400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг «Отан отбасынан басталады» Ата - аналармен

Материал туралы қысқаша түсінік
«Отан отбасынан басталады» тренинг Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы - ата – ана. Ата – анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Отан отбасынан басталады»

ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:

Мақсаты: отбасындағы тәрбие – өте маңызды рөл атқаратындығын

көрсете білу, мектеп пен ата – ана байланысын ынтымақтастыру, өзара серіктестік орнату, ата – ананың, баланың оқу – тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.

Міндеті: ата – ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің да ралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.

Қатысушылар: ата – аналар.

Құрал – жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, плакат, стикерлер, маркерлер.

Ұйымдастыру кезеңі:


Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы -

ата – ана. Ата – анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының әдепті,

білімді болып өсуін армандайды.

Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қызығы

алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының

әсері мол. Сондықтан да мектеп өміріне, бала тәрбиесіне белсене араласу,

мәдениетін арттыру, ата – ана мен мектеп арасында серіктестік орната отырып,

ынтымақтастықта жұмыс жасау мақсатында ұйымдастырылатын тренингтердің

маңызы орасан зор.

Амандасу. Ата – аналарды орындарына отырғызу, жақсы психологиялық көңіл күйді қалыптастыру.

«Сәлем – сөздің анасы» демекші кез келген жерде, қандай жағдайда болмасын

адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа жеңіл өту үшін алдымен амандасып, сәлем

алысқаннан кейін жұмысы жөнінде сөз қозғайды. Бұл қашанда да осылай болған, болады да, болуы керек. Дүние жүзіндегі сан алуан халықтардың сәлемдесу салты да түрлі түрлі болып келеді

  1. Еуропалықтар – қолын қысады.

  2. Жапондықдар – иіледі.

  3. Оңт.африкандықтар – арқаларымен үйкелеседі.

  4. Сол.африкандықтар – оң қолын алдымен маңдайына, одан соң еріндеріне, содан соң кеудесіне әкеледі.

  5. Замбезиде Африка – тізе бүгіп, алақандарын соғады екен.

  6. Үндістер – алақандарын бір – біріне қойып жоғары қаратып қастарына тигенше көтереді.

Ал енді, өзіміздің ұлттық қазақшаға амандық, саулық сұрап, қал – жағдайымызды біліскенге не жетсін! Олай болса, қол алысып бір – бірімізбен

сәлемдесейік.



« Жанұя бақыты » жаттығу:

Мақсаты: ата – ананың бала тәрбиесіндегі қарым – қатынасы туралы түсініктер

беру арқылы ата – аналардың білімін көтеруге көмектесу. Жаттығуымыздың

шарты бойынша «Жанұя бақыты» моделін құру. Яғни, ата – ана өзінің отбасын

салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан – жағына отбасы

сөздері арқылы жеткізу керек.

Сыйластық, мейірімділік, өзара түсінушілік, татулық, сүйіспеншілік, денсаулық,

салауатты өмір салтын қорғайды

Топ ішінен бір ата – ана жасалған жұмысын қорғайды.

« Сөйлемді аяқта » әдістемесі

  • Мен өз отбасымды жақсы көремін, себебі ....

  • Отбасы бұл ....

  • Отбасым бақытты болу үшін ....

  • Мен қалар едім отбасымның ....

  • Отбасымда зорлық – зомбылыққа жол жоқ, себебі ....


Сергіту сәті. «Өтінемін» ойыны

Мақсаты: ата – анамен балалар арасындағы қарым – қатынасты жақсарту, бір – біріне көңіл бөлу, бірін – бірі тыңдай білуге үйрету. Қатысушылар ортаға жартылау

шеңбер жасап тұрады.

  • Мен әртүрлі өтініштер жасаймын, егер мен «Өтінемін» деген сөзді айтсам,

сіздер оны орындауларыңыз қажет, «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер сол өті-

нішті орындамайсыздар.

Қорытынды. Ой түйін: «Сиқырлы жүрек»

  • Ал енді мына жүрекке назар аударайықшы. Ол тірі емес, біз оған жан береміз.

Мына жүрекшелердің артына балаға деген ақ тілектеріңізді оқи отырып, үлкен

жүрекке жапсырайық. Жүрек тірілді, ол үнемі дүрсілдеп соғып тұратын болады.

Ж.Ж Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен.

Ендеше, ата – аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Олай болса, балаға әрдәйім жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге ат салысайық.

Болашағымыз – бірлікте!


«№123 жалпы орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік педагогы: Ж.Нусерова





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1633
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі