«Қаракөл аулының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Ата-аналарға арналған
Тренинг
Тақырыбы: Мамандық таңдауда ата-ананың маңызы
Өткізген: Педагог-психолог Бекей Жанылгүл
Мамандық таңдауында ата ананың маңызы
Мақсаты: “Мамандық” құндылығы туралы
түсінік сферасын кеңейту. Мамандық таңдаудағы ата — ана міндеті,
оның нәтижесіндегі еңбек қуанышына қосар үлесі мен жеке тұлғаның
әлеуметтік ашық қоғамға бейімделуіне, яғни әлеуметтенуіне ықпал
ету.
Міндеттері:
• Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;
• Мамандық таңдауда үйлесімді оң шешім қабылдау;
• Бала бойындағы жеке дара психологиялық ерекшелігін тану;
• Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табандылыққа отбасында
тәрбиелеу.
Көрнекі
құралдар: түрлі — түсті қағаз, үнтаспа, А4 қағаз, слайд,
қанатты сөздер.
Өткізілу формасы: дөңгелек стол
Әдісі: әңгімелеу, пікірталас, ойын —
жаттығу.
Жүргізілу
барысы:
Ұйымдастыру: Ата — аналардың қолына жасыл және сары түсті
жапырақшалар таратылып, екі топқа бөліп отырғызылады.
1. «Ой — қозғау» топпен жұмыс
2. «Бүгінгі менің ойым» айдары бойынша пікірталас.
3. «Шабыт» ойын — жаттығу
4. «Сүйіспеншілік сипаты»
5. Қорытындылау.
Ісім оңсын
десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әл — Фараби
І — бөлім «Ой
қозғау»
МАМАНДЫҚ – ОЛ… І — бөлім «Ой қозғау»
МАМАНДЫҚ – ОЛ…
Мамандық – бұл арнайы біліктілік пен білімділікті талап ететін,
адамның еңбек қызметінің түрі.
ЕҢБЕК — ОЛ…
Еңбек — бұл адамның қызметі, материалдық және рухани жағдайын
құруға бағытталады.
ЕҢБЕК ПЕН МАМАНДЫҚТЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ…
Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек, Ал
мамандық латын тілінен аударғанда — ресми көрсетілген іс, яғни
мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керектігін
көрсетеді.
ІІ — бөлім
“Бүгінгі менің ойым”
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
• Бейімділігі (қызығушылығы, еңбек түрткісі, ынтасы);
• Қабілеті, денсаулық жағдайы (ішкі мүмкіндіктер мен
шектеулер);
• Ықылас деңгейі мен өзін — өзі бағалауы;
• Икемі;
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
• Өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын білу;
• Кісілік қасиеттерге (имандылық, ізгілік, қайрымдылық,
кішіпейілділік, дербестілік, жауапкершілік, намысқойлық,
жігерлілік,, т. б.) ие болу;
• Ортамен қарым — қатынас жасай білу;
• Өзінің таңдаған мамандығының мазмұны мен қызықты қырларын, жұмыс
тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап
бере алғанда ғана таңдаған мамандығы туралы ой — ниеті салмақтана
түседі.
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп
ойлайсыз?
• Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнына
жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез — келген жағдайда
қосалқы таңдаған мамандық болу қажет. Мүмкіндігі болып жатса,
“Жігітке жеті өнер де аз” деген сөз тегін емес. Таным көкжиегі
кеңіп, білім қоры артса несі айып. Сәйкес мамандық болса, кең түрде
білген, игерген жақсы. Сол мамандықты тереңдете, үнемі қыры — сырын
байқап, ізденіп білім толықтыру да жаман емес. Тек тоқырап қалмау
керек.
Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп
ойлайсыз, ондағы ата — ананың рөлі қандай?
• Мамандыққа ертерек дайындалу, жақсы ақпарат алу, өзіңді іштей
әзірлеу, мүмкіндігіңді есепке алу, т. б. ойлану, толғануға уақыттың
кеңдігі жақсы.
• Ата — аналар баланың жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып
мамандыққа қатысты икеміне, қызығушылығына, қабілетіне, бейіміне
қарай қажетті үйірмелерге қатыстыру, мамандыққа байланысты әдеби
кітаптармен, ақпарат көздерімен қамтамасыз
ету.
ІІІ —
бөлім «Шабыт»
Тапсырма бойынша ата — ана өзі келіспейтін тұжырымды берілген
тұжырымдардан бөліп алып, ойын анық, ашық түрде жариялайды.
Мысалы: Мамандық бір — ақ рет біржола таңдалады — келісуге
болмайды. Жағдайға байланысты жаңа мамандық игеруге құқығы бар,
сәйкес мамандықты атқаруға болады.
• Мамандық бір — ақ рет біржола таңдалады.
• Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.
• Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты.
• Отбасы мен достарының ақылына сүйеніп, мамандық таңдауға
болады.
• Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
• Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.
• Ақша болса, мамандық қажет емес.
• Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.
• Мамандық таңдаудағы басты өлшем — қызығу мен қоғамдық сұраныстың
сәйкестігі
• Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды.
• Мамандық таңдау — күн көріс қамы.
ІҮ — бөлім
“Сүйіспеншілік сипат”
“Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді”
(Л. Н. Толстой)
Көрсетілген дәйексөздің мағынасын ашу.
Мамандықтың бәрі жақсы, баламның өз қалауы бойынша мамандық
таңдауға жағдай жасаймын, бірінші кезекте жоғарғы оқу орнын емес,
әуелі мамандық таңдауды бірінші кезекке қоямын деген ата — аналар
жасыл жапыраққа өз ізгі ниетін білдірсін, апікірге кереғар ұстаным
ұстайтын ата — аналар, яғни мамандық таңдауда әлі де шешілмеген
көкейінде проблемасы бар ата — аналар сары жапыраққа ой — ниетін
білдіріп ағашқа жапсырамыз.
Енді осы ойларыңыздың барлығы неге ағашқа жапырақ түрінде
жапсырылды, қалай ойлайсыздар…
Әрбір отбасы — өркен жайған ағаш діңгегі. Егер осы сары жапырақтар
көп болса, сіздің отбасыңызда балаға мамандық таңдауда беріліп
жатқан бағыт — бағдарыңыз көмескі, оң жолға қойылмаған. Ал егер
жасыл жапырақ көп болса, сіздің отбасыңызда балаға мамандық
таңдауға бағыт — бағдар беру өз мәні де жүргізіліп жатыр деп айтуға
болады.
Үлкендер бата бергенде көктеп көгер, ұрпақ жай деп жатады, сол
сияқты отбасының көктеп — көгеруі үшін, өздеріңіз айтып жатқан
жақсы ойлардың барлығын балаға сүйіспеншілікпен ұқтыра,
қалыптастыра, дарыта білуіміз қажет.
Қорытынды
бөлім:
Күнді қолмен бүркеуге болмайтындай, барлық проблемалардан қашып
құтылу мүмкін емес. Балаңызға, мамандық таңдауда қадірменді ата —
ана ақыл қосар ақылшысы екеніңізді, қиындығын жеңілдетер көмекшісі
екеніңізді, яғни ертеңгі күнгі сүйеніш — тірегі екеніңізді
ұмытпаңыздар.
Құрметті
ата — аналар!
Адам, өмірінде екі — ақ нәрсесі дұрыс болса болғаны өзін бақыттымын
деп санайды екен. Біріншісі — мамандық, екіншісі — адал жар.
Қарап отырсақ, жұмыс пен оның аясында отбасында тіршілік ету адам
ғұмырының тең жартысын алады екен. Өзіңді мамандықтар әлемінде табу
— өзіңнің қоғамға қажетті адам екеніңді сезіну, лайықты қаржы табу,
өз қабілеттеріңді барынша көрсету мен сый — құрметке бөлену болып
табылады.
Жалпы адамның өз мамандығына қаншалықты риза болса, өмірге де дәл
солай риза болады екен. Кәсіп таңдау бір жағынан — болашаққа үңілу
болса, екінші жағынан, ол — өзінің ішкі жан — дүниесіне үңілу, яғни
менің мықты және әлсіз жақтарым мен не істей аламын, табысқа жету
үшін маған не қажет деген сауалға жауабың.
Жүректен жүрекке: Ата — аналар ортаға шеңбер құрып тұрады. Балауыз
шамды қолдан — қолға беріп бір — біріне жылы сөздер
айтады.
Ата-ананың мамандық таңдауға дұрыс ықпал ету маңыздылығы
Көк жүзіне
алаулы,
Міндет емес ай
болу.
Ең бастысы
қалаулы,
Кәсібіңе сай
болу!
«Есейгенде кім болғың келеді?» – бұл үлкендер өз балаларына қоятын ең танымал сұрақ. Бірақ, бұл сұраққа бала дұрыс жауап бере алады ма? Ол әр түрлі жауап болуы мүмкін. Себебі, баланың болашақ кәсібін дұрыс таңдауы өте күрделі мәселелердің бірі. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды танудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі болып табылады.
Адам асқақ арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Осындай кезде ұлы Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөзі еске түседі. Сондықтан да балаларымыздың қоғамның бір кетігіне кірпіш болып қаланып, өмірде өз орындарын табуларына дұрыс бағыт беру әрбір ата-ананың көп парыздарының бірі екендігін естен шығармауымыз керек сияқты. Себебі, мамандық таңдауда көбінесе ата-аналарының да ықпалы зор. Мамандық таңдау да-адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Себебі, адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады.
Әр мамандық өзінше тартымды, өзінше ерекше, қажетті болып саналады. Бірақ сол мамандықтардың ішінен жастардың өзіне сай мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететін отбасы мен мектеп мамандары да өздерінің ақыл-кеңесін ортаға салып, балаларды дұрыс бағыттап, тура жолға салып жіберсе, нұр үстіне нұр болар еді. Ал, мамандық таңдау дегеніміз не? Осы сұраққа жан-жақты жауаптар беруге болады.
Мамандық таңдау-белгілі бір даярлықты қажет ететін іс-әрекет түрі , тіршілік көзі, дағды жүйесі және жасөспірімдік кезеңде қабыданатын жауапты шешімдердің біреуі.
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.
Мамандық таңдау-әркімнің өз жүрек қалауы. Жүрек қалауымен таңдалған мамандық биік шыңдарға жетелері анық.
Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.
Жұмыс пен оның аясындағы тіршіліктің барлығы адам ғұмырының тең жартысын алады екен! Адамның өз мамандығына қаншалықты қанағаттану мен өз өміріне қаншалықты риза екендігінің арасында тікелей байланыс бар. Бір жағынан, кәсіп таңдау- болашаққа үңілу болса, екінші жағынан, ол – өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу. Дұрыс таңдалмаған мамандықтың жағымсыз тұстары тек адамның өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға кері әсерін тигізеді.
Мамандық таңдауға әсер ететін факторлар:
1) Ата-ананың қалауы бойынша;
2) Досымен бірге мамандық таңдау;
3) «Қайда алса сонда барам» қағидасы;
4) Табысы жоғары жұмыс;
5) Оқудың немесе жұмыстың беделді
болуы.
Дұрыс таңдау жасау үшін келесі факторларды ескеру
керек:
1 фактор – «Мен қалаймын» - бала қандай мамандықты қалайтынын
анықтау, өмір бойы осы іспен айналысуға дайындығын сұрау, өзінің
бойындағы қабілеттерін бағалауға көмектесу.
2 фактор – «Қолымнан келеді» - баланы таңдаған мамандықтың талаптарымен таныстыру. Мектепте алған білімін, білігін және өзінің қабілетін, бейімділігін айқындауға көмектесіп, таңдаған мамандықта оларды қалай қолдануға болатыны жайлы әңгімелеу.
3 фактор - «Қажет» - бүгінгі күнде ол мамандықтың сұранысы қаншалықты қажет екенін анықтау керек.
Мамандық таңдаудың мынадай ережелерін есте сақтаған жөн:
-
Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және тіршлік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет;
-
Өзін-өзі зерттеу маңызды (қызығулар, мінез ерекшеліктері, бейімділіктер, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейі);
-
Өзіне ұнамды және ыңғайлы мамандықты таңдауы тиіс;
-
Таңдаған мамандықты зерттеу;
-
Таңдаған мамандық бойынша өз күшін байқап көру
Мамандық тандай отырып алдымен баланың қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына қарау керек, содан кейін барып жанүялық салтпен санасуға болады.
Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Қабілеттілік деп – жеке адамның барлық ерекшелігі емес, тек қана қандайда болмасын бір немесе бірнеше қызметті табысты орындай алатын ерекшелігін айтады. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б.
Қабілеттілік дегеніміз белгілі қызметтің әдіс-тәсілдерін игерудегі тездік, тереңдік және икемділік болып есептеледі.
Сондықтан мамандық таңдауда қабілеттілік есепке алынады. Мысалы, адамның абстракты ойлау жүйесі күшті дамыған болғанмен практикалық істе қабілетсіз болуы мүмкін немесе өте жақсы білгенмен ұйымдастыруды нашар атқаруы мүмкін. Сондықтан баланың оқудағы, еңбектегі, ойындағы қабілеттілігін біртұтас қарастыру қажет те, солай дамыту нәтижелі болмақ.
Қабілеттен кейін баланың қызығушылығын білу керек, себебі белгілі бір іске қызығушылығы болмаса, өз қабілетін шыңдай алмайды дейді мамандар (видеожурнал «Говорить эксперт»)
Балаңыздың мамандық таңдауына көмектескіңіз келсе психолог мамандар мынадай кеңестер береді:
-
Балаңыздың болашақ мамандығын өзі таңдауына мүмкіндік беріңіз.
-
Оның тандаған мамандығына деген қарсылық пен қолдауды бірге отырып талқылаңыз.
-
Мамандық тандар кезде тек материалдық пайданы ғана ойламай, балаңыздың рухани қанағаттануын да естен шығармаңыз.
-
Болашақ мамандық таңдар кезде балаңыздың сол кәсіпке деген жарамдылығын да байқаңыз.
-
Егер мамандық тандау барысында қарамақайшылық туыңдап жатса, кеңесші мамандармен ақылдасыңыз.
-
Мамандық тандауда балаңызды қыспалай бермеңіз, әйтпесе бұл жанжалға әкеп соқтыруы мүмкін.
-
Балаңыздың арманы орындалу үшін оған барынша қолдау көрсетуге тырысыңыз.
-
Егер балаңыз мамандық тандауда қателескен болса, ол үшін кінәламаңыз, оны жөндеуге болады..
-
Егер балаңыз қандай да бір мамандыққа ертеден әуестене бастаса, оған үйірмелер, әдебиеттер, әр түрлі сабақтардың көмегімен осы қызығушылығын сақтауға мүмкіншілік беріңіз.
-
Балалар өз ата-аналарының мамандығына қатысты маман таңдауы да мүмкін екенін есіңізге алыңыз.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: “Қазіргі қарқынды дамып жатқан қоғамда орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу” - деп атап кеткендей оқыту және тәрбие жұмысының барысында оқушылардың ынтасын ғылыми-техникалық білімді игеруге дамыту және тәрбиелеу қажет. Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Сондықтан да балаларымыздың мамандық таңдаудан жаңылмай, болашақта өз жұмысынан бақыт тауып, қоғамымыздың бір кірпіші болып, дұрыс қалануларына тілектеспін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тренинг "Мамандық таңдауында ата-ананың маңызы"

шағым қалдыра аласыз