жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тренинг жаттығулары
Ұстаздарға арналған “Әріптестердің қарым-қатынас” тренингтік (ойын) жаттығулары
Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Мен сіздерді бүгін осы залға оқу жылының аяғында жақсы көңіл-күйде болсын деген ниетпен жинадым.
Қазір барлығымыз бірге көңілге қонымды әртүрлі тренинг жаттығулар жасаймыз. Алдымен, тренинг ережелерімен таныс болыңыздар.
Тренинг ережесі:
1. Өз ойын ашық айту.
2. Өзгенің пікірін құрметтеу.
3. Шынайылық.
4. Белсенді әрекет ету.
5. Өз сезімін басқара білу.
6. Уақытпен санасу.
1. “Шаттық шеңбері”
Барлығымыздың ораза айында ниеттеріміз қабыл болсын деген мақсатпен қасымыздағы көршілерімізді құшақтап, жылы лебіз білдіреміз. Содан соң, шеңбер бойында тұрып, сағат тілімен айнала, бір-бірімізге ақ тілектер айтамыз.
Қошемет! Рақмет!
2. “Уқалау” ойын жаттығуы (массаж). Музыка ырғағымен.
Бір-біріміздің шаршағанымызды басып, стрестен арылып, жайлы сезімде болу үшін, қасымыздағы көршімізбен жұп болып тұрып арқамызға массаж жасаймыз. Массаж 2 кезеңнен тұрады, жұптар ауысып бір-біріне жасайды.
Массаж түрлері:
Уқалау
Ирек жол
Тарақ
Жаңбыр
Бұршақ
Қоян
Жай ағын су
Әріптестер, сіздерге ұнады ма (2-3 педагог өз пікірін білдіреді)
Сіздерге ұнағанына қуаныштымын. Қошемет! Рақмет!
Құрметті әріптестер, енді біз ауыз біршілігімізді одан әрі нығайта түсу мақсатында “Құбыр” деген тренингтік жаттығу жасаймыз.
3. “Құбыр” жаттығуы.
Қажетті құралдар: А4 қағазы (қатысушылар санына байланысты), бір кішкентай доп.
Ережесі: Қатысушыларға бір А4 қағаздан беріледі. Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау келпіне енгізеді. Барлық педагогтар қолдарындағы астаушаны, яғни иілген қағазды бір-біріне қосып, беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты астаушаның үстінен дөңгелетіп жібереді.
Мақсаты: Допты түсіріп алмай, қағазды үзіп алмай құбыр бойымен доп бір шетінен екінші шетіне жету керек. Яғни, бірлік бар жерде, тірлік бар. Сенім бар жерде, нәтиже бар.
Талдау: Ойын-жаттығу аяқталғаннан кейін педагогтар алған әсерлерімен бөліседі. Өзінің ойын барысындағы сезімін, ой-пікірін білдіреді.
Бір-бірімізге қошемет көрсетеміз. Рақмет сіздерге!
4. “Түстер арқылы мінез құлықты анықтау тренингі”.
Ережесі: Педагогтар негізгі түстерден (қызыл, сары, жасыл, көк) қиылған жұлдызшалардан өзіне ұнағанын таңдап алады. Таңдаған түстерге сай 4 топқа бөлініп отырады.
Әр топтан бір педагог шығып, аталған түстерге сай конвертті ашып, мінез-құлық сипаттамасын оқиды.
Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Сондай–ақ, көк түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келеді. Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады. Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.
Көк түсті таңдағандар ұқыптылықты ұнататын адамдар. Барлық заттары орнында тұруы қажет. Көк түсті таңдаған адамдар сараптама жасаудың шебері. Бірақ бұл адамдар мүмкіндігін жасырады. Аталған түсті қалайтындар өте қарапайым келеді. Сезімталдығы да бар. Бірақ іштей қатал мінезі де жоқ емес. Оны өзгелерге аңғартпауға тырысады.
Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адмадар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны.
Жасыл түсті үйлесімділікті қалайтындар ұнатады. Бұл түс үмітті білдіреді. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды. Дегенмен көпшілікпен араласқанға құмар. Шыдамды, тым байсалды. Ұжымның арасында өзін көрсеткенді қаламайды. Өйткені өзгелер жомарттығын пайдаланып кетеді деп қорқады.
Қызыл түс - адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар
Қызыл түс тасыған күшті білдіреді. Көбінесе қызуқанды адамдар осы түсті таңдайды. Албырт, белсенді, тез шешім шығаратындар,бір орында отырғанды қаламайтындар жатады. Өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар. Оларды бірқалыптылық тез жалықтырады. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді.
Тәуекелге баратын адамдар. Бәсекені жақсы көреді.
Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Бұл түсті таңдаған кез келген адам қиындықты тезірек жеңуге құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады. Өзгерісті жиі қалап тұрады, сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән.
Сары түсті еркіндікті қалайтындар және арманы биік, қиялға берілгіштер ұнатады. Олар күтпеген оқиғаларды жақсы көреді. Үнемі ізденісте жүреді. Мұндай мінезді адамдардың маңайында көбінесе әзілге жақын адамдар жүреді. Тың идеяларды талқылып, ой таразысына салғанды жаны қалайтын адамдар өзгені тыңдап, өз пікірін де ұмыт қалдырмайды. Бірақ кейде жауапкершіліктен қашады. Бұл өзін еркін сезінгісі келетін әрекеті.
Әріптестер, бұл сипаттама 70-80% сәйкес келуі ықтимал. Әрқашан жұлдыздарыңыз биік, көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын!
Талдау, педагогтар өз ойымен бөлісуі. Қошемет. Рақмет!
5. “Ақ сандығым ашылшы, ішінен жібек шашылшы”тосын-сый ойын жаттығуы.
Мақсаты: Педагогтарға жібек лентадан жасалған браслетті конвертке салып, тосын-сый етіп бүгінгі әдемі тренингтік жаттығулардан естелік ретінде таратып беремін (педагогтар әсерлерімен бөліседі)
Құрметті әріптестер! Бүгінгі тренингтік жаттығулаға белсенді әрі көңілді ат салысқандарыңыз үшін, жақсы ой-пікірлеріңізбен бөліскендеріңіз үшін үлкен рақмет! Міне, биылға оқу жылы да сәтті аяқталды. Әрқашан ауызбіршілігіміз, бір-бірімізге деген сеніміміз, мейіріміміз сарқылмасын! Жазғы демалыстарыңыз жайлы өтсін, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Жаңа оқу жылында, жақсы көңіл-күймен, жаңа идеялармен бас қосайық! Қо-ше-мет! Рақмет! Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген