Материалдар / Тренинг элементтері қолданылған жаттығулар кешені
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг элементтері қолданылған жаттығулар кешені

Материал туралы қысқаша түсінік
педагог-психологтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2021
506
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Өмір қымбатсың сен маған!»

Мақсаты :

өмір  адам  баласына  бір ақ  рет  берілетін  қымбат  сый  екеніне ықпал  ету.

- адам  бойында  болатын асыл  қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік  сезімдерін  дамыту . Жақсы  қасиеттерді  үйрету, жаман  қасиеттерден  жиренту .

- балалардың  ойын  ашу , өмірге  деген  көзқарастарын  қалыптастыру .

Көрнекілігі: слайд, бейнеклип

Барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі Мейрамбек Бесбаев Ғажайып өмір күй

2. Кіріспе сөз  

   Өмір деген тұрмайды қап-қарадан Ш. САРИЕВ

Өмір деген тұрады: Таң мен Кештен,

Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.

Құпия, жұмбақ, сырлы дүниеге,

Адамдар Армен келіп, Армен көшкен.

Өмір деген екі өзен: Мұң – Қуаныш,

Толқыны: Шындық – Жалған, Күлкі – Намыс.

Бір таяздап, өмірде бір тереңдеп,

Бір лайланып, өмірде бір тұнамыз.

Күн десең де, тірлікті түн десең де,

Өмір дәмі – екі дәм: Улы – усыз,

Тірлік татып жатады шулы – шусыз.

Кез келіп тағдырына келеді Адам,

Жұмыр Жер құрлығында сулы – сусыз.

Өмір әр кез ашық Күн, Бұлт та басқан.

Өмір деген тұрмайды: Қап-қарадан.

Өмір деген тұрады: Ақ – Қарадан,

Ақ – Қара, екі арасын ашып өтіп,

Арымен өз бақытын тапқан Адам!

Ақын «ақ» және «қара» деп нені меңзеп отыр?

Қай уақытта адам өмірі «аққа» толы болады?

Мына өмір бірақта қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.
Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.

Сұрақ жауап


-         Өмір  дегеніміз не , қалай  түсінесің ?

-         Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?

- Өмір адамға несімен қымбат?

-         Сіздер өмірде өздеріңді   бақыттымын деп санайсыңдар ма ?

-         Егер  саған  біреу  қатты дауыс  көтеріп  ұрысса , сен  не  істейсің ?

-         Келешекте  сіздер өз  өмірлеріңізді қалай  құрар  едіңіздер ?


3. Бейнеклип «Ол да өтіп кетеді» , «И это пройдет»

Өмір деген –алланың берген сыйы. Өмірдің ащы да, тәтті кезеңдері болады.Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы , жарқын өмір сүруі тиіс.

Өмірдегі  кездесетін  сәтсіздіктерді  уақытша  қиындық  деп  қабылдау  керек. Әр  нәрсенің  ақырын  шыдамдылықпен  күтіп , не  істесеңде  ойланып  істеуге  үйрену  керек.  Сабырлы , шыдамды , төзімді  болуды  үйрен .

  Өмірде  бәріде  өткінші  екенін  ұмытпа .


4- Аяқталмаған сөздер

Ең бастысы - жүрегің таза болсын;

Өмір - сенің мүмкіндігің,пайдалана біл;

Өмір - сұлулық,сүйсіне біл;

Өмір - арман,жүзеге асыр;

Өмір - парыз,орындай біл;

Өмір - ойын,ойнай біл;

Өмір - байлық,бағалай біл;

Өмір - махаббат,ләззат ала біл;

Өмір - құпия,сырын аш;

Өмір - қайғы,көтере біл;

Өмір - күрес,жеңе біл;

Өмір - бақыт,баянды ете біл.

5- БЕЙНЕКЛИП Құдық

Өмірдегі  кездесетін  сәтсіздіктерді  уақытша  қиындық  деп  қабылдау  керек. Әр  нәрсенің  ақырын  шыдамдылықпен  күтіп , не  істесеңде  ойланып  істеуге  үйрену  керек.  Сабырлы , шыдамды , төзімді  болуды  үйрен .

  Өмірде  бәріде  өткінші  екенін  ұмытпа .

6-  Жағдаяттар.

Төменде берілген жағдаяттарды сен қалай шешер едің. Осы баланың қабылдаған шешімі дұрыс деп ойлайсын ба? Дәлелде. 
Жағдаяттар: 
1. Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде өмір сүрүге жағдай жоқ, қара нан мен қара шайдың өзі сирек кездеседі. 
2.Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалады. Шешімі қоштасу болады. 
Жауабы: 1 Осы балаға берер кеңесіміз өмірден түңілмеуі керек, әке-шешесінің жолына түспеу керек. Осы өмірдің бір қадамы болуы керек. Өзінің бар өмірі алда екенін түсініп, өзінің әке-шешесіне ермей, өзінің жақсы өмір сүруіне талпыну керек. Егер әр адам басына түскен қиыншылықты жене алмай, өз-өзіне қол жұмсаса, адамзат әуелі құрып кетер еді. 
2 Біздің ойымызша бұл жалғыздық. Жалғыздық тек құдайға тән қасиет. Ол бала өмірдің қызығы тек киініп, ішіп-жеу деп ойлайды. Біз оған өзіне жақын дос табуына тілектеспіз және өзін-өзі бағалай білу керек. Өмір үшін қандай болса да қиындыққа тәуелді болмай күресуі керек.


 7- ТАМАША ӨМІР СҮРУДІҢ 7 КІЛТІ

1.      Өзіңді таны

Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік жаз. Жүрегің, көңілің, ар-ұжданың не дейді? Не нәрсені алдыңғы қатарда ұстайды? Мына әлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең алдымен ішкі жандүниеңе сапар шегумен басталады.

2.Өмірде шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңнің даусына құлақ сал да соны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін ат салыспасаң, барлық нәрсе сенің мәртебеңді түсіреді.

3. Үнді ырғаққа айналдырған ғашық-дүр. Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса, тартымдылық кем болса өмірің құрғап қалған бұтақтан ешқандай айырмашылығы қалмайды.

4. Істеген амалдарыңның барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады. Өмір деген барлық адамдар үшін, ойлағандарын жүзеге асыру, істеген ісінің әрі істейтін ісінің ең дұрысына жету.

 5. Жеңіс қайсарлықты қажет етеді. Бастапқы кездегі қайсарлық кейіннен сенімге айналады. Сенім адам бойындағы қызметке деген ынтаны ояндырғанда, мүмкіндіктер одан сайын жоғарлай береді.

  6. Өмір жылдам қозғалыс, шешім мен шешімді болуды талап етеді. Күдіктенгендер артта қалады. Өмірдің үстімен жүрмесең, өмір сенің үстіңнен жүретін болады.

 7. Тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты әрекеттердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Алмасты жонбасаң қолыңда тек тастың түйірі қалады. Шүкір етуді ұмытпау керек!

   Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып,

Өміршеңдік ережелерін айтайық.

1. Жігер деген-Мен

2. Күш деген-Мен

3. Махаббат деген-Мен

4. Кешірім деген-Мен

5. Құдірет деген-Мен

6. Жасөспірім деген-Мен

7.Жастық шақ деген-Мен

8. Денсаулық деген-Мен

9. Адалдық деген-Мен

10. Жарқындылық деген-Мен

11. Бар ғажайып деген-Мен

 Хормен: Бәрі маған байланысты,

                  Бәрі менің қолымда.

ХІ. Ал балалар өзіміздің оңтүстік өңірінен шыққан жасөспірімдеріміздің тобынан құрылған Сәт триосының М. Мақатаевтың сөзіне жазылған «Көнеміз ғой» әнін назарларыңызға ұсынғым келіп отыр. Өмірге құштарлықтарын әлемге паш етіп жүрген жасөспірімдерімізге өмірде тек ғана сәттілік тілейміз. СӘТ ТРИОСЫ


 Өмір - өзен  ағып  жатыр , тынбайды ,

 Өмір  болмас  қасіретсіз , мұң  қайғы ,

 Сондықтан да , өз - өзіңе  абай  бол ,

Өмір  сені  сонда  ғана  шыңдайды .  - деп  ақындар  жырлағандай , Өмір - арнасы  кең  өзен , сол  өзеннен  өз  арнаңды  тауып  ағу  сенің  басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа  жету  оңай  емес , ол үшін  қандай да бір қиындықтарға , кедергілерге  кездесуің  мүмкін Ал  енді  біреулерге  қиындықтар кездеспеуі де  мүмкін . Сондай  кездерде  біреулерге  қызғаншақтық , көреалмаушылық  танытпа , өз  мақсатың  үшін  күресе  біл .Өзіңнің  күшті  жақтарыңды  көрсет , әлсіздік , шарасыздық  танытпа . Сен  өз  өмірің  үшін  өмір  сүруге  тиіссің .



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!