Материалдар / Тренинг менің көңіл күйім
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

Тренинг менің көңіл күйім

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2019
5487
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Менің көңіл күйім» тренинг

Мақсаты: жақсы көңіл күйдің адами қарым-қатытынаста алатын орны туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту. Эмоционалдық көңіл күйін көтеру, шаршағандықтарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Әдіс- тәсілдер; әңгімелесу, сұрақ-жауап,жаттығулар, тілегін білдіру т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Көңіл –күйге байланысты сұрақтар

  2. Көңіл-күй неге ұқсас? Сурет салу

  3. Мен қандаймын өзін-өзі бағалау

  4. «Сағат тіліндегі досым» амандасу жаттығуы

  5. «Балады,болмайды» жаттығуы

  6. Сергіту сәті

  7. Рефлексия Тілектерін білдіру

Кіріспе сөз.

Сәлеметсіздер ме, оқушылар!. « Өмірді танда!» атты айлығының аясында өтетін

« Менің көңіл күйім» тренинг сабағына қош келдіңіздер. Адамның көңіл күйі әлемі шексіз. Әр адам баласы әр түрлі нәрселерге қуанады, шаттанады, ерекше күлімсірейді, ерекше сүйсінеді, шексіз бақытты болады, керісінше, ренжиді, өкінеді, қамығады, ызаланады, назары болады.Көтеріңкі көңіл адамға қуат бітіріп, бойын сергітеді, ал уайым- қайғы жабырқатып жібереді. Сондықтан адамның қарым-қатынасы оның көңіл күйіне байланысты болады. Көңіл күй- адамның ішкі дүнесінің құбылысы, көңіл күй- адамның айнасы. Біздің көңіл күйіміз- ол күн сияқты. Күн адамның ішкі жан дүниесін жылытады. Барлық жақсылық табиғатқа – күннен,ал өмірдегі жақсылық-адамнан.Олай болса, қысқаша ғана көңіл күй туралы не білеміз, соған тоқталып кетейік. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берулерің керек;

  • Көңіл күй дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Қандай нәрселер адамды қуанышқа бөлейді?

  • Адам көңілсіз болғанда қандай көңіл- күй болады?

  • Көңіл- күйдің денсаулыққа әсері бала ма?

( Балалардың жауаптары тыңдалады)

2 «Көңіл күй неге ұқсас?» сурет салу.

Енді барлығымыз алдымыздағы ақ қағазға көңіл күйімізді түсіріп көрейік.Әрқайсымыздың көңіл- күйіміз табиғат тәрізді бірде бұлттанады, бірде шайдай ашылады, бірде жауындатады т.б. Табиғат құбылыстарымен байланыстырып көңіл-күйді қағаз бетіне түсіру

3. « Мен қандаймын?» Өзін- өзі бағалау ( Психодиагностика)

Өзін тануға, бағалауға, өзге адамдармен тіл табыса келе, тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Ендеше, «Мен қандаймын ?» деген сұраққа жауап береміз.Алдарымыздағы қағаздағы 10 жағымды қасиеттерді оқи отырып, өз-өздеріңді қалай қабылдап , бағалайтындарыңды анықтайсындар.

Мен қандаймын? « ия» ,»жоқ»,» кейде», «білмеймін»

1.Мен жанашырмын 2. Мен жақсымын

3.Мен ақылдымын. 4.Мен ұқыптымын

5.Мен мейірімдімін 6. Мен тіл алғышпын

7. Мен ақкөңілмін 8. Мен ашық жарқынмын

9. Мен еңбекқормын 10.Мен шыншылмын

Нәтежесін бағалау; «Ия»-1 ұпай, «Жоқ- 0 ұпай, « Білмеймін, кейде» -0,5 ұпай.

10 ұпай-өте жоғары, 8-9 ұпай жоғары,

4-7 ұпай-орташа,2-3 ұпай –өте төмен

4. «Сағат тіліндегі досым» амандасу жаттығуы

Мақсаты: сыныптағы оқушыларының ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Нұсқау: сағат тілі бойынша сыныптағы достарының есімін жазасыңдар.

1.Қолмен амандасу.

2.Арқасынан қағыңыз

3.Күлімсіреңіз

4.Қол бұлғаңыз

5.Төс қағыстырып амандасу

6.Бір тілек айтыңыз

(Сыныптағы оқушылар нұсқау бойынша орындайды)



5. « Болады, болмайды» жаттығуы.

« Болады» алақандарымен шапалақтайды, «Болмайды» алақанымен шапалақтамайды.

  1. Адамның көңіл күйің көтеріп, жақсартуға бола ма?

  2. Үйде көңіл -күйлерің жақсы бола ма?

  3. Әрдайым достарыңа жақсы сөз айтуға бола ма?

  4. Үнемі мектепте көңілді жүресіздер ме?

  5. Танымайтын адамдарға жақсылық жасауға бола ма?

  6. Адамдарға көңіл- күй тудыра алатындай сәлемдесе аласыз ба?

  7. Көңіл- күйіңіздің көтеріңкі болғаны жақын жандарыңызға қуаныш сыйлауға болады ма?

Сергіту сәті

Би:«Көтеріңкі көңіл күй сыйлай білейік»

Реклексия.Тілектерін білдіру.

Қорытынды: Жалпы адам баласы күнделікті өмірде бір –біріміздің көңіл күйін түсірмей, бір-бірімізді ренжітпей жүруіміз керек. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу, баға жептес байлық.Олай болса « Менің көңіл күйім» атты тренинг сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.





























































Оқушылар туралы жалпы мәліметті анықтауға арналған сауалнама



1.Аты-жөнің_____________________________________________________________



2.Отбасында неше жан бар және кімдер?____________________________________

_________________________________________________________________________

3.Сенің алға қойған мақсатың қандай?_______________________________________

_________________________________________________________________________



4.Мектепте қандай пәндер ұнайды және несімен?____________________________

_________________________________________________________________________



5.Қандай пәндер ұнамайды ,неге?___________________________________________

_________________________________________________________________________



6.Мектепте өтілетін қандай шараларға қатысасың?_________________________

_________________________________________________________________________

7.Сабаққа қанша уақыт дайындаласың, қай мезгілде? ________________________________________________________________________

8.Сенің достарың кімдер, олай қандай болғанын қалайсың?_____________________

_________________________________________________________________________



9.Жанұяда кіммен көп сырласасың? (әкеңмен,анаңмен,ағаңмен,әпкеңмен т.б)



11.Оқушы қандай болу керек?_______________________________________________

_________________________________________________________________________



12.Қандай тақырыптағы кітаптарды оқисың? (газет-журналдарды)

_________________________________________________________________________



13.Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?

_________________________________________________________________________









Ә.Жангелдин атындағы №52 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі





















«Менің көңіл күйім»

Тренинг













Әлеуметтік педагог: А.Амирова

Мен қандаймын? « ия» ,»жоқ»,» кейде», «білмеймін»



1.Мен жанашырмын ____________________________________________

2. Мен жақсымын_______________________________________________

3.Мен ақылдымын. ______________________________________________

4.Мен ұқыптымын_______________________________________________

5.Мен мейірімдімін _____________________________________________

6. Мен тіл алғышпын____________________________________________

7. Мен ақкөңілмін ______________________________________________

8. Мен ашық жарқынмын_________________________________________

9. Мен еңбекқормын ____________________________________________

10.Мен шыншылмын_____________________________________________



Нәтежесін бағалау: «Ия»-1 ұпай, «Жоқ- 0 ұпай, « Білмеймін, кейде» -0,5 ұпай.

10 ұпай-өте жоғары, 8-9 ұпай жоғары,

4-7 ұпай-орташа, 2-3 ұпай –өте төмен

















1.Тапсырма

  • Көңіл күй дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Қандай нәрселер адамды қуанышқа бөлейді?

  • Адам көңілсіз болғанда қандай көңіл- күй болады?

  • Көңіл- күйдің денсаулыққа әсері бала ма?

  • 2.Тапсырма

  • 1.Қолмен амандасу.

2.Арқасынан қағыңыз

  • 3.Күлімсіреңіз

  • 4.Қол бұлғаңыз

  • 5.Төс қағыстырып амандасу

  • 6.Бір тілек айтыңыз

  • (Сыныптағы оқушылар нұсқау бойынша орындайды)

3.Тапсырма

« Болады» алақандарымен шапалақтайды, «Болмайды» алақанымен шапалақтамайды.

  1. Адамның көңіл күйің көтеріп, жақсартуға бола ма?

  2. Үйде көңіл -күйлерің жақсы бола ма?

  3. Әрдайым достарыңа жақсы сөз айтуға бола ма?

  4. Үнемі мектепте көңілді жүресіздер ме?

  5. Танымайтын адамдарға жақсылық жасауға бола ма?

  6. Адамдарға көңіл- күй тудыра алатындай сәлемдесе аласыз ба?

  7. Көңіл- күйіңіздің көтеріңкі болғаны жақын жандарыңызға қуаныш сыйлауға болады ма?

Сергіту сәті

Би.

Қорытынды: Жалпы адам баласы күнделікті өмірде бір –біріміздің көңіл күйін түсірмей, бір-бірімізді ренжітпей жүруіміз керек. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу, баға жептес байлық.Олай болса « Менің көңіл күйім» атты тренинг сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!