400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг: "Мамандақ таңдауда қателеспе" 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сынып оқушыларына қажет. Мамандық таңдауға көмектесу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мамандық таңдаудан қателеспе»

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз

Әл – Фараби

Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.

Күтілетін нәтиже: Тренинг соңында оқушылар мамандық таңдау кезінде нақты шешім қабылдауы. Өзіне лайықты, ұнайтын мамандық таңдап, сол мамандықтың қыр сырын ұғынуы, ең бастысы қателеспеудің жолын таңдау керек.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, ватман, маркер, жекелеген карточкалар.

Жоспары:

  1. Кіріспе сөз

  2. «Кел, танысайық!» тренингі

  3. Топқа бөлу

  4. «Мамандық таңдаудағы жасалатын негізгі қадамдар» постер қорғау

  5. «Мамандықты тап» ойыны

  6. «Ең жақсы» ойыны

  7. «Ерте, ерте, ертеде...» ертегі құрау

  8. Қорытынды

1 Кіріспе сөз:

Мектеп оқушыларының мамандақ таңдауда дұрыс бағыт алу мәселесі мектептің мұғалімдерінің қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі болып отыр. Бала үшін болашық мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен бірдей. Өкінішке орай, біз, балалардың таңдауының ақылмен емес, біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата-анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Ақпараттың көптігі де, өзін –өзі танудың әліппесі де, оларды қалай пайдалану керектігін білмегендіктен кейде қателесетін жағдайлар жиі кездеседі. Жалпы айтқанда, бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін-өзі тану арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуы және оған бейімделу мәселесі туындауда. Яғни мамандақ таңдауда оқушыға өз ақыл –ойымен, дұрыс шешім қабылдау үшін мұғалімнің де көмегі керек. Сондықтан бүгін «Мамандақ таңдаудан қателеспе» атты тақырыпта тренинг сабағын ұйымдастырып отырмыз.

2. «Кел, танысайық!» тренингі. Қатысушылар өздері туралы айтады. Мәселен, «Мен – Гүлім, оқушымын. Сыпайымын, әдептімін, сымбаттымын» деп таныстырады.

3. Топқа бөлу

4. «Мамандық таңдаудағы жасалатын негізгі қадамдар» постер қорғау

5. «Мамандықты тап» ойыны

Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.

Дәрігер Мұғалім

Футболист Банк қызметкері

Хатшы Кітапханашы

Сатушы Бугалтер

Сварщик Құрылысшы

Полиция қызметкері Ұшқыш

Аспаз Әртіс

6. «Ең жақсы» ойыны

Оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшасы көп болып табылады. Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:

Ең ақшасы көп – есепші, экономист

Ең жасыл – эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші

Ең тәтті – аспазшы, кондитер

Ең күлкілі – клоун, карикатурашы

Ең жауапты – сот, есепші

Ең салмақты – мұғалім, заңгер

Ең қарым – қатынасы күшті – бизнесмен, сатушы

7. «Ерте, ерте, ертеде...» ертегі құрау. Берілген сөздерді пайдалана отырып ертегі құрау.

Қажетті сөздер: бала, ата-ана, мектеп, мұғалім, ықпал, білімді, болашақ, бақыты, бауырсақ, түлек, тілек, Қазақстан, белсенді, ойшыл, таңдау, мамандық, шеберлік, қателеспеу, икемділік.

Қорытынды

Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау.

Мамандықты таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.

Ж. Аймауытов айтқандай:

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» егеменді еліміздің ертеңі – маман иелері болуларыңызға тілектестігімізді білдіреміз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
26.10.2020
692
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі