МЕНІҢ МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАУДАҒЫ
АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫМ
ТРЕНИНГІ
Мақсаты: Өзін-өзі тануды дамыту,
өзгенің пікірін сыйлап түсіне білуге баулу, өз құндылықтарын
арттыру. Мамандықтың салаларымен танысу.
Керекті құралдар:
А3 жеке
беттері, қалам, қарындаш, фломастерлер, бор.
Барысы:
1. «Мен кіммін,
қандаймын?» жаттығуы орындалады. Әрбір
оқушы «Мен кіммін, қандаймын?» деген сұраққа 20 пікір жазу керек.
Берілетін уақыт 10 минут. Оқушылардың пікірлері міндетті түрде
талқылануы тиіс.
2. Балалардан 5 минут уақыттың
ішінде «Қуаныш дегеніміз
не?» деген сұраққа пікірлер
жазылып, немесе суретін салып беруін сұраймыз. Жұмыстар жиналып
«сиқырлы сандыққа» салынады. Басқа да осы тақырыптардағы суреттер
қорымен қосып аралыстырамыз. Бір-бірлеп алынып балаларға
таратылады. Оқушылардың назарын «қуанышты» әркім әрқалай түсініп,
әртүрлі елестететіне аударамыз. Біраз талдаудан кейін бір затты
әркімнің әрқилы түсінетіндігі, елестететіндігі туралы қорытынды
жасаймыз. Соңынан тапсырманы орындау жеңіл болды ма, жоқ па соған
талдау жасалады. Әр адамның ерекше, қайталанбас екенін, әр адамның
орнын ешкім толтыра да, ауыстыра да алмайтынын тұжырымдай келе,
басқалардың пікірлерін тыңдап, сыйлау керектігі
айтылады.
3.«Біз екеуіміз
ұқсаспыз, әртүрліміз» жаттығуында оқушылар жұпқа
бөлініп жұмыс жүргізеді. Дәптерде екі бағанға өзін жанындағы
жұбымен салыстыра отырып (біріншісінде ұқсастық, екіншісінде
айырмашылық) бойларындағы ерекшеліктерін жазып беруін сұраймыз.
Тапсырма орындалып, талқыланған соң аталған ерекшеліктерді тақтаға
физиологиялық, психологиялық топтарға жинақтап
талдаймыз.
4. «Менің күн бетіндегі
бейнем» жаттығуы: әркім басқаларды күн
сәулесіндей өзіне тартатын өз бойындағы жақсы, жағымды қасиеттердің
тізімін жасайды немесе сәуле бойына жазады. Бұл жаттығу оқушының өз
құндылығын түсінуге, арттыруға әсер
етеді.
5.
Немовтың «ЖДС» диагностикалық байқауын өткізе отырып, қорытындысы
бойынша мамандықтың түрлерінің «адам - адам», «адам – техника»,
«адам – белгілер жүйесі», «адам - көркемдік бейне» болып
бөлінетіндігін, оның қайсысына бейімділігі бар екенін
байқау.
Шығу
парағын толтыру