Материалдар / Тренинг. Емтихандар алдындағы психологиялық көмек.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг. Емтихандар алдындағы психологиялық көмек.

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып оқушыларына ҰБТ-ға психологиялық дайындық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2021
837
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі

50 Нұрғиса Тілендиев атындағы жалпы орта мектеп

педегог-психолог

Омаров Ғалымжан Макулович

Тақырыбы: «Сенімділік күш береді»

Мақсаты: Оқушылардың ҰБТ-ға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру;

Оқу танымдық қабілеттерін, есте сақтау, зейіндерін дамыту, өз өзіне сенімділіктерін жоғарылату;

Стресске қарсы тұра білуге тәрбиелеу;

 Сабақ түрі: тренинг-сабағы

Топ ережелері қабылданады
— бір-бірін тыңдау
— уақыт үнемдеу
— белсенділік таныту
— достық қарым-қатынас
— жағымды эмоция тудыру
Тренинг- сабақ барысы: «Амандасамыз» Жаттығу барысы: қазір біз өте тез қимылдайтын ойын ойнаймыз. Ең алдымен барлығымыз бөлме ішінде үнсіз қалыпта қозғалысқа түсеміз. Мен шапалақ соғу арқылы белгі берген кезде өте шапшаң қимылмен бір-бірлеріңізбен амандасуларыңыз қажет. Қалай амандасу керек екенін мен айтып тұрамын. Әр кезде әр түрлі адаммен амандасу қажет. Ендеше бастайық, көзбен амандасу, қолмен…, иықпен…, құлақпен…, тіземен…, маңдаймен…, өкшемен…, арқамен.

Не сезіңдіңдер?

Жаттығу “Мен саған сенімдімін”

Фразалы сөзді аяқтау: “Мен саған сенімдімін, сен...

Не сезіңдіңдер?

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы

Кішкентай сиқырлы қобдишадан сендер жан-жақты және қайталанбайтын бүгінгі бейнені көресіңдер. Оған күліп қарауларың керек.

Күлкі – бұл өз көңіл-күйіңе, жақын адамдарың мен достарыңның жүрегіне жол табатын қасиетті кілт.

Үйде, мектепте, көшеде, ата-анаңа, мұғаліміңе, достарыңа жиі күлімдеп, мейірімді қарым-қатынаста бол. Сәлемдескенде күлімде. Мейірімді күлкі, әдемі жымиыспен де кедергілерді жеңуге болады. Неғұрлым адам көңілді жүрсе айналасына адамдар мен жақсылық өзі-ақ топталады.

Табиғат біздің миымызға түсетін психикалық ауырлықтан қорғанудың тамаша құралы жылау мен күлкіні берген. Күлкі - жүйке жүйесінің ерекше қорғанышы. Ол қауіпті импульс ағымдарынан құтқарады.

Күлкі жандарыңызға серік болсын!

Жан-жақты қайталанбайтын бүгінгі сабаққа дайын кім болып шықты?

Сендер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сендерге қалай қарады?

Әр адам жан-жақты және қайталанбайтын бейне екеніне көз жеткіздік. Жаңағы көрген бейнелеріңді үлгі тұтыңдар.

Не сезіңдіңдер?

Жаттығу. «Поезд»

Оқушыларды ортаға шығарып, ең алдымен 1,2-ге саналып шығуымыз керек. 1 номердегілер қолдарын бір рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал, 2-ші номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады. Қозғалыс, қимылдар осылай қайталана береді, поездың жүру дыбысы естіледі

Не сезіңдіңдер?

Жаттығу «Суағар»

Мақсаты: Оқушыларды топпен жұмыс жасауға үйрету. Бұлшық еттің жиырылуын және босансуын басқару.

Оқушылар қатарымен тұрып ақ қағадан суағар жасайды. Ол суағармен домалақ шарик дөңгелеу қажет.

Не сезіңдіңдер?

Жаттығу «Ақ парақтың екі бөлігі»

Алдарыңыздағы қағазды екі бөлікке бөліп, оң жақ бұрышына  + белгісін, сол жақ бұрышына «–« белгісін белгілеңіздер. Енді + белгісі бар бөлікке өздеріңіздің ҰБТ-ға байланысты жағымды, жылы, сенімді ойларыңызды жазыңыздар. Ал – белгісіне бар бөлікке сенімсіз, жағымсыз ойларыңызды жазыңыздар. Осы екі жақта жазылған ойды, зейін қойып оқып шығамыз.

Не сезіңдіңдер?

Жаттығу «Сілкіп таста»

Мен сендерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы, Ойымызға!Тағы да жолым болмай қалды. ҰБТ-ға жақсы дайындала алмаймын, жақсы тапсыра алмаймын, көп қате жіберіп екі аламын» деген сияқты ойлар келеді.

Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер. Осы сәтте өздеріңді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңдер. Аяқтарыңды саннан тобықққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңдар да болады, беттеріңізді сілкіңіздер. Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүк түсті. Сен  біртіңдеп сергек, көңілді болудасын, көңіл күйін жақсарды. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңдар: мен ақылдымын, менің жаным тыныш, мен қиындықтан қорықпаймын, мен жаспын, әдемімін, менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді, маған сенімділік күш береді, мен бәріне де дайынмын.

Не сезіңдіңдер?

Қорытынды: Алған әсеріңіз қандай ?

Қорытынды сөз Құрметті балалар!

Білім, даналық, жетістік, бақыт, махаббат жолында өздеріңді бағыттайтын жарық жұлдыздарың сендерге өмірде дұрыс жол сілтеп, жарқырап жана берсін!

Қымбатты балалар! Бүгінгі күнімізді сүйіспеншілікпен қарсы алып сабағымызды бастаған болатынбыз. Ал, енді әдемі күлкімізбен, нық сенімділікпен сабағымызды аяқтаймыз.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!