400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг Менің мақтанышым отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің мақтанышым отбасым
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің отбасым-менің мақтанышым»

Мақсаты: оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге , мақтан етуге, ата-анасын сыйлауға, кішіге қамқор, тату болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

Тренинг бағдарламасы:

1.Есімдер аллитерациясы

2. «Қуанышты отбасы» тыныштық сәті

3. Миға шабуыл

4. «Мен отбасымды мақтан етемін» оқушылар шығармашылықтары

5. «Тілек шамы» оқушылар тілегі

Тренинг барысы:

  1. Есімдер аллитерациясы

Мақсаты: тренингке қатысушы оқушылармен жағымды қарым-қатынас орнату және танысу

Шарты: әр оқушы өз отбасындағы өзі жақсы көретін адамын айта отырып, оның бір еркелеткен сөзін өз есіміне қосып айту. Мысалы: мен отбасымда анамды жақсы көремін. Мен анамның ерке қызы Жайнагүлмін.

  • Еркелеткен есімдеріңді айтқанда қандай сезімде болдыңдар?

  • Қазіргі көңі-күйлерің қандай?


  1. Тыныштық сәті

Мұғалім: «Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Енді көз алдарыңызғаөз отбасыларыңыздың қуанышты сәтін елестетіңіздер. Сол қуанышты сәтте сіздердің қолдарыңызда өте әдемі айна бар. Абайлаңыз, абайсыз қимыл, асығыстық бұл әсемдікті бүлдіруі мүмкін. Отбасы арасындағы бауырмалдық, сыйластық, қарым-қатынас осындай жұқа әрі нәзік. Олар қамқорлықты, сүйіспеншілік пен түсіністікті, мейірімділікті, бауырмалдықты талап етеді. Сынған айнаны қайта қалпына келтіру өте қиын, тіпті мүмкін емес. Сондықтан отбасыңыздағы адамдарға мейірімділікпен, байыппен, сабырмен қарап, көңілдерін қалдырмауға тырысуыңыз қажет. Отбасыңызды әрдайым мақтан тұтып, өткен қуанышты сәттеріңізді естен шығармаңыз. Сіздің балалық бақытыңыз өзіңізбен әрқашан бірге болсын! Осындай қуанышты және тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз...Енді осы қуанышты сәтіңізді жүрегіңізге орналастырыңыз. Қуанышқа толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.»


  1. Миға шабуыл. Оқушылардың өз бетімен жұмыстары.

1-топ: «Отбасы құндылықтары» мағынасын ашу

2-топ: «Отбасы қарым-қатынасы» мағынасын ашу

3-топ: «Отбасылық мерекелер» мағынасын ашу


«Мен отбасымды мақтан етемін» оқушылар шығармашылықтары«Мен отбасымды мақтан етемін» оқушылар шығармашылықтары

Шарты: оқушыларға сөздер жазылған карточкаларды үлестіре отырып, сол сөздерді қолданып шағын эссе немесе тақпақ шығаруларын өтінеміз. Қолданылатын сөздер: «Отбасым», «Менің жанұям», «Менің анам»,


  1. «Тілек шамы» оқушылар тілегі

Шарты: оқушыларға жүрек тәрізді шамдар таратып беріп, олардың отбасыларына деген тілектерін тыңдау.

Қорытынды : оқушылардың тренингтен алған әсерлерімен бөлісу және «Мәуелі ағашқа» стикерге жазылған кері әсерлерін жабыстыру. Арнайы дайындалған сыйлықтарды табыс ету және қоштасу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 ақпан
1532
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі