400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тренинг "Мен және менің ортам" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тренинг тақырыбы: «Мен және менің ортам».

Ұйымдастырушы: Мектеп психологы Г. Алимбекова

Тренинг мақсаты: Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.

Тренинг міндеттері: 
- адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну; 
- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу; 
- сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу; 
- сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру;

Көрнекіліктер: Слайд, А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, үлестірмелі смайликтер.

Тренинг құрылымы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау. 
ІІІ. Негізгі бөлім. 
а)
«Сәлемдесу»

б) «Автопортрет» жаттығуы. 

в)«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
г) Видеоролик. (Ник Вуйчич «Мен арманға сенемін»)
ІV. Қорытынды бөлім. 
а) «Жүйрік ой» жаттығуы. 
б) «Қайта байланыс» жаттығуы.

Тренингтің жүру барысы:
І. 
Ұйымдастыру кезеңі / амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/ 
ІІ.
Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау 
- Сіздер тренингтің ағылшынның «Тот Райн» - ойын, жаттығу деген сөзінен шыққандығын, яғни сабақ емес екендігін білесіздер. Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен» 
концепциясын қалыптастыру. Сондықтан тренингке барлықтаыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын. 
ІІІ. 
Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру. 
- Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді. 
/ Психолог 2-ші слайдтағы жазылған ережелердің әр біреуінің мағынасын қысқаша түсіндіріп өтеді./ 
Топта жұмыс істеу ережесі: 
1. Бірі сөйлегенде басқалары тыңдайды.

2. Ойын –жаттығуларға белсенді қатысу. 
2. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы. 
3. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт. 
4. Белсенділік таныта білейік.

ІV. Негізгі бөлім. 
а) 
«Сәлемдесу»
Оқушыларға сәлемдесудің 5 түрлі эмоциямен ұсынылады.

Карточка таратылады.

Карточкадағы сөздер:

  1. Қуанышпен

  2. Қорқынышпен

  3. Беделді сәлемдесу

  4. Таңғалып сәлемдесу

  5. Ренішпен сәлемдесу.

б) «Автопортрет» жаттығуы. 
Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді. 
Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б... 
Рефлексия келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін жасалады. 
 Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек.
Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу. 

в)«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
г) Видеоролик.

Рефлексия: бұл видеороликті көріп болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.

ІV. Қорытынды бөлім. 
а) 
«Жүйрік ой» жаттығуы

Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/ 
- Маған қажет қасиеттер, мыналар...... 
- Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ...... 
- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар ..... 
- Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі ..... 
Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.

б) «Қайта байланыс» жаттығуы 
Оқушылар тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді: 
- Тренингте ең бірінші не ұнады? 
- Не ұнаған жоқ? 
- Өзің жаңадан не білдің? 
б) 
"Алған әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі карточкалар /смайликтер/ арқылы анықтау. 
в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
2047
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі