400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг. "Мамандықтың бәрі жақсы - қалауыңша таңдап ал!" (9-11 сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
9 , 11 - сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг «Мамандықтың бәрі жақсы,қалауыңша таңдап ал!»

(9-11кл)


Мақсаты: Оқушы жеке тұлғасының бәсекелестік қабілетін,өзінің қалауына сай белгілі бір еңбек әрекетіне дайындық білімділігін және түрлі еңбек жағдайына араласуға деген тәрбиелік ұмтылысын қалыптастыру.

Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру.

Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру.


Кіріспе сөз:

Құрметті мектеп оқушылары! Бүгінгі өткелі отырған «Мамандықтың бәрі жақсы,қалауыңша таңдап ал!» деп аталатын тренинге қош келдіңіздер! Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты,жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.Кез-келген саналы баланы «Мен болашақта қандай мамандықты таңдасам екен? » немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?»деген ойлар мазалайтыны анық.Мамандықты таңдау үшін адам,ең алдымен өзін,өз бейімділігін тануы қажет.Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» -деген сұрақ қойып,соған жауап іздеуі қажет.Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп.Әрине таңдау жасау оңай емес. Әбу Насыр Әл-Фараби: «...адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді.Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады.Қандай әрекет,қандай іс істесек те,содан рахат табу,соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,-деген.

«Өрмекші торы» жаттығуы

Жаттығу мақсаты: Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға,еңбек қуанышын сезінуге,өзінің бойындағы қасиетін тани білуге үйрету. Жүргізілу барысы:Өрмек жібек құрты жібіне ұқсас,ауада тез қатады,серпімді және жабысқақ келеді.Өрмекті өрмекшілердің кейбір түрі жемін ұстауға,тор құруға,жауынан жасырынатын баспана жасауға,жемін шырмауға қолданады.Сол өрмекшінің торы секілді біз де,бір-бірімізге жылулық сыйлау,көмектесу,қамқор бола білу барысында,жіптен тор құрамыз.Ол үшін,мен жіптің басын ұстап,сіздерге тілек айтамын «Өздеріңіз армандаған мамандыққа түсіп,үлгілі,жеке тұлға ретінде қалыптасуларыңызға тілектеспін!» айтамын да,келесі адамға жіпті беремін. Осылайша кезектесіп жіпті бір-бірімізге береміз.

«Армандар» жаттығуы

Барлық қатысушы шеңбер бойымен отырып,3-4рет терең дем алып, көздерін жұмады.Өз тілектеріне көңіл аудара отырып,болашақ мамандығын, қоғамдағы орнын,жақын арадағы қоршаған ортасын елестетеді.1,5 минут уақыт беріледі.Жан-жағында әуен ойнайды.Берілген уақыт өткен соң тағы да 3-4рет терең дем алып көздерін ашады.Топ өзінің алған әсерімен бөліседі. Тренер әркімнің айтқандарын толықтырады,яғни әрқайсысының қол жеткізгісі келетін,алға қойған мақсат,армандарының бар екенін айтады.Топ қатысушыларының күтетін және күдік алатын,қорғанатын нәрселері.Әр қайсысы өздерінің жеке-жеке не күтетіндіктері мен қорқатын жағдайларын айтады.Қатысушылардың барлығы өз ойларын айтып болған соң, дәл осы жерде және қазір болатын жұмыс мәні түсіндіріледі.

«Мамандықты тап» ойыны Нұсқау: Тренингке қатысушыларды үш топқа бөлеміз.Әр топқа карточкада жазылған мамандықтар беріледі.Әр топ сол берілген мамандықтарды басқа топқа ыммен бейнелеп көрсетуге тырысады.Қалған топтар сол мамандық қай мамандық екенін табады.

«Бункер» тренингі

Тренинг мақсаты: Оқушылардың мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері,классификациясы белгілері,мамандық тобы,таңдау әдістері туралы білімдерін,түсініктерін кеңейте отырып,мамандықтарға деген ынта-ықыласын,қызығушылықтарын арттыру.

Жүргізілу барысы:12 оқушыны ортаға дөңгелек үстелге шақырып,қолдарына парақша таратып,сол парақ бойынша өзін бункерден шығу жолдарын қарастыру қажет. Шарты.Бункер жер астында орналасқан.Бункерден тек 4 адам ғана шығады.

«Мамандығым-мақтанышым» әдістемесі

Әдістеменің мақсаты: Оқушылардың қандай-да болмасын жағдаяттан шыға білу қабілетін дамыту.Мамандығының қыр-сырын меңгеруге баулу. Жүргізілу барысы:5 жағдаятты,5 оқушыға беріп,осы жағдаяттан шығу жолын іздеуге баулу және рөлдік ойынды сомдау(сынып жетекшісінің келбеті).

«Мамандықтың бәрі жақсы» тренингі

Тренинг мақсаты: Оқушылар мамандық түрлерін,олардың атқаратын қызметтерін,адамға пайдасын,жақсы жақтарын талдап,саралауға үйреніп, меңгереді.

Жүргізілу барысы:10 оқушыны ортаға шығарып,олардың қолына бір-бір парақтан беріп,алдында тұрған оқушының арқасына сүйеніп, парақта жазылған мамандық бойынша,сол мамандықтың жақсы жақтарын,сол мамандық жайлы мағлұмат жазу.

Қорытынды сауалнама

  • Сізге тренингте не ұнады?

  • Тренингтен не ұнаған жоқ?

  • Өзіңізді жақсы түсіне алдыңыз ба?

  • Мамандық таңдай алдыңыз ба?

  • Бүгінгі тренингтен қандай әсер алдыңыздар?


Қорытынды сөз: Мамандықты дұрыс таңдау –табысты өмірдің кілті. Сондықтан сіздерге мамандық таңдау жолында адаспай,өмірден өз орындарыңызды тауып,дүниенің бір кірпіші болып қалануларыңызға шын жүректен тілектеспіз! Бүгінгі «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал!»тақырыбындағы тренингімді мынадай өлең жолдарымен аяқтаймын.

Көк жүзіне алаулы,

Міндет емес ай болу.

Ең бастысы қалаулы,

Кәсібіңе сай болу!


Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

Қарабұлақ орта мектебінің

педагог-психологы: Тәуір

Назгүл Есекенқызы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
16 желтоқсан
1149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі