400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тренинг "Эмоция әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға өз эмоцияларын басқаруға үйрету. Топта жағымды атмосфера орнату.
Материалдың қысқаша нұсқасы





















«Эмоция әлеміне саяхат»

(тренинг)






















«Эмоция әлеміне саяхат» балалармен тренинг. (ортаңғы топ)

Мақсаты: Балаларға өз эмоцияларын басқаруға үйрету. Топта жағымды атмосфера орнату.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін біздер ерекше әлемге саяхат жасаймыз. Саяхат жасауға дайынсыздар ма? Дайын екендеріңізді жүздеріңнен көргім келеді. Қане бәріміз жымияйық! Керемет! Бүгін біз эмоция әлеміне барамыз. Ол үшін біз ұшаққа отыруымыз қажет.

1.«Ұшақ» жаттығуы

Ұзын тунельдің ішіне кіріп отырып, ұшақпен ұшып келе жатқандай елестетеміз.

Ұшақ қонды, балалар шықты.

Балалар! Ұшақпен ұшқан сіздерге ұнады ма? Аспаннан не байқадыңдар? Күнді көрдіңіздер ме? Жооқ! Күн болмаса біздің көңіл-күйіміз болмайды емес пе, ол қайда тығылып қалды екен? Ендеше түрлі кедергілерге қарамастан күнді іздеп табайық!

2. Тапсырма «Эмоцияны ата»

Балалар! Мына жартастың түбіндегі алтын сандықты қараңдар! Ішінде не бар екен? Түрлі суретті белгілер бар екен. Бұл эмоциялар, көңіл-күйлер деп аталады. Кім біледі бұл қандай көңіл-күй? (Қуану, таң қалу, ашулану, ренжу, т.б.)

3. «Көңілді көпір» ойыны

Балалар, қараңдар! Бұл көңілді көпір ғой! Бұл көпірден өту үшін сықылықтап күліп өту керек. Қане, бұл қолымыздан келеді ғой! Біз көңілдіміз бе?!

4. «Гүлшоғы» арттерапиясы

Жарайсыңдар, балалар! Кедергілерді өтіп келеміз. Бірақ күнді тапсақ оны қалай қуантамыз. Сыйлық жасасақ қуанады ма? Мына жерде ерекше құралдарды байқадым, қане, күн ханшайымына гүлшоғын жасап берейік, біздің өнерлі екенімізді де көрсін. Қандай әдемі! Керемет! Қандай сезімдеміз? Мақтаныш па?

  1. «Әрқашан күн сөнбесін» музыкатерапия

Балалар күнді табу оңай болмады. Мүмкін дауысымызды естіп өзі келер. Біз бір көңілді ән салып жіберсек, қалай қарайсыңдар? Балалар әрқашан күн сөнбесін әнін орындайды. Сол кезде тасадан «Күн» ханшайымы шығады:

Қандай көңілді, жүрекке жылы ән! Бұл әнмен мені өздеріңе баурап алдыңыздар ғой. Гүлдеріңіз де өте әдемі екен. Рахмет сендерге! Ал мынау менің сендерге базарлығым! (күн сәулелеріне ұқсас түрлі-түсті кәмпит таяқшаларын үлестіреді) Енді әрдайым бірге жүрейік! Жүздеріңнен күлкі кетпесін!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
424
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі