Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де
жемісті.
М а қ с а т ы : Ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты
нығайту
Ситуациядан шыға білуге және өзін-өзі танып
әрдайым, көтеріңкі көңіл-күйде жүруге баулу.
Барысы:
1. Сәлемдесу.
2. «Қошемет сөзі»
жаттығуы.
3. «Екі бақа» аңыз
әңгіме.
4. «Әзіл қалжың
тесті»
5. «Ақ тілек» жаттығуы
6.
VI.
«Шеңбер әдістемесі»
7. Жаттығу «Майшам»
«Өмір сүрудің ең жақсы жолы»
аңыз
Қажетті құралдар:
Доп, ақ параққа күннің, түсті және ақ қағаз,
қайшы, турлі-түсті қаламдар т.б.
Ұйымдастыру.
Психолог: Құрметті ұстаздар өз қызметтерін аянбай, алаңсыз
жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені
даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек
ететін, олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі
мақсат-айналамыздағы адамдарымызбен қарым-қатынасымыз қандай, олар
кімдер, біз кімбіз, өзімізді-өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға
жауап іздеп тұлғаның даму көзқарасын анықтау.
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып,
тренингімізді бастаймыз.
Сондықтан
ең алғашқы кездесуде «Танысу» тренингін жүргізуге болады. Бұл тренингтерде
қолданылатын ең бастапқы жаттығу болғандықтан, қатысушыларды
жұмысқа жауаптылықпен қарым-қатынас жасауға жұмылдыру қажет. Кейде
жай ғана танысу мен кездесу адамды түсінуге үлкен маңыз
береді. Адам туралы ақпаратты тек сыртқы келбетінен ғана емес, сөзі
арқылы да есте сақтауға болады.
I. «Сәлемдесу» жаттығуы.
Қатысушылар шеңберге тұрып мысалы «Мен Айжан
өмірде бақыттымын» дегендей өмірге, бойындағы қасиеттерге
байланысты сөз тіркестерін айтады. Сіздермен танысқанымызға өте
қуаныштымыз, қол шапалақтап, бір-бірімізге құрмет
көрсетейік.
II. «Қошемет сөзі»
жатығуы
Нұсқау: бұл жерде естіп, тыңдау арқылы өзіңізде
қандай өзгеріс болды, сізге қаншалықты жағымды
болды.
III. «Екі бақа» аңыз
әңгіме.
Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп
кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қарсыласпай өліп
қалады. Ал екіншісі, шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да,
арпалысқанының бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бірақ,
аяғында қаймақ, әлгі бақаның секіргенінен қоюланып, майға айналады.
Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді.
Аңызды оқып шығып, негізгі ойдың мәнін ашып
беріңдер?
IV.
Әзіл қалжың тесті
V. «Ақ тілек» жаттығуы
Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер
жазылады.
Қатысушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны
жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды.
VI. «Шеңбер әдістемесі»
Өзіңе ұнайтын жануарларды жазыңыз? Аң,
құс
1.
Үйдегі бейнеңіз
2.
Достарыңыздың арасындағы бейнеңіз
3.
Сырттағы бейнеңіз
4.
Ұжымдағы бейнеңіз
VII. Жаттығу «Майшам»
«Өмір сүрудің ең жақсы
жолы»
Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен
ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та
жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының
бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың
тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес
беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың
ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып
тастайды.
Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін
сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына
шақырып:
- Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі
болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттағы дүние-мүлкіме
қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан
беремін. Осы долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған
нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым
осы.
Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен
айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға
барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген
кезде, үлкен баласы:
- Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан
сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша
бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра
алмады.
Екінші баласы:
- Дүкенге барып екі жастық алдым – деді де,
жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады.
Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра
алмады.
Үшінші ұлы:
- Долларды ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20
центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін да садақа ретінде
тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан
сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты
жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың
нұрына бөленді.
Әке баласына риза болып:
- Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір
сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық
тарату!
Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір
мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс
жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп
отырамыз.
Қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген
әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын
деген тілек білдіремін. Сіздердің тілеген тілектеріңіз орындалсын
деп хошемет көрсетіп (қол соғып) осымен семинарымызды аяқтаймыз.
Хош сау болыңыздар.
Қорытынды: «Бақыт деген не?» деген сауалдың «Бақыт деген
таңертең жұмысқа, кешкісін үйге асығу» деген жауабын естіген
шығарсыз. Расында да, сүйікті жұмысыңызға, қызметтестерімізге ақ
көңілімізбен асығып жетсек, жұмыстан соң жылы ұямыздың шуағына
кенелу үшін асыққанымыз, көңіліміздің тыныштығын білдірмей
ме?