400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Тренинг Мұғалімдер арасындағы қарым қатынасты қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Покатилов Жалпы орта білім беретін мектебі





















Тренинг.

«Мұғалімдер арасындағы қарым- қатынасты қалыптастыру»

















2020-2021 оқу жылы

Покатилов ЖОББМ 11 сынып оқушылары.

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Рахметова Жанаргул Нуржановна.

Тренинг тақырыбы: «Мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру»

Тренинг мақсаты: 11 сыныптың «Шынайы көсбасшының қалыптасуы» жобасы бойынша мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында оздырылып отыр. Бұл тренинг арқылы оқушыларымыз мұғалімдерден көсбасшының қандай қасиеттері жәнеде жалпыадамзаттық қасиеттерді танып, зеттей алады. Ұстаздарымыздан болашақтарына бағыт-бағдар алады деген мақсатпен оздырылып отыр.

Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар. Добро пожаловать уважаемые коллеги.

Бүгінгі «Мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру» атты тренингімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Алдымен жағымды күйге еніп, тыныштық сәтін өткізуге рұқсат етіңіздер. (Нұрға бөлену. 3мин)

Қай қай мамандықтың да бір айрықша белгісі болады. Ол адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебіне жатады. Әнші үшін ән, музыкант үшін музыканы ұгу қаншалықты маңызды болса, мұғалім үшін педагогикалық ідеп сондай қажет. Педагогикалық әдеп- мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы.

Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер қандай болуы керек.

  • Ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы шарт.

  • Ой –өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын шәкірттеріне анық тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.

  • Өз оөушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдәйім оқушылармен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.

Құрметті ұстаздар алтындай уақыттарыңызды бөліп біздің өткізгелі отырған тренингімізге келгендеріңіз үшін алдын ала алғыс білдіреміз. Ендеше алғашқы тренингімізді бастайық.

  1. Көрші.

Мақсаты: әрбір мұғалімнің сол топтың бір мүшесі екенін сезіну, бір-біріне жылулық сыйлау.

Нұсқаулық: Әр топ мүшелері өз көршілерімен жасайды.

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып.

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы.

Біз үлкен отбасы.

(мұғалімдер қимыл қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды.)

Бізге пошта арқылы хаттар келген екен оларды өз мекен жайларына жеткізейік.


  1. Жасырын хат, ойлан тап.

Ерте, ерте, ертеде ..... Әлі адамдар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренесіз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізесіздер.

1-топ.

«Бүгін менің туған күніме кешкі сағат 21:00 де кел. Сені асыға күтемін. »

2-топ.

«Менің саған маңызды хабарым бар. Кешке 18:00 де телефон соқшы.»

3- топ.

«Ертең мектепте фудболдан жарыс өтеді. Соған екеуміз барамыз сағат 15:00де. »

Ұстаздар өздеріне берілген тапсырманы ақ параққа сурет арқылы салып һзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.

  1. «Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез-құлық»

Мақсаты: Сенімді мінез-құлықтың мәнін түсініп, өзіне деген сенімділігін дамыту. Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез-құлықты бір-бірінен ажырата білу.

Топтағы әр қатысушыға әр түрлі жағдаят жазылған парақ беріледі, әрбір қатысушы сол жағдаятты үш түрде жауап беруі керек.

(топ мүшелеріне жағдаяттар үйлестіріледі.)

  1. «Джунглидегі жаңбыр»

Мақсаты: Иық, иойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.

Нұсқау. Шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп елестетеміз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болды. (алдында тұрған әріптесінің арқасын сипайды) Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. (арқасын шымшиды) Бір мезгілде жеңіл самал жел соқты. (арқасын сипайды) Жел күшейе түсуде.(арқаны батырыңқырап басады) Құйын басталды (арқаны айналдыра батырады) Содан орманымызда жәй жаңбыр басталды (арқасын саусақтарымен түртеді) Нөсер аралас жауын жауа бастады. (Барлық саусақтарыңызбен батырыңқырап түртесіз) Бұршақ аралас жауын жауа бастады (жұмыдырықпен соғады) Содан жәй жаңбыр жауып (арқасын саусақтармен түртеді) күн ашылды.

Талдау:

1.Мұндай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?

2.Өз көңіл күйлеріңізбен бөліссеңіздер.

  1. «Психогиометриялық фигура»

Мақсаты:қатысушылардық, жеке тұлғаны байқағыштыққа және топ мүшелері арасындағы үйлесімді қарым-қатынас қалыптастыру.

Нұсқаулық:Қатысушылар шеңбер болып тұрады. «Көзімізді жұмамыз, бастапқы қатысушы жіпті қалған қатысушыларға жасғап береді. Мен 1,2,3 тең болады қандай фигура түрін айтамын , сіздер сол фигураны жұмулы көздеріңізбен жасау керексіздер. Соңында көзіңізді ашып тексересіздер.»

Талдау:

1.Сіз тапсырманы еш қиындықсыз орындадыңызба?

2. Қандай ісерлеріңіз болды?


  1. «Балалық шаққа саяхат»

Мақсаты: Эмпацияны дамыту.

Мұғалімдер қорапша ішінен текшені таңдап алады. Егер қызыл текше тапса балалық шағынан бір өкінетіндей оқиғасын, егер көк түсін тапса қызықты оқиғасын айтып береді.

  1. «Әнді жалғастыр»

Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоция тудыру.

Сіздерге бір өлеңнің 1 жолын айтамын 1 топ 2 жолын, 2топ 3жолын, 3топ 4 жолын тауып айтасыздар. Егер дұрыс тапсаңыз 1 шумағымен қайырмасын орындаймыз.

1.Әрқашан күн сөнбесін.

2.Анашым.

3.Школьный вальс.

4.Арыс жағасында.

5.День рожденья.

  1. «Сен білесің бе?»

Мақсаты: Қатысушылардың бірін-бірі жақсы тану, өзара бөлісу, мән бермей жүрген қасиеттерін өзара түсінісу.

Нұсқау: Сіздер қоржыннан бір билет аласыздар. Онда әр түрлі жануарлармен құстардың, жәндіктердің аттары жазылған. Билеттегі жануардың бойында бар қасиеттерді өз көршіңізден анықтап айтасыз.

(Аю, балапан, қоян, жылқығ мысық, ит, түлкі, бүркіт, арыстан, құмырсқа, маймыл, қой, көгершін, тасбақа.)

  1. «Ыстық картоп»

Мақсаты: Қатысушылардың көңіл күйін көтеру.

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Әуен басталған кезде қатысушылар ыстық картопты бір-біріне береді. Әуен аяқтал,ан кезде ыстық картоп кімде қалса, сол қатысушы берілген сұраққа жауап береді.

Біздер қазыр сіздермен Жылы лебіз айдарын өткізгіміз келеді. Ол үшін осы смайликті бір-бірімізге бере отырып, жүрек жарды жылы лебіздерімізді жолдасақ. Ертеңгі күнімізге сәттілік тілеп, болашағымызға жарқындықты тілеуімізге болады.

Бүгінгі тренингімізді қортындылай келе сіздерден, қолдарыңыздағы жүрекшелерге біздерге тілектеріңіз, ия ұсыныстарыңыз болса, тілек ағашына жазып жапсыруларыңызға болады.

(тілектерін жазып тілек ағашына жапсырады.)

Тренингіміздің соңында өзін-өзі танудың әнұранына айналған «Айналайын» әнін бәріміз бірге орындасақ.

(Барлыңы ән орындайды.)

Құрметті ұстаздар осымен біздің бүгінгі сіздерге арнаған тренингіміз өз мәресіне жетті. Сіздерге ұнады деген ниеттеміз. Тілек білдіремін деушілер болса сөз кезегін береміз. Біздер сіздерден көпнәрсе үйрене алатынымызға сенеміз. Келесі кездескенше аман сау болыңыздар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 желтоқсан
1361
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі