400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

тренинг «Маған өмір қымбат» 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
педагог-психолог тренинг салауат өмір салтына
Материалдың қысқаша нұсқасы

« № 41 жалпы орта білім беретін мектеп » КММ










Shape1


Тақырыбы: «Маған өмір қымбат»


Дайындаған :

педагог-психологы Амангелдіқызы Айнұр












Семей қаласы

2018-2019 оқу жыл

Тақырыбы: «Маған өмір қымбат»

Мақсаты: Оқушыларға берілген тақырып бойынша жалпы түсініктер беру, білім көлемін кеңейту. Балалардың танымдық процестерін дамыту, әр оқушыны өзін еркін ұстауға баулу, бір – бірімен қарым – қатынасын жақсарту.

Міндеті:

Оқушыларды кездескен проблемаларды дұрыс түсіне білуге, әр жеке оқушы үнемі өз – өзіне психологиялық саулықты тілей отырып, өзін – өзі сыйлауға тәрбиелеу

Әдіс тәсілдері: Әңгімелесу, көрініс, сұрақ – жауап , түсіндіру

Көрнекіліктері:Топ аттарының қимасы, Нақыл сөздер, интерактивті тақта , слайд

Барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды 3 топқа бөліп бөлініп отырады.

Денсаулыққа зор кесел

Өлім менен шылымға,

Насыбай, арақ, анаша

Қайшы келер ғаламға,

- деп ақындарымыз осы зиянды заттардың адамзат денсаулығына кесел екенін жырлағандай, бүгінгі қоғамымыздағы жастардың ауруы – темекі, арақ, есірткі және өз - өзіне қол салу болып отыр. Осы зиянды кеселдің адам өміріне тигізер әсерін, келтірер зиянын ұғыну мақсатында сіздермен бірге өткелі отырған интелектуалдық танымдық сабақ . тақырыбы «Маған өмір қымбат» деп аталады.

  1. Кіріспе сөз.

Өмір. Бұл ұзақ жол. Бұл жолда әркім әртүрлі қиындықтар мен қызықтарға, бар мен жоққа, аштық пен тоқтыққа, қуаныш пен қайғыға кездесіп отырады. Өмірде барлық адам бір жолмен жүрмейді, олар бірдей емес. Әркімнің өмір жолы әртүрлі. Дестеде әркімге өз өмірі қымбат. Қымбат бола тұрса да, кейде адам өз өмір жолында кездескен қиындықтарға төзе алмай әдепсіз жат нәрселерге беріледі.

Ал, ол қандай жат қылық?

  1. «Суреттегі ой».

Үш топқа үш түрлі сурет таратылып беріледі. Сол сурет бойынша оқушылар өз ойын айтады.

Бірінші топқа – иығына темекі асынып алған қаңқа.

1 – оқушы: Темекі адам ағзасына зиянды. Ол ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Әрбір шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады.Сонымен қатар жүйке жүйесінің қызметі, адамның естуі мен көруі нашарлайды. Түсті ажырату қабілеті төмендейді.

Әсіресе, темекі шегуден жасөспірімдердің жүйке жүйесі тез бұзылады. Олар ашуланшақ, жалқау болып, ұғу қабілеті төмендейді.

Екінші топқа – иығына шприц асынып алынған қаңқа.

2 – оқушы: Нашақорлық – аса қауіпті де қасіретті дерт. Оған ауызданған баланың өзін – өзі тежеуге шамасы келмей, есін жиғызбай, есірткінің басыбайлы құлы болады. Есірткі бұл адамның көңіл – күйін, сана – сезімін, мінез – құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Есірткі адам ағзасы мен психикасына әсер етіп, зақымдайды.

Үшінші топқа – иығына арақ асынып алынған қаңқа.

3 – оқушы: Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел. Алкоголь ішімдіктеріне құнығу жолдары:

  1. Тұрмыс жағдайындағы маскүнемдік.

  2. «Бас жазу» синдромы немесе үнемі ішкісі келу.

  3. Ішкен ішімдік мөлшерін бақылауды жоғалту.

Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамдардың өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15 – 20 жас кем. Балалардың миының дамуының 40 – 60 пайыз артта қалу себебі – ата – аналардың маскүнемдігі.

  • Міне, сендер темекі,есірткі және ішімдік туралы білетіндеріңді, адам өміріне зиянды екенін айтып өттіңдер.

3. «Менің ойымша»

Бұл бөлімде 3 топқа үш түрлі сөздер беріледі. Сол сөздер бойынша оқушылар өздерінің түсінгендерін ортаға салады.

1 – топқа: Ертеде Грек елінің данышпаны Аристотель «Мас болу өз еркіңмен жындану деген сөз» деп жазыпты. Осы сөзді қалай түсінесіңдер?

Оқушы : Мас болған адам жынды адамның кейпін киеді. Себебі ол ақылынан адасып, не істегенін білмейді. Бірақ ол жындымын, ақылымнан алжастым деп ойламайды. Оны тек сырт адамдар көре алады.

2 – топқа: Пифагор «Маскүнемдік ақылдан алжасуға жаттығу» - депті. Осы сөзді қалай ұғасыңдар?

Оқушы: Менің ойымша бұл сөздің мағынасы ішімдікті жиі падаланған адамға әдет болып қалады. Ол болмаса тұра алмайтын қалге жетеді. Яғни ағзасы ішімдікке үйреніп, ақылынан алжасуға жаттығады деп ұғамын

3 – топқа: «Шылымқор өзін емес өзгелерді де улайды» дейді. Осы сөзді қалай түсінесіңдер?

Оқушы: Менің ойымша, темекі шеккен адам өзінен гөрі өзгеге көбірек зиян келтіреді. Никотин темекі шегетін адамға зиянды емес, оның едәуір болігі ауаға тарап айналасындағылар улайды. Сонымен қатар жастар бірін – бірі темекі шегуге итермелейді – деп түсінемін

  • Сендер ұлы ойшылдардың айтқан сөздерін қалай түсінетіндеріңді айтып өттіңдер. Яғни ерте заманнан бері адамдар жат қылықтарға қарсы екенін көрдіңдер. Оған мына көріністер дәлел бола алады. көрініс. «Ана мейірімділігі»

  • Ендігі кезек ситуациялық жағдайларды шешу.

  1. «Миға шабуыл»

Әр топқа ситуациялық сұрақтар таратылып беріледі.

1 – топ. Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді, бірақ сенің темекі шеккің келмейді. Достарың сені темекі шегуге итермелейді, сен достарыңды да қиығың келмейді. Не істер едің?

1 – оқушы : Достарыма бұл жолдың дұрыс еместігін, мұндай әдет өздерінің денсаулығына зиян екенін айтып түсіндіруге тырысар едім.

2 – оқушы: Достарыммен бірге олардың көңілін қимай темекі шегіп көрер едім.

2 – топ. Сен бір сәт есейгің келді. Үлкендерге ұқсап демалғың келді, есік алдындағы дүңгіршекке барып, вино әкелдің, дәл осыдан соң қандай әрекет жасауың мүмкін?

1 – оқушы : Ішімдіктің денсаулығыма зиян екенін сезініп виноны ішпей ағаларға апарып берер едім.

2 – оқушы: Үлкендер ше демалуға досымды шақырып, виноны ішіп көрер едік.

3 – топ. Сенімен бірге оқитын, бірге отыратын жан досыңның есірткі пайдаланатынын білдің. Сол кезде сен не істер едің? Қандай әрекеттер жасар едің?

1 – оқушы : Есірткі адам ағзасына өте зиянды екенін, соңы өлімге әкеліп соғатынын, өзінің өмірі үшін емделу керек екенін айтар едім.

2 – оқушы: Досыммен бірге есірткінің қандай екенін менде көрер едім.

Олай болса, осы өзінің өмірін улаған жандарды не күтіп тұр? Есірткі талай талай жастың өмірін лайлап, талай жанды өмірдегі өз бағынан тайдырып жіберіп жатыр. Ендігі кезекте сіздерге «Зиянды заттар зардабы» деген тақырыбын баяндайды.

(Тақырыпта зиянды заттардың темекі, есірткі,ішімдіктің адам ағзасына зиянымен бірге, соңғы жылдардағы есірткімен, ішімдікпен айналысқан жастардың саны және соңы немен аяқталғандығы туралы мәліметтер айтылады.

Сызба бойынша қысқашы шолу.)

Темекінің ағзаға тигізетін әсері




Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2

Shape7 Shape8

Адам өмірі қысқарады



Жазылмайтын жара пайда болады






Shape9


Айналасындағы адамдарға зияны тиеді







Shape11 Shape10

Тыныс алу мүшелеріне зиян.

Өкпе ауырады



Қан тамырларын тырыстырады












Алкогольдің ағзаға тигізетін әсері


Shape16 Shape15 Shape13 Shape14 Shape12


Shape18 Shape17

Ағзаның іс – қимылы өзгереді



Дененің жылуы төмендейді







Shape19


Жүректің жұмысы әлсірейді









Shape21 Shape20

Жүйкеге әсер етеді




Тыныс алу баяулайды






Есірткінің зардабы


Shape26 Shape24 Shape25 Shape22 Shape23

Shape27

Адам өмірі қысқарады




Shape28

Жүйке жүйесіне әсер етеді






Shape29

Ақыл – ой деңгейі төмендейді




Shape30

Қан бұзылады





Shape31

Иммунитеті әлсірейді








  • Міне, балалар, өздерің айтқандай темекінің, есірткінің, ішімдіктің адам өміріне өте қауіпті дерт. Осы қауіпті дерттің соңы неге апарады?

  • Әрине өлімге апарары анық.

Сонымен, зиянды әрекеттен бойымызды аулақ салсақ біздің өміріміз ұзақ та мәнді болмақ.

  • Олай болса келесі бөлімге кезек.


  1. «Өмір маған қымбатсың»

Адам өміріндегі тағы бір қиын жағдай – ол жалғыз қалу немесе жалғыздық. Өмірде қиналған адамды «Мен жалғызбын, мен ешкімге керек емеспін» деген сияқты ойлар мазалайды.. Эмоциясы бұзылып, депрессияға шалдығады. Болашаққа үмітсіздікпен қарайды.

Неліктен?

Осы мәселеге жүрдім – бардым қарай берсек, алдын ала алмаймыз. Олар әруақытта моральдық тұрғыда көмек бергенді қалайды. Тұңғиыққа батқан санасын суырып шығаруға құдіреті жетерлік жылы сөздер айтып, дертінен айықтырғанын теріс көрмейді. Жылы сөз көңілге жұққан кірден, жаралы жүрекке біткен дақтан тазартады. Яғни, суицид – ішкі эмоционалды қуатын шығару кезінде адамның әдейі өз – өзіне қол жұмсау себебінің соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай.

Құран Кәрімнің аятында былай делінген:

«Дінімізге үлкен мән берілген нәрсенің бірі кісінің өзін – өзі өлтіруі. ЖАН – адамға берілген Аллаһ Тағаланың аманаты. Жанды берген Аллаһ Тағала, уақыты жеткенде қайтып алады. Өзін –өзі өлтірушілер Аллаһ Тағаланың аманатын сақтай алмағаны үшін әрі аманатқа қиянат жасағандықтан күнәлі болады. Өзін – өзі өлтірген адамға ешкімде жақсы көзбен қарамайды, тіпті ондай адамдарға жаназа оқымасын деген сөз бар. Адам қандайда бір ауыр жағдайда тұрса да, қайғы жұтып, қиналып, азап шексе де өзін – өзі өлтіруі дұрыс емес. Мұндай жағдайда иманы толық адамдар мұсылмандық сабырмен табандылық таныта отырып өзін аман алып шығуға себепші болады » делінген.

Олай болса, мұндай жаман істен бойымызды да, ойымызды да аулақ салғанымыз дұрыс. Себебі сен жалғыз емессің. Сенің ата – анаң, достарың, ұстазың, сыныптасың бар. Қай уақытта болмасын бұлттан кейін жадырап күн шығады. Әр уақытта мұңаюдан кейін қуаныштың болатынына сенуің керек. Әркімнің өмірі әр түрлі соқпақ кедергілерге кездесіп отырады. Осы жолда өзіміздің өмірімізді қымбат бағалап, жат қылықтан бойымызды аулақ салайық.


  1. Проблемаларды жою

Оқушыларға үнтаспадан баяу әуен тыңдайды, ал балаларға парақтар таратылып беріледі. Сол парақтарға айтылған проблемаларға байланысты әр түрлі сөйлемдер айтылады. Оқушылардың әрқайсысы осы проблемаларға сәйкес бір заттың суретін тез арада суреттейді.


  1. Темекі адамның ағзасын улайды.

  2. Есірткі пайдаланған өз өміріңе қауіпті.

  3. Арақ адамның қас жауы.

Барлығы салып болған соң әр оқушы салған суретті мыжып урнаға тастайды. Тастап тұрып «Мұндай нәрселерден бойымды аулақ саламын» деп атады.


  1. Қорытынды.

Қорыта келгенде арақ, темекі, есірткінің соңы адам өміріне қауіп төндіреді.

Сонымен қатар жұмыссыздық пен тоғышарлық адам баласын аздырады.

Олай болса Абай атамыз айтқандай

«Тамағы тоқтық, көйлегі көктік

Аздырар адам баласын» - дегендей

Білімге, кәсіпке, имандылыққа,мойын бұрмаған адамдар өз өмірін бағалай алмайды. Кімнің жүрегі таза, адамгершілігі мол, қанағатшыл, иманды,өзгелерге қамқоршы бола білетін болса сол адам өз өмірінің қымбат және қоғамға қажет екенін сезінеді.






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 маусым
1807
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі