400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг "Команда құру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға басқа адамдармен өзара әрекет жасау дағдыларын қалыптастыруға көмектесу және мүмкіндігіше сайыстық принципті іскерлік принципке ауыстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг тақырыбы: « Команда құру» тренингі

Тренингтің мақсаты:

1.      Оқушыларға басқа адамдармен өзара әрекет жасау дағдыларын қалыптастыруға көмектесу және мүмкіндігіше сайыстық принципті іскерлік принципке ауыстыру;

2.      Командада жұмыс істеуге үйрену мүмкіндігін беру, өзін- өзі тануды дамыту, өзінің және басқалардың қиын және көпсатылы міндеттерді бірге шешуге жағдай туғызатын жеке қасиеттерін бағалауға үйрету;

3.      Әрбір адамда басқа адамдармен өзара әрекет жасағанда және қызметтес болғанда батылдық пен құзыреттілікке тәрбиелеу.


« Ғарыштық жылдамдық» жаттығуы


Жаттығу мақсаты:

1.      Қойылған міндетті орындау тактикасы мен стратегиясын топпен шешім қабылдау арқылы дағдыларын қалыптастыру;

2.      Топтың және оқушының өздігінен ашылуына бағдар беру.

3.      Топты ұжыммен жұмыс жасауға үйрету, топтық , ұжымдық шешім қабылдауда бірін бірі тыңдау тәрбиесіне үйрету.


Жаттығудың көрнектілігі: доп немесе ойыншық. Сыныптағы орындықтарды дөңгелете қою керек.


Сабақтың түрі: тренинг, жаттығу жүргізу

Сабақтың барысы:

"Көңіл күй ".

Уақыты: 5 минут.Іскерлікке қолайлы жағдай жасау үшін орындалады. Жұптарға бөлініп, қолдарымен ұстасып, беттің мимикасы арқылы қазіргі уақыттағы өздерінің көңіл- күйлерін бейнелеуі тиіс.

 

Оқушыларды щеңбер бойымен тұрғызып қоямын.

Үдеріс:

Жаттығуға нұсқау:

1.      Допты кез-келген тәртіпте шеңбер бойымен бір бірімізге беруіміз керек. Доп әрбір қатысушыға бірақ рет түсуі тиіс. Сонымен қатар, допты оң жақтағы және сол жақтағы көршіге бере алмайсыздар.

2.      Жаттығуды күрделендіру:

         Тура осы жаттығуды анықталған уақытта ғана орындау;

         «Осы уақыттан да тезірек орындай аласыңдар ма?» сұрақ қою

         Басқа да тәсілдерді осы берілген уақытта орындау. (Мысалы, осы тапсырманы екі, үш ойыншықпен жүргізу).

« Зияткерлік футбол» жаттығуы

Кейбір команда құру тренингтері мынадай схема арқылы жасалады:

Қатысушылар жұптарға бірігеді және қандай да бір уақыт осылай жұмыс істейді. Содан кейін біраз уақыт аралығында қатысушылар шағын топтармен жұмыс жасайды. Тренинг үлкен жалпы топтық жаттығумен аяқталады. Қазіргі жаттығу ортасынан бастап осы схема бойынша құрылған.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қазан
1553
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі