Материалдар / Тренинг "Мейірімді жүректен шыққан"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг "Мейірімді жүректен шыққан"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мейірімді жүректен шыққан – мейірімді істер»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2018
736
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мейірімді жүректен шыққан – мейірімді істер»

Психолог: Балбопе Сериковна Ахмеджанова

Алдын –ала жүргізілген жұмыстар:

Тілек –жүрекшелер дайындалуы, «Зеңгір көктен» әнін жаттау

Құрал – жабдықтар:

барлығы үшін:

- «Алпамыс» атты мултьфилімнің бейне таспасы,

- «Жүрек мейірімділігінің сынықтары» әңгімесі,

- Музыкалық сүйемелдеу,

- телефон; жүрек – алқасы;

әр балаға:

- тілек жүрекшелер;

- қайшы, түрлі –түсті қағаздар;

- суреттер;

Күтілетін нәтежелері:

  • Мейірімді іске деген оң қарым –қатынасын , оны жасауға көмектесу;

  • Құрбы –құрдастарына деген барлық жақсы қатынасын білдіре білуге қалыптастыру;

  • Жан –жақтылық пен істей алатын дағдысы жақсы жағынан көрсетуді уйрету;

  • Адамдық сапасынның негізінің пайда болуының қабілетін құнтауға тәрбиелеу;

Өткізу әдісі:

Қайырлы таң, бөбектер! Бүгін мен сабағымды кішкентай сыйлықтан бастағым келеді (әуен ойналады).

Мен сендерге жүрекше – тілектер ұсынамын.

Мысалы:

  • Аружан, мен сені әрқашанда ақ жүректі адамдардың сүйгенін қалаймын.

  • Зинедин, сенің жүрегің әрқашанда мейірді болсын!

  • Рахимжан, сенің жүрегің әркез көмекші, мейірімді екеніңді білдірсін!

  • Құралай, сен сондай ақ жүректі арусың, сені достарың өте жақсы көреді, сондықтанда мен саған осы жүрекшені сыйлаймын.

  • Меруерт, сені достарың жүрекшіл деп атайды, әр кез көмекке дайынсың, сондықтан саған осы жүрекшені беремін.

  • Сабина, сен өте көңілді, ақжарқынсың, сенімен сөйлескенде жүректе сондай әсершіл сезім қалады.

  • Жақсылық, сен тамаша доссың, сондықтан саған осы жүрекшені сыйлаймын.

  • Ляззат, сен өте мейірімдісің, жүрегің әркез елжіреп тұрады, сол үшін саған осы жүрекшені сыйлаймын.

  • Айтолқын, сенің жүрегіңнің жылуына, адалдығына бүкіл әлем сиып кетеді, мына жүрекше соның белгісі болсын!

Балалар, сендер менің ақ тілектерімді естігенде қандай сезімде

болдыңдар?

Балалардың жауаптары: - Көңіл күйіміз көтерілді,

- жүрек жылуын сезіндім,

- анам сияқты болып кеттіңіз,

- аппақ әжемнің айтатын даусына

ұқсадыңыз,

- аппам деп ойладым,

- өзімді еркін сезіндім,

- мені атам осылай маған - көмекші,

жақсы, адал дос бол деп айтқаны есіме

түсті,

- көңілім көкке көтерілді,

- ыстық ,балаларға деген сезімді сездім;







Өткізу әдістемесі:



-Балалар, бізбен бірге отырған қонақтардың осындай сезімде болғанын қалайсыңдар ма? Канекей, қонақтармен бөлісейік.

Батылырақ, тезірек бөлісейік.

(балалар бір – бірлеп үлкендерге барып қолын қысып,жақсы сөздермен тілектер айтады)

- Мен сізге ұзақ өмір, табыс тілеймін.!

- Мен сізге шат күлкі тілеймін!

- Мен сізге тек жақсы шәкірттер болғанын тілеймін!

- Отбасыңыз аман болсын!.

- Ауырмаңыз, деніңіз сау болсын!

- Мен сіздің келгеніңізге қуаныштымын, деніңізге дерт бермесін!

- Мен сізге жұмысыңыз жемісті болсын деймін!

- Балаларыңыз тек қуаныш әкелсін!

- Мен сізге тілерім тек ұзақ өмір, табыс тілеймін!

Сендер қалай ойлайсыңдар, сыйлықты алған жақсы ма, әлде сыйлаған жақсы ма? Иә, алған да жақсы,бірақ маған бүгін сендерге сыйлық жүрекше бергенім өте жағымды болды. Мен қазір сендердің «Мейірімді жүрек» деген не екенін қалай түсінетіңдеріңді білгім келеді. Мына әңгімені тыңдаймыз.



«Жүрек мейірімділігінің сынықтары»

Сұрақтар:

  • Қарт әжені мейірімді деп айтуға болады ма?

  • Ол кісінің мейірімділігі неде?

  • Балалардың ата – анасы қарт әжені көргенде неге сезіктеніп қалды?

  • Сырт киіміне қарап, жақсы адам екенін ажыратуға болады ма?

  • Қандай адамды жақсы, қайырымды адам деп атаймыз?

(Балалардың жауабы.)



Қортынды: Балалар сұрақтан кейін өздері қортынды жасайды.

Адам мейірімділігін оның қылықтарына қарап айырамыз.



Маған өте қызықты білу.сендер осы өздеріңнің өмірлеріңде мейірімді істер істедіңдер ме?

(Балалардың өздерінің естелікерін еске түсіреді.)

Өздеріңнің жылуларыңды бір –бірлеріңе беріңдерші

(Бір –бірін құшақтап жылуларын сезінеді)



Сергіту сәті: (Қимылдармен демелінеді.)

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң –тозаңды қуамын!



Тәрбиеші: Балалар,бүгін кім жоқ бізбен бірге.

Балалар: Салтанат, Диана ауырып келмей жатыр.

Тәрбиеші: Ал сендер олардың халін білгілерің келеме, канекей,

телефон соғайық.

Телефонмен әңгіме

Біздің Салтанат ауырып жатыр.Оның денсаулығын білгілерің келеді ме? Қанекей, Салтанатқа телефон шаламыз, халін сұраймыз. Міне, телефон нөмірі. Кім телефон нөмірін тереді?Аружан тергенше не айтатындарыңды, не тілейтіндеріңді ойластырыңдар

- Сәлем Салтанат! Мен Зинединмін, қалің қалай?

- Қал қалай, Салтанат? Балабақшаға қашан келесің? Мен Рахимжанмын ғой.Тез жазылып кел?

- Сәлем,Салтанат!Мен Меруертпін. Дәрігердің берген дәрісін ішіп жатырсың ба?

- Сәлем,Мен Аружан, сені сағындым!Қашан келесің?

- Салтанат денсаулығың қалай? Мен Құралаймын. Біз балалармен бірге қазір сен жазылып келсін деп сыйлық жасаймыз,тездетіп кел,сағындық.

- Сәлем құрбым! Мен Сабинамын.Не істеп жатырсың.Қашан балабақшаға келесің. Келгесін екеуміз бізге сурет саламыз. Тез жазылып кет!

- Қал – қалай Салтанат? Қоңырау шалып отырған мен Жақсылық.Ауырмай жазылып кет тезірек.Кел сосын ойнаймыз.Сау бол! Кездескенше, сау бол!

- Сәлем құрбым! Мен Ляззатпын. Тез айығып,балабақшаға тез кел!

Ал, еді қоңырау шалғаннан кейін жүректерің қандай сезімде болды? Қалай ойлайсыңдар, Салтанат қандай көңіл – күйде деп ойлайсыңдар?

Мінекей, мейірімді іс туралы естігеннен, оны істеген артық .

«Мейірімді жүрек » бейнемултьфильм.

  • Алпамыс қандай бала?

  • Алапмыстың істеген қандай қылықтары бар?Айтшы.

Адам тек адал болса, қоршаған әлемге жақсылық жасаса, ол адамның жүрегі алтын.

Практикалық - шығармашылық жұмыс:

«Жақсы істер шеберханасы» -Салтанаттың сыйлығын әшекейлеу.

Енді біз Салтанат жазылып келгенде, оған беретін сыйлық дайындап қояйық.Балалар, қазір біз бірге : мына қорапты ң ішіне бояйтын кітап, карандашты салып. Сыртын көбелек, гүл, жүрекше қиып, әсемдеп, сәнейміз.



Бұл біздің жанымыз, ойларымыз,

сезімдеріміз.Көңілді ой – тілектерімізден

көңіл күйіміз жақсарады. Сол жүректегі

көтеріңкі көңіл –күйлеріңің сезімдерін

Салтанатқа сыйға тартсаңдар,

Ол тез жазылып кетеді.

Көңіл – күйді білдіретін рефлексия:

Тәрбиеші әдемі жүрекшені көрсетеді. Бұл біздің жанымыз, Бұнда әр түрлі қылықтар мекөңіл –күйлер,ойлар өмір сүреді.

Көңілді және жақсы қылықтардан жақсы көңіл –күй туады.

Жаман ойлардан және кері қылықтардан жаман көңіл –күй туады



Өздеріңнің көңіл –күйлеріңнің пиктограммасын алып жүрекшеге жапсырыңдар

Жүректен – жүрекке

«Бақытты бүлдіршінбіз!» өлең орындап аяқтау.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!