өзіңді қайрап отыру керек. Психологияда оны аффирмация- бекіту сөзі дейді. Футболист допты түзу қақпаға жіберу үшін күнделікті қанша мәрте теуіп, боксшы бұлшық етті шығару үшін грушаны қанша ұрып жаттығады. Сол сияқты болатын жауапты іске алдын –ала дайындық болса, іштей өзіне сеніп соны жеке күшіңмен алып шығуға болатынына алдымен өзің, екінші ата-анаң сенуі керек. Сонда сенің бағындырмайтын белесің болмайды. «Қорқыныштың суретін сал» жаттығуы (10 минут)Қажетті құралдар: түрлі-түсті қарындаш, фломастер немесе бояу, А4 форматындағы ақ қағаз.Нұсқау: қатысушыға бойдағы қорқынышының суретін салып оған ат беру ұсынылады. Олар өз кезегімен суреті жайында әңгімелейді. Твлқылау жүреді. Одан кейін қорқыныштан құтылудың бірнеше нұсқасы ұсынылады:-суретті (қорқынышты) майдалап жырту, мыжу, т.с.с.-суретті қосымша аяқтау арқылы, оны күлкілі суретке айналдыру;-өзіне ұнайтындай мейірімді қылып безендіру;-суретті жүрек тұсына қойып , бойдағы қорқынышты толығымен қабылдап, оны төмен жіберіп аяқпен талдау.Сұрақтар:Суретте не бейнеленген? Ол туралы толық айтып беру.Сурет салу кезінде қандай сезімде болдыңыз?Қорқынышты төмендету, бұдан қандай тәсілді таңдауға болады. Қазір ол қандай?Одан құтылу кезінде қандай сезімде болдың?Бойдағы қорқынышқа қатынасың, көзқарасың өзгерді ме?Кері байланысБүгінгі кездесуден не алдыңыз? Ішкі көңіл-күймен бөлісуін өтіну.Қорытынды сөз:Психолог. Құрметті оқушылар алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. Бір-бірінің қолдарыңды ұстап жоғары көтеріңдер, біркелкі хор дауыспен «Біз ОЖСБ-ға сеніммен барамыз!» деп айқайлаңдар.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!