Материалдар / Тренинг «Жаңартылған білім беру мазмұнын білім алушыға меңгерту барысында ата-ананың рөлі»

Тренинг «Жаңартылған білім беру мазмұнын білім алушыға меңгерту барысында ата-ананың рөлі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға жаңартылған білімде орын алып жатқан жаңа әдістер мен тәсілдерді таныстыру. Ата-аналар тығыз байланысты нығайту. Ата-ана өзін баланың орнына қою арқылы жаңартылған білім мазмұнын меңгереді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2022
403
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы

М.Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі






БЕКІТЕМІН

Директордың оқу

ісі жөніндегі орынбасары

_________ Сындаркулова К.И.

«____»______________2021 ж.







«Жаңартылған білім беру мазмұнын білім алушыға

меңгерту барысында ата-ананың рөлі»

тренинг – сабақ жоспары








Дайындаған оқытушылар ________ Алибаева Ж.С.















Шымкент 2021


1 курс білім алушыларыныңата-аналарына тренинг-сабақ

Мерзімі:

29.03.2021жыл

Тақырыбы:

Жаңартылған білім беру мазмұнын білім алушыға меңгерту барысында ата-ананың рөлі

Негізгітүйінді идея:

Жаңартылған білім беруде білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету үшін ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімдерін көтеру

Мақсаты:

Ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімдерін көтеру.

Білім алушыларға ата-ана тарапынан материалдық қажеттіліктен бөлек, психологиялық қолдау қажет екенін түсінеді.

Ата-аналар балаға оқуда табысқа жету үшін қолдау көрсетудің әдістерімен бөліседі.


Қажетті құрал-жабдықтар:

Тақырыптық презентация, ватман, түрлі-түстіқағаз, желім, қайшы, стикер, маркер.

І. Ұйымдастыру (2 минут)

Танысу-Аманова Ж.И.

  • Саламатсыздар ма, құрметті ата-аналар! Ортамызға хош келдіңіздер. Бүгінгі сіздермен өтілетін тренинг-сабағымыдың тақырыбы «Жаңартылған білім беру мазмұнын білім алушыға меңгерту барысында ата-ананың ролі». Сіздермен бірге болатын Информатика пәнінің оқытушысы Аманова Жанар Илесовна және экономика пәні оқытушысы Алибаева Жайна Советбековна. Біз Тренинг сабақтың өзін жаңартылған білім бойынша кейбір әдіс тәсілдерді қолдана отырып өтеміз. Қазіргі уақытта, ақпаратты технологиялардың шапшаң даму кезінде баламен, оның ішінде колледжге енді келген өтпелі кезеңді басынан кешіріп жүрген білімалушылармен тығыз байланысты нықтау үшін, бірінші олардың атан аналарымен байланысты нығайту керек. Ата-ана баласының қайдай деңгейде, қандай әдіс тәсілдермен білім алып жатқанын, меңгеру тәсілдерін білгендері абзал деп ойлаймыз.

Алибаева Ж.С.

  • Хош келдіңіздер құрметті ата-аналар! Жанар Илесовна айтып өткендей, біз бұл тренингте жаңартылған білім жүйесін сіздерге таныстыра отырып, балалардың орнына өздеріңізді қою арқылы, бұл жүйенің сабақ өту методикасына, баланың қаншалықты деңгейде сабақты меңгеруін, сонымен бірге жағдаяттарды шешу жолдарын да біріге отырып қарастырамыз және бақылайсыздар. Неге ата-анамен тренинг деп ойлауларыңыз да мүмкін, Біз колледж оқытушылары ата-анадан кейінгі баламен тығыз байланыста болатын оқытушы, топ тәлімгері және кейде психолог та болып кететін жағдайымыз болады

  • Енді, тренинг сабақты бастамас бұрын, сіздермен кішігірім ойын жүргізейік. Бұл ойын ортада жағымды псхологиялық ахуал, аураны қалыптастыру деп аталады.

ІІ. Жағымды психологиялық орта құру-Алибаева Ж.С.-(2 минут) МУЗЫКА

  • Қатысушылар орташа екі шеңбер (сыртқы және ішкі) болып тұрады. Сыртқы щеңбер сағат тілімен қозғалып, белгі берілген уақытта тоқтайды және қарсы тұрған адамды есімімен (есімдері алдын-ала белгішелерге жазылады) атап, жағымды сөздер айтады. Мысалы, «Бағым, сіз бүгін өте әдемі болып тұрсыз». Мен қолмен шапалақ ұрған кезде ішкі шеңбер қозғалып, келесі адамға сағат тілімен ауысамыз, осылай жалғаса береді. Барлық қатысушылар бір-бірімен кездесіп шығады.

ІІІ. Топқа бөлу-Аманова Ж.И.- (2 минут)

  • Ал, ата-аналар, жағымды психологиялық ортаны қалыптастырдық. Енді ары қарай жалғастыру ұшін топқа бөлініп жұмыс жасайық. ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ ТОПТАРДЫҢ АТЫН АТАП ӨТУ КЕРЕК


Барлық ата-аналарға суреттер таратылып, ұқсас суреттер бойынша топтасады. Топтарға атау беріледі.


  • Енді осы жерде мен кішігірім презетация көрсетіп өтейін. Қазіргі уақыттағы жаңартылған білім дегеніміз не, оның қандай әдіс-тәсілдері бар деген сұрақтарға жауап аласыздар.

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

IV. Топтық жұмыс-Алибаева Ж.С. (10 минут) МУЗЫКА

  • Топқа бөліндік. Атауы берілді. Енді мен сіздерге келесі жұмысысызды түсіндіріп өтейін. ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ СУРЕТТЕРДІ ТАРАТУ

Әр топ құпия кейіпкерді таңдау (қосымша 1).

Нұсқауы: «Топтан бір адам келіп, жасырынған кейіпкердің бірін таңдаңыздар. Әр кейіпкердің өзіне тән қасиеттері мен мінез ерекшеліктері сипатталған. Кейіпкердің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, берілген жағдаятты шешулеріңіз керек. Әр топ ватманға жағдаят бойынша кейіпкердің: Баланың көңіл-күйін сипаттап, салу; Балаға қандай жауап бересіз?: Қандай кеңес бересіздер?, Ата-анасы ретінде не істейсіз? деген сұрақтарға жауап беру арқылы бейнелеп саласыздар».

ӘР ТОП ӨЗДЕРІНЕ БЕРІЛГЕН СУРЕТ БОЙЫНША СИПАТТАМАЛАРЫН АЙТЫП ӨТЕДІ

V. Жағдаят-Аманова Ж.И.-(10 минут)


  • Құрметті ата-аналар! Ендігі біздің тапсырмамыз сіздердің қандайда бір ситуацияларда қолданатын әдістеріңіз, пікірлерінің туралы болады

ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ СИТУАЦИЯЛАРДЫ ТАРАТУ және МУЗЫКА

І – топқа жағдаят. Қызыңыз топта ұл баланың жанына отырғысы келмейтінін айтты. Себебін, топтағы білім алушылар мазақтайды деп түсіндірді. Сізтоп тәлімгері мен сөйлесіп, басқа орынға отырғызуды өтіндіңіз. Бірнеше күннен кейін қызыңыз Сараның жанына отырғысы келмейтінін айтты. Себебін сұрап едіңіз, ол жаман қыз деп түсіндірді. Сіздің әрекетіңіз:

ІІ – топқа жағдаят. Балаңыз мектепте өте жақсы деген бағалар алып келді. Колледжге келіп бағалары біршама түсіп қалды. Әсіресе биология пәні бойыша бағалары төмен. Сізге пән қызықсыз, оқытушының сабақ беруі ұнамайтынын айтты. Баланың оқу мотивін қалай көтеруге болады. Сіздің әрекетіңіз:

ІІІ – топқажағдаят. Балаңыз сабақтан шаршағанын, жаңа бағдарлама бойынша жетістіктеріне қанағаттанбайтынын айтты. Сіздің әрекетіңіз:


ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.


VІ. Видеоролик-Алибаева Ж.С. - (2 минут)

  • Біздің студенттеріміз, балаларымыз біздің болашағымыз. Оларға ата-ананың беретіні мол екенін барлығымыз білеміз.

  • Абай атамыздың керемет насихат сөзі бар емес пе:

  • Баланың мінезі үш жақын адамынан қалыптасады, олар ата-ана, жақсы көретін ұстазы және досы деген. Мінеки, сіздерге балалардың үндеуі видео ролик ретінде ұсынылады

Ата-аналарға оқушы үндеуі арқылы ой салу (қосымша 2).

VІІ. Кеңес беру-Аманова Ж.И. - (2 минут)

  • Біздің сабағымыз ақырына жетіп келеді. Біраз мәліметтер мен балалардың орнына өздеріңізді қою арқылы жаңартылған білімнің өтілу тәсілін де байқадыңыздар. Енді сіздерге біздерден кішігірім көмек ретінде жадынанмаларды ұсынып отырмыз. Білім алушылардың жас ерекшелігі, психологиялық-физиологиялық өзгерістері, баламен қарым-қатынас жасау туралы ұсыныстар мен кеңестер жазылған жадынама таратуды жөн көрдік.

  • Қабыл алыңыздар.

ЖАДЫНАМА ТАРАТУ (қосымша 3)

Ата-аналарға ұсыныс беру

VІІІ. Рефлексия –Алибаева Ж.С. - (10 минут)

  • Құрметті, ата-ана! Біздің тренинг сабағымыз өз мәресіне жетті. Сіз бен біз бірлессек балаға білім, тәрбие, психология жағынан көмегіміз нық болады деген сенімдеміз.

РЕФЛЕКСИЯНЫ ТҮСІНДІРУ

Пікір қалдыру

Сабақты талдау

Нұсқауы: «Магнитті тақтаға салынған ағаш суретін жемістермен толтырайық. Жемістерге алған әсеріңізді, ұсыныстарыңызды жазыңыздар. Жазып болғаннан кейін жемістеріңізді ағашқа іліңіздер».





І – топқа жағдаят. Қызыңыз топта ұл баланың жанына отырғысы келмейтінін айтты. Себебін, топтағы білім алушылар мазақтайды деп түсіндірді. Сізтоп тәлімгері мен сөйлесіп, басқа орынға отырғызуды өтіндіңіз. Бірнеше күннен кейін қызыңыз Сараның жанына отырғысы келмейтінін айтты. Себебін сұрап едіңіз, ол жаман қыз деп түсіндірді. Сіздің әрекетіңіз:















ІІ – топқа жағдаят. Балаңыз мектепте өте жақсы деген бағалар алып келді. Колледжге келіп бағалары біршама түсіп қалды. Әсіресе биология пәні бойыша бағалары төмен. Сізге пән қызықсыз, оқытушының сабақ беруі ұнамайтынын айтты. Баланың оқу мотивін қалай көтеруге болады. Сіздің әрекетіңіз:













ІІІ – топқа жағдаят. Балаңыз сабақтан шаршағанын, жаңа бағдарлама бойынша жетістіктеріне қанағаттанбайтынын айтты. Сіздің әрекетіңіз:










Қосымша 1.

Қатысушыларға ұсынылатын кейіпкерлер.






Сипаттамасы: Шапшаң, ұстамсыз, тымқозғалғыш, күйгелек, әрнәрсеге құштар, агрессивті, қиындықтарға төзімді бастамашыл, адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, тез ұрсысып қалады, белсенді, әр істі тез және беріліпі стейді, өз қателігін түсінеді.


Сипаттамасы: баяу, байсалды, істі ойланып төзімділікпен істейді, жинақы, көңіл-күйі тұрақты, жалқау, ашық және өте ұстамды


Сипаттамасы: баяу, тез шаршайды, достарына көмектескенді ұнатады, өте сезімтал, тұйық, эмоциясы күшті дамыған




Қосымша 2.

Ата-аналарға арналған видео үндеу мәтіні


      • Біз сіздерге қымбатты да, бағалы жан екенімізді ұмытпаңыздар;

      • Бізді, яғни өз 770 ₸ - Сатып алу

        Ресми байқаулар тізімі
        Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ