Мұғалімдерге арналған тренинг
Тақырыбы: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі
де жемісті»
Мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін
көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен
қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.
Тренинг
барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін
психологиялық тренингке қош келіпсіздер! Бүгін сіздердің психикалық
көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық
қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға,
бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке
ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
1. «Таныс болайық!»
жаттығуы
Мақсаты: Өзін таныстыру, ұжымға бейімделу, айналасындағылармен
бірлесіп жұмыс жасауға оң бағытталу.
2. Әдістеме: «Менің
мінезім»
Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген
қабілеттерін анықтау.
Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі.
Әр бөлікке төмендегі жануар,аң, құс аттарын жазып шығады.
Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу,
Қарлығаш,
Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі,
Тасбақа,
Жылан, Балық.
Соңында 1. Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының арасында, 4. Өзіндік
баға деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол
бөлікке қатысты мінездемелермен танысады.
Жауабы:
1.
Түйе- шыдамды
2. Жылқы- тектілік
3. Сиыр- өкпелегіш
4. Қой- жайдарлылық
5. Ешкі- ұйымдастырушылық
6. Ит- адалдық
7. Мысық- биөрісі басым адамдар
8. Тауық- шығармашыл
9. Қаз- тазалық
10. Аққу- сезімтал
11. Қарлығаш- бауырмал
12. Үйрек- ұқыптылық
13. Бұлбұл- әнді жақсы көретін
14. Арыстан- қайратты
15. Қасқыр- жігерлі
16. Түлкі- бейімделгіш
17. Маймыл- әртістік қабілеті бар
18. Қоян- елгезек
19. Тауешкі- талғамы жоғары
20. Тасбақа- мейірімді
21. Жылан- салқынқанды
22. Балық- еркіндікті қалайды
Талдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма?
3. «Мен – үйде» және «Мен – жұмыста» жаттығуы
(10 минут)
Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен
үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі
бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс -тұрыстарыңызды
жазыңыздар.
Талқылау:
1. Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың
ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.
2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу
болды?
3. Не себепті айырмашылықтар болады?
4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек пе?
Неге?
4. «Тиімді қарым-қатынас орнату»
жаттығуы.
Ортаға 6 мұғалім шақырамын. Сіздерге тапсырмалар беріледі.
Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалдық емес қарым-қатынас құралдарының
көмегімен жағдаяттарды ойнап шығуы тиіс. Басқа қатысушылар не жайлы
«баяндалып» жатқанын шешулері керек.
5. «Сарқырама» релаксациялық
жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың өздерін сергек сезінуіне
көмектеседі.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған,
музыкамен орындалады.
Жүргізуші: «Жайланып отырыңыз және көзіңізді жұмыңыз. 2-3
рет деміңізді шығарыңыз, дем алыңыз. Өзіңізді сарқыраманың жанында
тұрмын деп елестетіңіз. Бірақ бұл басқа сарқырамаларға ұқсамайтын
ерекше сарқырама. Судың орнына бұл сарқарамадан жұп-жұмсақ аппақ
жарық ағуда. Енді өзіңізді осы сарқыраманың астында тұрмын деп
ойлаңыз және осы сарқырамадан сіздің басыңыздан төмен қарай ақ
жарықтар ағып жатыр деп ойлаңыз… Өзіңіздің маңдайыңыз, ауызыңыз,
бетіңіз бен мойныңыздан ағып жатқан ақ ұлпа жарықты сезініңіз… Ақ
жарық сіздің иықтарыңыз бен арқаңыздан ағып жатыр, бұл сізге
өзіңізді жайлы сергек сезінуіңзге көмектеседі. Арқаңыздан аққан ақ
жарық сіздің арқаңыздағы ауыртпалықты алып кеткендей болады…
Сонымен қатар жарық сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздан және
саусақтарыңыздан ағып жатыр. Сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздың
жұмсақ әрі сергек болғандығын сезіндіңіз. Жарық сіздің аяқтарыңыз
бен өкшеңізден ағып кетіп жатқандығын сезіндіңіз. Бұл жарық сіздің
денеңіздегі қысымды өзімен бірге алып кетіп, денеңізді жұп-жұмсақ
әрі сергек етуде. Сіз өзіңізді жайлы сезінудесіз, сіздің денеңіз
жағымды күштер мен қуаттарға баюда… (30 секунд). Ал енді, сіздің
бойыңызды таратқан сарқырамаға өз алғыстарыңызды білдіріңіз.
Денеңізді тік ұстап, көзіңізді ашыңыз».
Талдау: Қандай сезімде болдыңыз? Не
сезіндіңіз?
7.«Күн шуағы»
жаттығуы
Мақсаты: позитивті көңіл-күй орнату.
Барысы: әрбір қатысушының алдын ала дайындалған күннің бейнесі
дайындалған. Күннің ішіне және сәулесіне қатысушылар бір біріне өз
тілектерін жазады.
Қорытынды: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын
қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын. Мен
сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын.
Тренингке қатысқандарыңызға рақмет! Сау
болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тренинг "Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті"

шағым қалдыра аласыз