жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тренинг "Мамандық жетістік мерейі"
Мамандық жетістік мерейі
Мақсаты: Мамандық құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандықтаңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.
.
Тренинг ережелері:
Сыйластық;
Тыңдай білу;
Сөзді бөлмеу;
Белсенділік таныту;
Шығармашылық;
Ұйымдастырукезеңі
Сәлемдесу, қатысушыларды үш топқа бөлу.
«Танысу» жаттығуы
Танысу
Менің есімім
Менің таңдаған мамандығым
Енді біздің қазіргі көңіл күйіміз қандай? Жақсы көңіл күймен бүгінгі тренинг сабағымызды бастайық.
Кіріспе әңгіме
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауап кершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастырушы, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң.
Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Болашақтағы мамандықтарынызды бейнелейсіздер.
Өз ойларынызды ата аналарынызға қандай мамандық қызықтыратыны жайында айтасыздарма? Ақылдасасыздарма?
Ал енді қонырау шал жаттығуы. «Анашым мен сізді жақсы көремін».
«Мамандықты тап» ойыны
Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ым мен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек. Жасырылған мамандықты тап! Тренингі. Нұсқау: Топқа бөліну. Әр топтаң бір қатысушы келіп жүргізушінің қолындағы карточканы алу керек. Әрбір карточкада белгілі бір мамандықтың аты жазылған. Барлық топ өздеріне түскен мамандықты қарсы топтарға ешқандай вербальды емес қарым қатынаста (ешқандай сөз қолданбай), ым ишарамен, түрлі қозғалыстарымен түсіндіруі қажет.Ал қарсы топтар жасырылған мамандықты табу керек. Мамандық жасырғанда сізге қиын болды ма? Мамандықты тауып алу оңай болды ма?
«Миға
шабуыл» ой қозғауы бастайық
1 Мамандық дегеніміз не?
Мамандықты меңгеру үшін не қажет?
Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
Адам
өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай
дайындауы керек?
Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Сізге қай мамандық лайық? 1. Дөңгелекті таңдасаңыз... Сіз үшін тұлғаралық қарым-қатынастың рөлі зор. Өз ортаңызда өзіңізді бақытты сезінуді маңызды санайсыз. Өзгелердің қуанышын да, қайғысын да өз басыңыздағыдай қабылдайсыз. Сізге әртіс, мұғалім, тарихшы, мейрамхана иесі болу жарасады.
2. Шаршыны таңдаған болсаңыз... Өте еңбекқор адамсыз. Бастаған істі орта жолда тастамайсыз. Бірақ маңызды істерді шешерде ұсақ-түйекке шүйлігіп қаласыз. Миыңыздың сол жақ бөлігі жақсы жұмыс істейді, демек логикаңыз жақсы дамыған. Сол себепті жүректің емес, ақылдың айтқанына бағынасыз. Сізге есепші, бағдарламашы, банк қызметі, дәрігер, инженер, жүргізуші мамандықтары дәл келеді.
3. Таңдауыңыз үшбұрыш болса... Сіз өте жақсы менеджерсіз. Жаңа ақпаратты бірден қағып аласыз да, талдап, сараптап, жіпке тізіп шығасыз. Біліктілігіңіз бойыңызға сенімділік ұялатады. Барлығын дұрыс жасауға талпынасыз. Қателік шықса, мойындағыңыз келмейді. Биік мақсатқа жету үшін өзіңізге деген тым сенімділік пен шыдамсыздық кедергі келтіруі мүмкін. Сәйкес келетін мамандықтар: архитектор, экономист, саясаткер, әскери қызмет, менеджер, қорғаушы, дизайнер.
4. Дөңгелекті таңдасаңыз... Сіз өз өнеріңізді бағаламайсыз. Тіпті ештеңеге қабілетім жоқ деп ойлайсыз. Сондықтан өзіңізді іздегенде екі үстелге қатар отырғыңыз келеді, бұл мүмкін емес. Бұйырған кетпейді, осыны естен шығармаңыз. Жаныңыз сүйетін іспен айналысуда тәуекелге бел буыңыз. Сіз үшін бөлім басшысы, кәсіпкер болған дұрыс.
5. Таңдауыңыз ирек пішінге түссе... Сіз шығармашылық адамысыз. Өмірге әр қырынан қарайсыз, оның әрқайсынан ішкі сұлулықты көресіз. Қарқынды, сабырлы адамсыз. Бір орында отырып ұзақ жұмыс істей алмайсыз. Ең керемет, креативті идеяға байсыз. Оны жүзеге асыру үшін жүйелілік пен шыдамдылық жетіспейді. Өзіңізді зерттеуші, дизайнер, өнертапқыш, музыкант, жазушы не суретшілер арасынан іздеп көріңіз.
Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау өте жауапты іс. Өйткені таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағын, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі.
Тығырықтан шығу жаттығуы.
Бір оқушы шығады, көзін байлаймыз. Оған қатысушылар бір белгіленген жерге жетуіне көмек береміз және түрлі кедергілер болады. Тапсырманы орындап болған соң, белгіленген орынға жеткен соң оқушының көзін ашып өз ойын білеміз.
Жалпы саған тапсырма қиын болды ма? Көзінді байлағанда қандай сезімде болдыңыз. Әр бір жетістікке, мақсатына жету үшін алдында түрлі кедергілер шығады,соған мойын сұнбай сіз тапсырманы орындап шықтыңыз. Жарайсыз. Орнынызға жайғасыныз.
Мақсатқа қарай үрлейміз жаттығуы.
Жаттығудың сипаттамасы; Қатысушылардың барлығының алдарындағы парақшаға «Мен жнткім келеді...» деген тіркесті жалғастыра өздерінің қол жеткізгісі келген армандарын жазады.Содан соң парақтарын жұмарлап еденге қояды.Енді таза парақшаға тағы «Мен
жеттім..» деп жалғастырып жазып бұл парақшаныда жұмарлап алдыңғы парақшадан 3 метр алыс қашықтыққа еден үстіне қойып, бірінші парақшаны екінші парақшаға үрлеп жеткіземіз.
Жаттығудың психологиялық мәні: жаттығу қатысушыларға алдына қойған мақсатқа жету үшін дұрыс жолды таңдауға , талпыныс жасауға жетелейді.
Талқылау: жаттығу қандай көңіл – күй тудырды? Ойыншылар қандай әсер алады? Шынайы өмірде мақсатқа жету үшін не қажет?
«Майшам»
жаттығуы
Оқушылар
дөңгелене отырып, қолдарындағы майшамды
көршілеріне беру арқылы,бір-біріне
алдағы ҰБТ жақсы тапсырып,қалаған маман
иесі болып, аңсаған армандарына жету
үшін әр уақытта өмір жолдарының
ашық,жарқын болуларына сәттіліктерін
тіледі.
Бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.
Бос
микрофон» (рефлексия
)
Еркін
түрде қатысушылар психологиялық
тренингтен алған әсерлері туралы пікір
бөліседі.
Әлемде
өзі қаламайтын мамандық иесі болып
жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын
жанымен сүйіп істейтін адамдардың да
саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай,
өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс
қалауыңызға тілектеспіз.
Бүгінгі
сабағымызды мына өлең жолдарымен
аяқтауға рұқсат етіңіздер
Еңбек
етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма
жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық
іс пен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл,
сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым
– таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы,
ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей
ел сеніміне кіретін құрметті мамандық
иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде
айтылған ақыл кеңестерді жадыңызда
ұстап ілім- білім алуға барлық күш
жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің
ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға
тілектестігімді білдіремін!
Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі
Орындаған : Есім А.Қ.
Арқалық қаласы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген