Тренинг "Жанұя-қорғаным" ата-аналарға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг "Жанұя-қорғаным" ата-аналарға

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг III бөлімнен тұрады.I бөлімде: Танысу,Шаттық шеңбері,Сауылнамадан тұрады II бөлім: Ойындар "Суретті таңы", "Менің көңіл күйім " III бөлім: Шығармашылық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жанұя-қорғаным, ата-ана-тірегім»


Мақсаты: отбасындағы қарым-қатынасты, сыйластықты, түсіністікті арттыру. Әке-ана, әке-бала қарым-қатынасының ерекшелігін және қажеттілігін бағалау. Отбасы мүшелерінің өзара көңіл-күйлерін сезінуге үйрету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үгіттеу. Өзара көмекке, ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа насихаттау.

Көрнекіліктері:слайдтар, музыка, ойындар, сауалнамалар.


І ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар,қонақтар,әріптестер!

Бүгін «Жанұя-қорғаным, ата-ана-тірегім» атты отбасылық басқосуымызға қош келдіңіздер!

Осы ғажайып, сәні мен салтанаты жарасқан періштелер мекенінің педагог-психолог қызметкерімін.

Бүгінгі отбасылық тренингіміздің бақылаушы-сарапшыларын таныстырып өтейін. Балабақша меңгерушісі, балабақша кәсіподақ комитетінің төрайымы.

Қазақ қоғамында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайында таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарылық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үміттің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйытқысы. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан – жақты тәрбиелі болуып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата-ана мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым – қатынасынан құрылады.

Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. «Отан – отбасынан басталады»-дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

Міне, осы отбасымыздың берекесі мен ынтымағы жарасымды болғай.






І бөлім

«Танысу»

Әрбір отбасы өздерін таныстырып, ат қояды. Отбасылық ұстанымдарын айтады. (ұран)


Шаттық шеңбері

«Шаңырақ»

Қиылған түрлі-түсті қағаздарды алып екі сөзден тұратын тілек айту арқылы шаңырақ құрайды.


Сауалнама

«Бір-біріңізді жақсы білесіз бе?»

Біз сіздердің жұптарыңыздан алдын-ала сауалнама алғанбыз. Сол бойынша жұбайыңыздың сізді қаншалықты жақсы білетінін бағалап көреміз.

(Сауалнама бойынша жауаптар салыстырылып бағаланады)

Сөз кезегі сарапшыларда. (нәтиже тыңдалады)


ІІ бөлім

«Суретті таны»

Теледидардан балалардың денесі әртүрлі бейнеде көрсетіледі. Ата – ана өз баласын тануы керек.

Сөз кезегі сарапшыларда нәтиже тыңдалады.


Ойын «Менің көңіл – күйім»

Ортаға жұптар жекелеп шығарылады. Алдымен әке ыдыстан қағаздарға жазылған көңіл – күйді бет бейнесімен, мимикамен көрсетеді. Ана оны тауып айтуы керек. Орындарын ауыстырады.

Сөз кезегі сарапшыларда нәтиже тыңдалады.


ІІІ бөлім шығармашылық жұмыс

«Ертегі құрастырып әңгімелеу»

Ата – аналар алдарына қойылған заттардан ертегі құрап әңгімелеп береді. (қуыршақтар, құрастыру ойыншықтары, түрлі-түсті қағаздар, фломастерлер, бояулар, құм, ұсақ ойыншық мүсіндер,) Сарапшылардың сөзі тыңдалады.






Қорытынды

Халқымыз «Балалы үй – базар» деп бекер айтпаған. Ел арасында ертеде өткен шешендерден қалған мынадай сөз бар екен:


«Бір баласы бардың – шығар – шықпас жаны бар,

Екі баласы бардың – болар – болмас халі бар,

Үш баласы бардың – үш жұртқа жетер малы бар,

Төрт баласы бардың – төрт құбыласы тең болар,

Бес баласы бардың – бүгілместей белі бар,

Он баласы бардың – бір қауым елдей қолы бар».


Балаларыңыз көп болсын. Шаңырақтарыңыз шаттық пен бақытқа толсын. Бөбектеріңіздің дені сау, ақылды, талантты, өнегелі, тәрбиелі болып, сіздерді жақсылығымен қуантсын.


Сөз кезегі сарапшыларымызға, балабақша меңгерушісі қорытынды сөзін айтады.


Марапаттау рәсімі

Ата – аналарға алғыс хаттар тапсырылады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2021
810
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі