Материалдар / тренинг "Мен өмірді сүйемін"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

тренинг "Мен өмірді сүйемін"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал психологтарға апталық кезінде , түрлі тренингтер ойнату кезінде керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2018
547
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Мен өмірді сүйемін» тренинг-ойыны Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау. Міндеті: - Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту; - оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету; - Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу; - Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру. Қатысушылар: 8-9 сынып оқушылары Жұмыс түрі: топтық жұмыс Көрнекілігі: интерактивті тақта, арнайы слайд, баяу орындалатын әуен, түрлі-түсті қарындаш, фломастерлер, А4 қағазы, ватман, гүл шоқтары. Сабақтың барысы: Ұйымдастырушылық кезең Кіріспе сөз. Психолог сөзі. Қайырлы күн! Құрметті әріптестер және қымбатты оқушылар сіздерді көргендерімізге қуаныштымыз!Бүгінгі тренинг-ойын сабағымыздың тақырыбы «Мен өмірді сүйемін!». Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа» өмірде адамдардың бір - бірімен сыйластықта болуы керек. Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қақтығыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бірбіріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты. Олай болса, бүгінгі тренинг-ойынымыз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймыныныпты екі топқа бөлеміз. Бірінші топ – «Болашақ», екінші топ «Бақыт». 1. «Мен және өмір» жаттығуы Нұсқау: - Балалар, бәріміз ортаға шығып, жылылық шеңберін құрайық. Оқушылар шеңберге тұрып, мысалы «Мен, Айбол өмірде бақыттымын» дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады. 2. «Өмір» жаттығуы Шарты: тақтадағы «Өмір» деген сөзге ассосация жасай отырып, әр әріпті жеке-жеке талдау. Мысалы: өмір-өзен, өмір-мейірім, өмір-ірге тас, өмір-рахат. Өмір- өзен... Өмір-м... Өмір-і... Өмір-р... Негізгі кезең 3.«Екі бақа» туралы аңыз Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қарсыласпай өліп қалады. Ал екіншісі, шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да, арпалысқанның бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бір кезде аяғындағы қаймақ қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді. Балаларға осындай аңызды оқып, талданады. Сонда қиындықтан құтылу үшін, қандай болмасын қимыл, қозғалыс керек екен. Осыдан кейін мынандай «Сенімділік» жаттығуын қолдануға болады. 1.Мен кіммін, жан-жақты ерекшеліктерім. Оқушылар жағымды және жағымсыз ерекшеліктерін тізбектеп шығады. Оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты теңдей етіп екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін, екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазуы керек. Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып, қоқыс жәшігіне салады. Мысалы: Жағымсыз ерекшеліктер: Менің жылай салатын жаман қасиетім бар. Жағымды ерекшеліктер: Мен кішіпейіл қасиетіме ризамын, т.б. 4.Топтық шығармашылық жұмыс І топқа тапсырма : «Менің балалық шағым» тақырыбына берілген ақ ватман, түрлі газет журналдардан қиылған суреттерді және скочты пайдалана отырып, сурет құрастыру, қорғау. ІІ топқа тапсырма: «Менің қазіргі шағым» тақырыбына берілген параққа сурет салу. Нұсқау: суреттің әрбір бөлігін әр қатысушы салып, қорғау керек. Екі топқа ортақ тапсырма: «Мен болашақта өзімді қалай елестетемін?» тақырыбына өздерінің шығармашылық қасиеттерін пайдалана отырып, берілген түрлі түсті қағазды қиып, ақ парақа желім арқылы жабыстыру, сурет құрастыру, қорғау. Талқылау сұрақтарыапсырманы орындау қиын болды ма?Берілген тапсырма бір адамның ойымен ғана шықты ма? Немесе топ мүшелерінің ойы бір жерден шыға алды ма? 5. «Би терапиясы» жаттығуы Нұсқау: Алдын ала дайындалған ақ плакатка адамның табанының суреттері салынады, екі түрлі түспен. Ортаға екі қатысушы шығып, музыкаға ілесе отырып, өз табан іздерінен шықпай билеуі керек. Қандай сезімде болдыңыздар?Музыка мен би біздің сезімімізге әсер ете алады ма? 6. «Ойланып көрейік» жаттығуы. Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту. Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер: Адам не үшін өмір сүреді? - Үлгілі отбасын құру үшін. - Білім алу үшін. - Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін. - Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін. - Өзін өзгелерге таныту үшін. Өмірден өз орнын табу деген не? - Жоғары атаққа ие болу. - Материалдық дербестік және мол дәулетке жету. - Тату және берік отбасын құру - Адал достар көп болу. - Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу. Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек? - Еңбекқор, адал, әділ болу - Қабілетті, дарынды болу. - Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы білу. -
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!