400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг. "Өмір сүру өз қолында." 9-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жасқы өтті. Барлық мұғалімдер қатысты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

КҮНІ: Тақырыбы: «ӨМІР СҮРУ ӨЗ ҚОЛЫҢДА»

Мақсаты: оқушыларға өмір, оның мәні туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

- оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы туралы түсінік беру;

- оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

- еліне, халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу.

Мұғалім сөзі: - Өмір – ол  адамға  бір – ақ  рет  берілетін  баға  жетпес  қымбат  сый . Осындай  сыйды  саған  сыйлаған  кім ?...

  Әрине  саған осындай  баға  жетпес  сый  сыйлаған  ең  қымбат  адамдарың ,

ол  сенің  ата – анаң .Сондықтан  оларды  ренжітпеуіміз  керек ,айтады – ғой,

Анаңды  үш  рет  Меккеге  арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың”  -деп. Себебі , біріншіден  ол  саған  “өмір”  сыйлады , саған  жарық  дүние көрсетті , сені  өсірді , сенің  ыстығыңа  күйді , суығыңа  тоңды, түн ұйқы-

сын  төрт  бөліп  сені  аялады , тәрбиелеп  өсірді .

   Егер  саған  анаң  осындай  баға  жетпес  сый  сыйласа , сен  соған  лайықты  өмір  сүруге  тиіссің.

    Өз  өмірің , өз  әлемің  өз  қолыңда ! Біреуге  ренжіп ,біреуді  кінәлап , мін

тағу  дұрыс  емес . Өмірдегі  қайғыны , қиындықты , сәтсіздікті  көтере  білу  керек. Жаңа , жақсы  ойлар  ойлау  керек.

 Адам  өмірі  жеңіс пен  жеңілістен , сәттілік  пен сәтсіздіктен , қайғы  мен  қуаныштан  құралады . Міне  өмірдің  өзі  біле – білсең  сонысымен  қымбат.

  Ендігі кезекті жүргізушілерге берейік

1 жүргізуші.

Сәлеметсіздер ме қадірлі ұстаздар мен оқушылар! «Өмір сүру өз қолыңда» атты тәрбие сағатымызды мына өлең жолдарымен бастағымыз келеді.

2 жүргізуші.

Өмір, өмір, өмірдің мәні қандай,

Қайратыңды қайратқа жанығандай,

Қайғырма ешқашан да, қайғырма ешқашан да,

Өмірің өз қолыңда.

1 жүргізуші.

Өмір, өмір, өмірдің жөні басқа,

Сүрінбестен болады жаңылмасқа,

Болады шегінбесек,

Болады жеңілмесек,

Өмірің өз қолыңда.

2 жүргізуші.

Сыныбымыздағы оқушыларымызды 3 -топқа бөліп. Әр топты өз орындарына жайғасуын сұраймыз. Топтарымыздың аттары  өнер саласындағы адамдардың мамандығына байланысты. Өйткені олар өмірдің мән-жайын өз шығармаларында көрсете білген.

1 топ – Ақындар.

2 топ – Әншілер.

3 топ – Бишілер.

2 жүргізуші.

Топтық сайысымыз үш кезеңнен тұрады. 1. Сұрақ – жауап.   2. Ассоциасиялар құру.   3. Өз өнерлерін көрсету.

1 жүргізуші.

Сұрақ – жауап.

1)    Ө мірдегі үш зат, ешқашан қайтып келмес үш нәрсе?  1.уақыт

                                                                                             2.мүмкіндік                                           

                                                                                                3.сөз

     2) Ешқашан жоғалтуға болмайтын үш нәрсе?                1.сабырлық

                                                                                                2.үміт

                                                                                                3.ар

     3) Өмірдегі ең қымбат үш нәрсе?                                    1.сенім

                                                                                                2.махаббат

                                                                                                3.достық

     4) Өмірдегі тұрақты емес үш нәрсе?                               1.арман

                                                                                                2.сәттілік

                                                                                                3.байлық

    5) Өмірдегі адамды анықтайтын үш нәрсе?                     1.еңбек

                                                                                                2.адалдылық

                                                                                                3.жетістік

    6) Адамды бұзатын үш нәрсе?                                          1.шарап

                                                                                                2. көкірек кеуде

                                                                                                3.ашу

2 кезең.  Әр топ “Өмір” сөзіне ассоциациялар құру. “Күн шуағы”, “Кеме”,

Жүрекше”.

2 жүргізуші.

3 кезең. Білім, ғылым, өнерге

              Қанат қағар кездерім

              Ата - салтын ертеңге

              Жеткізетін өздерің!

дей отырып өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.

1.Өлең жолдарын оқу

2.Ән шашу

3.Би билеу

1 жүргізуші.

Шеңбер құру. Өлең жолдарын оқу.

* * *

                                                                           Қ. Әлімбек

Жаңа - жаңа мен ұғына бастадым,

Өмір деген қымбат екен,достарым.

Өмір – менің жарқылдайтын аспаным,

Өмір – менің сарқылмайтын дастаным.

Мен – өмірді жас зерттеуші, жас ғалым,

Енді оянып, енді зерттей бастадым.

Өмір – кітап, түсінуі тым қиын,

Әрбір күнім – әрбір бетін ашқаным.

Жағылды ма жүрегімде жаңа шам,

Ойлаумен өтеді ылғи оңашам.

Армандаймын: ұлы еліме сүйікті,

Жақсылықтар жасасам деп орасан.

Маржан іздеп терең теңіз түбінен,

Күн батарда  атар таңға үңілем.

Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп,

Жақсы адамға айналармын түбі мен!

Соңында бәрі қолдарына тілектері жазылған көгершін суреттерін алып, хормен қайталайды: “Мен өзімді сүйемін, Өзіме өмірдің бар жақсылығын тілеймін”. Өзімнің адамгершілік асыл қасиеттерімді жүзеге асыруға дайынмын. Өмір мені қолдайды.

2 жүргізуші.

Жүлде алғандар жарыстан өзғаныңда,

Өмір, өмір, өмірің өз қолыңда,

Қайғырма ешқашан да, қайғырма ешқашан да,

Өмірің өз қолыңда!

Мұғалім сөзі:

Әрине  өмірдің  барлық  сәтсіздіктері  бақытсыздық  емес .

 Өмір - өзен  ағып  жатыр , тынбайды ,

 Өмір  болмас  қасіретсіз , мұң  қайғы ,

 Сондықтан да , өз - өзіңе  абай  бол ,

Өмір  сені  сонда  ғана  шыңдайды .  - деп  ақындар  жырлағандай , Өмір - арнасы  кең  өзен , сол  өзеннен  өз  арнаңды  тауып  ағу  сенің  басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа  жету  оңай  емес , ол үшін  қандай да бір қиын-

дықтарға , кедергілерге  кездесуің  мүмкін .Ал  енді  біреулерге  қиындықтар

кездеспеуі де  мүмкін . Сондай  кездерде  біреулерге  қызғаншақтық , көреал-

маушылық  танытпа ,өз  мақсатың  үшін  күресе  біл .Өзіңнің  күшті  жақта-

рыңды  көрсет , әлсіздік , шарасыздық  танытпа . Сен  өз  өмірің  үшін  өмір  сүруге  тиіссің . / “Екі  бақа” аңызы  мысалға  келтіріледі ./

  Ал сен  біреуге  ренжіп  неге оп оңай  өле  салуың  керек , бақа  ғұрлы  жоқ-

сың ба ? Бақа да  өз  өмірі  үшін  күресіп  ақыры  жеңіске  жетті .

Адам  өзін - өзі  тәрбиелеуі , алдына  мақсат  қоя  білуі  керек. Сол  мақсатқа

жету  үшін  адами  құндылықтарды  бағалай  отырып , “өз  өмірім  өзіме  құнды ” деген  қағиданы  басты  назарда  ұстауы  қажет .

 Біз  өмірде  өзімізге  мақсат  қоя  білеміз бе

Тәрбие сағатымызды қорытындылай отырып сендерге әр қашан сәттілік, алдарыңа қойған арман-мақсаттарыңа жетуге, еліңе, халқыңа абыройлы қызмет етуге шын жүректен тілекте

Сайысымызға ат салысып қатысқандарыңа көп рахмет!

.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.04.2019
1300
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі