400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

тренинг: Мамандықтар әлеминде

Материал туралы қысқаша түсінік
9-11 сыныптарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мамандықтар әлемінде



Мақсаты: Оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауына бағыт беру; Әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету туралы білімдерін кеңейту; бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету;нарық талабына байланысты еңбек нарығында ұдайы өзгеріп отыратын кәсіби талаптарды ескеріп қызыққан мамандықтарын салыстыру арқылы таңдауға баулу.

Көрнекілігі: шар, гүлдер, плакаттар

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар,мектеп оқушылары, бүгінгі кеш қонақтары-

мектебіміздің түлектері.

Бүгінгі біздің «Мамандықтар әлемінде» атты кешімізді ашық

деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші: Адамның өміріндегі алтын әріппен жазылар кезең –мектеп-ана

құшағында өткен оқушылық күндер және қиындығы мен қызығы

мол студенттік кезең екені сөзсіз. Ол басында мәңгі тұрақталып

қалар дәуренің емес, ол сенің патшаның алтын тағына да

айырбастамас балалық, жастық шағың, көзді ашып жұмғанша өте

шығар сиқырлы күндерің.Осыған орай өткелі тұрған студенттермен

мектеп оқушыларының арасындағы дәстүрлі кездесу кешіне

арналған «Мамандықтар әлемінде» атты салтанатты жиынымызға

қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Биік сенің ұстаздық қасиетің,

Мінезің жоқ қиынға бас иетін

Өмірге тәрбиелеп құлшындырған

Жадымызда сақталар өсиетің.,-деп кешіміздің алғашқы сөз

кезегін тәрбие ісінің орынбасары _________________________ беріледі



Жүргізуші: Ұрпағы ұландары текті жердің,

Қашаңда болмысыңа сүйінемін

Кешегі ғалымдар да, мамандар да,

Шығады өздеріңнен деп білемін.

Студент ертеңіне жол ашады,

Асқақ та нұрлы болар болашағы

Дәл осы мектебімде білім алып,

Арманға аласармас қыр асады,-деп бүгінгі студент, ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек. (Өздеріңнің оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз жөнінде айтып берсеңіздер. )

Жүргізуші: Ендігі кезекті оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтарына береміз.

Сұрақтар: 1. Неліктен осы мамандықты таңдадыңыздар?

2. Бос уақытыңызда немен шұғылданғанды ұнатасыздар?

3. Қазір сіздер класс жетекшілеріңмен байланысып тұрасыңдар ма?

4. Студент шақтағы қызықты оқиғаны айтып берсеңіз?

5. Қазір көптеген жастар бітірген мамандығы бойынша жұмыс

жасамайды,неліктен деп ойлайсыңыз?

6. Қазір оқып жатырған оқу орның ұнайды ма?

7.Емтиханды немесе сынақты тапсыра алмай,парамен өткен кезіңіз

болды ма?

8. Мектепте оқыған қызықтырақ па, әлде жоғары оқу орны

қызықтырақ па?

9. Өмірде қандай нәрседен қателеспеу керек деп ойлайсың?

Сіз мамандық таңдауда қателескен жоқпын деп ойлайсыз ба?

10. Қазіргі кезде елімізде қандай мамандықтар жетіспейді себебі неде

деп ойлайсыңыз?

11.Сыныптасыңмен 20 жылдан кейін кездестің,бірінші айтар сөзің!?

Аяқталмаған ой...

1.Студенттік өмірдегі ең үлкен қорқыныш...

2.Мынадай адамдарға сенуге болмайды...

3.Сақтану керек...

4.Студенттік өмір көңілсіз егерде...

5.Студенттік өмір мен үшін...

6.Студенттік өмірдегі ең көңілді сәт...

7.ҰБТ-ол...

8.Сіздерге тілегім...

Жүргізуші: Қабыл етіп қонақтардың тілегін

Тілегіңді тұмар етіп жүремін

Кейінгіге жақсы ісін үлгі етер,

Өздеріндей болса деймін түлегім.

Жүргізуші: Бастайық қызық думан, ойын шартын деп ендігі кезекте

студенттермен оқушылар араласып бір ойын ойнап жіберейік.

/ Сиям егіздері/

Жүргізуші: Сымбатына сән киімі жарасатын

Аспандағы айменен таласатын

Өнеріне сәні сай келіп тұрған

Жас көп болсын қызығып қарасатын.

Жүргізуші:Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда

Тіршілік арман,бәрімізге де орын бар

Студенттерім менің, достарым менің Бәрің де аман болыңдар.

Осымен кешіміз аяқталды. Көріскенше қош-сау болыңыздар!







Тақырыбы : Мен таңдаған жол




Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету

Қатысушылыр: 9, 11 класс оқушылары, ата-аналары

Мерзімі: мамыр

Өткізетін жері : информатика кабинеті

Құрал-жабдықтар: компьютер, интеоактивті тақта, ақ парақтар, маркерлер


Тренинг барысы


1 Кіріспе сөз (тренингтің тақырыбын, мақсатын, жоспарын, эпиграфын айтып кету)

Тақтада бірінен соң бірі слайдтар шығады. Тренингтің эпиграфы «Кәсіп таңдау-тек қана 

болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу...»

Жоспар:


  • Есімдер аллитерациясы


  • Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер


  • Ең-ең... (ойын)


  • «Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысымен таныстыру


  • Мамандықты тап (ойын)


  • Мейірімділік алаңы (жаттығу)


  • Бос микрофон




2 «Есімдер аллитерациясы» ата-ана баласының, бала ата-анасының есімін және де бір 

жағымды қасиетін айтып шығады


3 «Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер»


  • Мектептегі оқу пәндері- нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған
     


байлаеысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді.


  • Қалаған мамндықтың мазмұнына көңіл аудару.


  • Егер мамандық сенің досына ұнаса, саған ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.


  • Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.


  • Сән қуып, мамандық таңдаудық қажеті жоқ.Лқуды тәмамдап, жұмас істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.


  • Алдағы өмірлік жоспарын қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.


  • Заманның ағымына қарай кейьір мамандықтар тез еакеріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу керек.


  • Мүмкіндігінше таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін- келмейтіндігі жөнінде кеңес алған жөн.


(Оқушылар мен ата-аналар арасында ережелер туралыпікір алмасу жүргізіледі)


4 «Ең-ең...» (ойын)

Ата-аналар мен оқушылар 5 топқа тренингтің басында бөлініп отырады. Әр топқа 

парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады :


  • ең жасыл мамандықтар


  • ең ақшалы мамандықтар


  • ең таза мамандықтар


  • ең көңілді мамандықтар


  • ең тәтті мамандықтар


2-3 минуттың ішінде топтың ішінде ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керек 

және де топтың мүшесі тізімдерімен таныстырып шығады.


5 «Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысы

Алдын ала жүргізілген «Мен қаладым» атты сұрақнаманың қорытындысы интерактивті 

тақтада көрсетіледі. Мақсаты – оқушының бейімділігн және кәсіби қызығушылығын 

анықтыу. Оқушылардың таңдауларын қорыта келгенде қандай еңбек түріне бейім 

екендігі анықталады. (Салалар: табиғат, техника, басқа адамдар, белгі жүйесі, көркем 

образдар, адамның өзі.)


6 «Мамандықты тап» (ойын)

Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар 

сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандыра мамандықты табу 

керек.

Хирург

Фабрика басшысы

Хатшы

Кітапханашы

Банк қызметкері

Сатушы

Мұғалім

Бухгалтер

Слесарь

Сварщик


7 «Мейірімділік алаңы» (жаттығу)

Қатысушыларға түрлі түсті қағаздардан қиылған күннің шуақтары, гүлдер, жасыл 

шөптер таратылады. Гүлдерге – оқушыларға, жасыл шөптерге – ата-аналарға, күннің 

шауқтарына - ұстездерға арналған кәсіби бағлар таңдауда ұсыныстар жазылады және 

де ақ ватманға бекітіледі.


8 «Бос микрофон» (рефлексия)

Еркін түрінде қатысушылар психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікір 

бөліседі.



































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қазан
844
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі