Материалдар / Тренинг: "Жеке тұлғаның таным процесстерін дамытуда отбасы мен мектеп ынтымақтастығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг: "Жеке тұлғаның таным процесстерін дамытуда отбасы мен мектеп ынтымақтастығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сыныптың ата-аналарына арналған тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2020
735
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО, Бесқарағай ауданы,Өндіріс ауылы, «Өндіріс орта мектебі» КММ-нің педагог-психологы Касымжанова М.Т.

10-11-сынып оқушыларының ата - аналарымен психологиялық тренинг.

Тақырып: Жеке тұлғаның таным процесстерін дамытуда отбасы мен мектеп ынтымақтастығы.

Мақсаты: оқушының таным процесстерін дамытуда ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, қарым - қатынас орнату. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге білуге және қиындықта қол ұшын соза білуге ықпал ету.

Көрнекіліктер: АКТ,музыка, шарлар, ватман, фламастер,жіп, кітапша, видео ролик,таратпа суреттер, сілтемелер.

Күтілетін нәтиже: Ата-ана баласының тұлғалық таным процесстерінің дамыту жолдарын тиімді пайдалана алады. ҰБТ кезінде баласына психологиялық дұрыс қолдау жасай білуді үйренеді.

Өткізілу уақыты: 1сағат

Қатысушылар: 10-11- сынып ата-аналары

Тренинг ережесі:

-Тренингке белсене қатысу

- Тренингке берілген регламентті сақтау;

- Тренинг барысына бір-бірінің сөзін бөлмеу;

- Қатысушылармен бірігіп жұмыс жасау;

- Қатысушылар бір – біріне кедергі келтірмеу

1.Ұйымдастыру кезеңі: (10 мин)

Кіріспе: Ата - ананың басты - қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан - жақты қалыптасуына ата - ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан - жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін - ұстаз болса, оның сүйеніші ата - ана. Сондықтан ата - ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасайды.

Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян.

Психологиялық ахуал.

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық; -деп сіздерді ортаға шеңбер құруға шақырамын.

1-жаттығу «Өрмекшінің торы» атты танысу тренингі

Сіздермен танысу мақсатында «Өрмекшінің торы» атты тренинг жаттығуын өткіземін. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты – жөнімді және жақсы қасиеттерімді айтамын да, келесі адамға жіпті лақтырамын. Осылайша кезектесіп жіпті бір – біріңізге бересіздер. Бір-бірімізге жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады. Енді сіз алдыңыздағы адамның аты мен жақсы қасиеттерін айта отырып, кері қайтарып бересіздер.

Топқа бөлу. Стол үстінде жатқан жеміс –жидектің суретінен бірін таңдайды.

Алма

Түрлі жемістердің арасынан қарапайым алманы таңдайтын жанды дәстүрлерді ұстанатын еңбекқор адам деп сипаттайды. Өз жұмысын жақсы біліп, уақытында орындайтындар. Сол себепті жұмыста аса үлкен қиындықтарыңыз да болмайды. Алайда жұмыстан тыс кездері сіз сезімдерге берілгіш, әсершіл жансыз. Түкке тұрмайтын себептермен көңіліңіз босап, қалатын жағдайлар да кездеседі.

Шие

Ерекше жан, барлығын жүрекке тым жақын қабылдайды. Шиеге құмар жандар үшін басқалармен жақсы қарым-қатынас өте маңызды. Біреудің көңілін көтеруге, қиындығымен бөлісуге әркез дайынсыз. Жақсы тыңдармандар. Дегенмен ондай адам сезімтал екендігін ұмытпаған жөн.

Құлпынай

Құлпынайға құмар жандар әркез күлімсіреп жүреді. Олар қонақжай, басқалармен қарым-қатынасты оңайлықпен реттейді, жоғары талғам иесі. Қызғаншақтық сезімі бұл адамда мүлдем жоқ. Оны ызаландыру да оңай емес. Дегенмен оның жеке территориясына рұқсатсыз енсе аямайды.


2. Ой жинақтау топтық жұмыстары Джигсо әдісі арқылы:(15 мин)

Ата-аналарға ұсынылған пікір бойынша өз ойларын топта ойланып ортаға салады.

  1. Сіздің балаңыз биыл 11-сынып оқиды. Сабағы жақсы. Мектеп бітірген соң қаржы саласындағы маман болғысы келген, кенеттен ол сізге медицина саласына оқуға түсіп білікті маман болғысы келетіндігін айтты.Сіз балаңыздың таңдауына құрметпен қарайсыз, дегенмен , балаңыздың аз уақытта химия,биология пәндерінен аз уақытта жоғары нәтижеге жететініне күмәнданасыз.

  • Бұдай жағдай болса, сіздің әрекетіңіз?

Тапсырма: Балаңызға көмек ретінде жоғары нәтижеге жету үшін қандай көмек көрсете аласыз?

  1. Анар биыл 11-сыныпта. Болашақ мамандығын дұрыс таңдады. Бірақ физика –математика пәндерініен сынақ тапсырмаларын орындау барысында теориямен практиканы байланыстыра отырып логикалық есептерді шығару қиындық туғызады.

Тапсырма:Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін қандай әрекет жасар едіңіз?


3.Әкесі күнделікті кешке жұмыстан шаршап келдім деп, тыныштықта дем алуды жөн көреді, үй шаруасының және баласының мектептегі ұсақ- түйек шаруаларымен мазаламауларын талап етеді. Жуықта ата-аналар жиналысы, анасы жұмыс бабы бойынша қалада емес. Баласы: -Әке сіздің бір сағаттық еңбегіңіз қанша тұрады? Әкесі: - 500т. Баласы: -маған 300т беріңізші. Әкесі: -Оны не қыласың ,бар жат!. Бала бөлмесіне кетіп қалады,әкесі ашуы басылған соң баласына келіп сұраған ақшасын береді, баласы қуанып кетіп, бас жағынан басқа ақшаларын алып санай бастайды .Мұны көрген әкесі тағыда ұрса бастайды. Сонда баласы әкеге: Ертең үйге бір сағат бұрын келіп, ата-аналар жиналысына қатысуыңызды сұраймын. Міне сіздің сол уақытқа еңбекақыңыз дейді.

-Бұл жағдаятқа сіздің пікіріңіз, әкеге айтар ұсыныс.

3.”Сақау кино” ойыны. (5 мин)

Қатысушыларды 2 топқа бөлемiз. Презентациядан сурет көрсету арқылы не көргендерін сұрау. Қыз немесе құс ұясы. Әрбiр топқа қандай да бір жағдаятты бейнелеуді ұсынамыз. Ал екiншi топ қандай бейнені бейнелеп көрсеткенін тауып, шешу керек. Сондай-ақ керісінше келесі топ екінші топтың көрсеткен бейнесін табу керек.

Жағдаят:1-топ. 1. Дүниеге келген сәбиге қуаныш.

2- топ. Балаңыздың сынақ тестінен төмен ұпай жинаған кездегі сәтін көрсет

3-топ. ҰБТ – дан жоғары ұпай алған кездегі оқушының көңіл- күйі

  1. Психолог ұсынысы:(15мин)

Кинесиологиялық жаттығулар бала ағзасының дамуына, жетілуіне ықпал етеді. Жүйке процестерінің күші, тепе-теңдігі, қозғалысы, икемділігі жоғары деңгейде жүреді. Жүйке жүйесінің реттеуші және үйлестіруші рольі жетілдіріледі. Ми гимнастикасы бала бойындағы жасырын қабілеттерін анықтауға және оның ойлау қабілеттерін мейлінше дамытуға мүмкіндік береді. Дамуында ауытқуы бар балалармен жұмыс істеу барысында осындай кинесиологиялық жаттығуларды қолдану өте тиімді.

Білімдік кинесиология адамның қабілеттері мен қасиеттерін өзгерте алады. Сондықтан ол қозғалыс арқылы өзінің бойындағы қабілеттерді арттыруға мүдделі немесе қажеті бар адамға ұсынылады.

Кинесиологиялық жаттығулардың міндеттері:

  • Ми сыңарларының аралығы қызметін дамыту;

  • Ми сыңарларының аралығы өзара әрекеттесуін дамыту;

  • Ми сыңарлары аралығының байланысын дамыту;

  • Ми сыңарларының синхронды жұмысы

  • Ұсақ моториканы дамыту

  • Қабілеттерін дамыту

  • Есте сақтау қабілеті мен зейінді дамыту

  • Сөйлеуді дамыту

  • Ойлауды дамыту

  • Дислексия мен дисграфияны жою.

Кинесиологиялық жаттығулар қолайлы психологиялық атмосферада және жүйелі өткізілуі тиіс. Әрбір жаттығудың дұрыс орындалуы өте маңызды, сондықтан әр оқушымен жеке жұмыс істеу қажет. Кинесиологиялық жаттығуларды арнайы сабақтардан тыс және кез келген пән сабақтарында да орындауға болады. Арнайы сабақтардың мазмұны бірінші жаттығуларды үйренуден бастап, біртіндеп күрделенеді. Орындалатын тапсырмалардың да көлемі де сабақтан сабаққа артады.


4.Сергіту сәті. Кинесиологиялық жаттығулар.

«Қуаттану» (энергетизатор)


  1. Үстелге отырыңыз, екі қолыңызды үстелдің үстіне созып, басыңызды сол екі қолыңыздың ортасына қойып жайғастырыңыз.

  2. Демді алу барысында басыңызды ақырындап көтеріңіз, мұрныңызды алдыға бағыттап, мойын мен арқаңыздың жоғарғы бөлігін тарту арқылы өзіңізді созасыз. Көтерілу шегі- дем алудың соңы немесе арқадағы бұлшықетке күш түсіру болып табылады. Денеміздің төменгі бөліктері мен иықтарымыз босаңсу қалпында болуы қажет.

  3. Б асыңызды дәл солай жұмыс кезеңінің реттілігімен түсіріңіз: бас, мойын, арқа. Жаттығуды 3 рет қайталаңыз. Есіңізде болсың, дене жұмысы мен дем алуды бір мезгілде үйлестіру маңызды.

Нұсқа: Жаттығуды жұмсақ жерде кеудеңізбен ішке қарай жатып жасауға да болады. Жұмыс кезеңінің реттілігі дәл бұрынғысынша. Жамбас пен арқаның төменгі бөліктері босаңсулы қалыпта қалады, жатқан жерде қолғалмайтындай болу қажет.

Оқу дағдылары: Тыңдау түсіну мен мәнерлеп айтуды жақсартады.

Қосымша: жаттығу зейіннің тұрақтануын дамытады, зейін қою мен жаңа ақпаратты қабылдауды жақсартады және шығармашылық қабілеттерді арттырады. Сонымен қатар денедегі қуатты арттырып, бүкіл денеміздің қимыл үйлесімділігін дамытуға көмектеседі.

«Ойлау қалпағы»


Құлақтың бетінде 148 белсенді нүктелер бар. Бұл жаттығу зейін қоюды, сондай-ақ тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамытады.

Орындалуы: отырып немесе тұрып орындалатын жаттығу. Екі құлақтың сырғалығын қолмен төменге қарай 5 рет созып кейін уқалау.

Жаттығуды отырып және тұрып орындауға болады.

  1. Мойын мен иекті ауыртпай басыңызды түзу ұстаңыз.

  2. Құлағыңызды ұстағанда бас бармағыңыз сыртында, ал қалған саусақтарыңыз құлақтың ішкі жағында болсын.

  3. Құлағыңызды жоғарыдан төменге, сәл желке тұсына қарай уқалаңыз.

  4. Ж елке тұсындағы ойыққа жеткенде саусақты ақырын ғана төмен тартыңыз.

  5. Жаттығу 4 рет қайталанады.

Оқу дағдылары: Тыңдау және жазуды түсіну (кодтау және кодтан шығару), ойда математикалық есептеу.

Қосымша: Берілген жаттығу қысқа мерзімді жады жұмысын жақсартады, ойлау және физикалық қабілетін арттырады, мысалы, тепе-теңдікті жақсартады. Әсіресе, ойлау қалпағын сабақ басталарда зейінді шоғырландыруда, көпшілік алдында сөйлеу, компьютермен және де басқа да электронды техникамен жұмыс жасауда көмектеседі. Музыкалық аспаптармен ән айтуда да көмегі мол.


«Жерге бағытталу»

  1. Аяқтарыңызды иық тұсымен сәйкестендіріп тұрыңыз.

  2. Оң аяқты оңға, ал сол аяқты алға қарай бағыттаймыз.

  3. Қолдарымызды белге қоямыз.

  4. ОPicture 1 ң тізеңізді жай ғана бүгіп , аяққа сүйеніңіз. Сол жақ аяқты жер жазықтығында таралып тұратындай тік қойыңыз. Біркелкі төмен отыруда арқаңызды тік ұстаңыз. Басыңызды бүгілген аяқ бағытына қарай бұрыңыз. Бүкіл денені өзгеріссіз бұрмай ортада тұрады, яғни дене бүгілген аяқ бағытына қарай қозғалмау қажет.Табанды жерден көтермейміз!

  5. Жаттығуды 3 рет қайталаймыз және аяқтар орнын ауыстырып қайта жасаймыз, яғни тізені бүгуде сол аяққа сүйенеміз.

Жаттығуды дұрыс жасаған жағдайда аяқ, сан бұлшықеттерінің керілгенін, созылғанын сезінеміз. Сіздің бұл тұру қалпыңыз садақпен оқ атқаныңыздай бейнеленеді!

Оқу дағдылары: түсініп оқу, математикалық есептеу дағдыларын жақсартады.

Қосымша: Бұл жаттығу бел және көз бұлшықеттерінің қысымын төмендетіп, тыныс алуды реттейді. Аталған жаттығу зейін концентрациясын жоғарылатуға, дененің жазықтықта тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі. Нәтижесінде дене тепе-теңдігіжақсарып, қойылған мақсатқа жету үдерісінде аз күш жұмсалады. Сонымен бірге бұл жаттығу қысқа мерзімді есте сақтауда өзекті болып табылады.


«Деннисон» ілмегі

Жаттығу екі бөлімнен тұрады.

1 бөлім.

1. Орныңыздан тұрып аяғыңызды айқастырыңыз. Сонымен бірге табандарыңыз жерге нық орналасуы керек.

2. Қолдарыңызды кеуде тұсына созыңыз, алақандарыңыз сыртқа қарау керек. Қолдарыңызды айқастырыңыз да алақандарыңызды бір-біріне құлыптаңыз. Шынтағыңызды бүге отырып құлыптаулы алақанда ішке қарай, кеуде тұсыңызға әкеліп қысыңыз.

4. Тіліңізді тістің жоғарғы жағына қарай итеріңіз. Көзіңіз жоғары қарайды. Басты қозғалтуға болмайды. Тек көз қозғалады. Тыныс алуыңыз бен денеңізді босаңсытыңыз. Сізді жеңіл-желпі теңселтуі мүмкін – бұл ағзаның қалыпты жағдайы. Егер қатты теңселсең бұл жаттығуды отырып орындағын жөн.

2 бөлім.

1. Аяқтарыңызды үлкен емес қашықтықта, яғни иық деңгейінде орналастырыңыз.

2. Алақаныңыздағы құлыпты ажыратып және екі қолыңыздың саусақтарының ұштарын бір-біріне қосыңыз. Саусақтарыңыздың ұштары іштің төменгі бөлігінде, сәл ғана кіндіктен түсуі керек. Көз төмен, ал тіл бұрынғыдай жоғарыда болуы керек. Осы қалыпта қалаған уақытыңызға дейін тұруға болады.

Оқу дағдылары: Есте сақтауды жоғарылату арқылы жаңа ақпаратты қабылдауға көмектеседі және қысымды бәсеңдету арқылы ауызша сөйлеуді дамытады. Бақылау жұмысын орындағын кезде көмектеседі.

Қосымша: Бұл жаттығу үйлесімділікті жақсартады, тыныс алуды тереңдетеді және қалыпты күйге түсіреді, әлеуметтік бейімделуді жақсартады, эмоционалдық мәселелер кезінде ұтымды іс-әрекет таңдау мүмкіндігін арттырады. «Мен - концепциясын» дамытуға көмектеседі.

Оймен бөлісу.

https://youtu.be/nAbtiSOaeFk

https://instagram.com/shamilahmadullin?igshid=1dc9erdvika0k

5. Бейне фильм арқылы кеңес тыңдау.(3 мин)

6.Рефлексия: (5мин)

Кітапшаға «2 тілек 1ұсыныс!» әдісі арқылы стикер жабыстыру

-Сынып жетекші

-Оқушыларға

- Ата-анаға

7. Кері байланыс . «Ауадағы сұрақтар» жаттығуы (7мин)

Музыка ойналады ата-аналар бір- біріне шарды жерге түсірмей береді. Музыка тоқтағанда барлығының қолында шар болуы қажет. Шар ішінде сұрақтар, Кім шарды ұстайды сол сұраққа жауап береді.

- Тренингте ең бірінші не ұнады?

- Тренингте не ұнаған жоқ?

- Бүгінгі кештен қандай әсер алдыңыз?

8. Қорытындылау:( 3 мин)

Олай болса бүгінгі тренингімізді аяқтай келе болашақ ұрпақты адамгершілігі жоғары саналы тұлға ретінде дамыту отбасы мен мектептің ынтымақтастығнда екендігі бүгін дәлелденді. Назарларыңызға «Бәрі өз қолыңда» видеосы.

Психолог сөзі. Ата-аналар сіздерге бүгінгі психологиялық тренингке қатысқандарыңызға рахмет айта отырып, отбасылық амандық, балаларыңыз әрдайым сіздерді қуанта берсін деймін.































Ата-аналар жиналысы .

Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі отбасы мен мектеп ынтымақтастығы.

5-сынып



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!