жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тренинг «Отбасы –шағын мемлекет»
Тренинг «Отбасы –шағын мемлекет»
Мақсаты: Ата – аналар арасында жағымды қарым – қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал ету, өзін өмірдің бір бөлшегі ретінде сезіндіру, өзін және өзгені бағалай білуге көмектесу.
Тренинг ережесі: Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу
Тренинг барысы:
Ата – аналар шеңбер жасайды.
1. Сәлемдесу Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз. Ым, ишара арқылы сәлемдесу.
Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар?
Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)
Отбасы тұлғаны дамытатын шағын мемлекет.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде баланың жан- жақты болуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана.
2. Доппен жаттығу. Бала сіз үшін кім? Допты бір-біріне ұсынып сұраққа жауап беру. Бала – болашағым, серігім, бақытым, өмірімнің жалғасы т.б.
3. «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.
Баланың жан дүниесі . Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрекше бар. Сол жүрекшеге өздеріңіздің ойларыңызды жазған сөздеріңізді айтып, осы үлкен жүрекке жапсырамыз. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт. Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.
ІҮ. «Сиқырлы қоржын» Ойлауға арналған сұрақтар. Әр адам қоржыннан аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелер алады да өз сөздерімен сөйлемді аяқтайды.
1. Ең үлкен қорқыныш бұл – ....
2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін.....
3. Мен ренжимін, егер....
4. Мен қуаныштымын, себебі.....
5. Баланы үнемі қолдап отырса.....
6. Мен үшін бақыт деген.....
7. Отбасының қорғаны кім?
8. Балаңыз сізге қасқыр мен түлкі туралы ертегі айтып беруін өтінді, сіздің әрекетіңіз
9. Мақалды жалғастыр. Бала жас шыбық... (қалай исең, солай иіледі)
10. Ана бауырындағы бұлақ.... (бала жағасындағы құрақ)
11. Балаңыздың қандай да бір іске өнері, қызығушылығы байқалсы не істер едіңіз?
12. Сіздің балаңыз сізге түн неге қараңғы? Күн қайда кетті ? деген сұрақтар қойса, қалай жауап берер едіңіз
13. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?
14. Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс - әрекетіңіз.
4. «Өтінемін» ойыны. Мен сіздерге бірнеше нұсқаулар айтамын. Сіздер іс – қимылмен көрсетесіздер. Мен «өтінемін» сөзін қосып айтқанда ғана қимылды жасайсыздар. Мысалы: Өтінемін қолымызды көтерейік Өтінемін билейік Ал енді бір – бірімізді құшақтайық. Өтінемін бір – біріңізге қарап жымиыңыздар Ал енді қабағымызды түйеміз
Жаднама «Ата-анаға кеңес»
1. Бала тәрбиелеу - бесіктен басталады. Ендеше оған әрдайым көңіл бөліп,сергек қараңыз. Қателігін зекіп, ұрысып немесе ұру арқылы түзетуге тырыспаңыз.
2. Таңертең балабақшағабарарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс.
3. Егер балаңыз кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да бол» деп айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
4. «Бұзық болма», «Қисалаңдамай тыныш жүр», деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылулық сыйлаңыз.
5.Күнде алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз.
6.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз.
7.Отбасыңыздағы ұрыс-керіс балаңыздың жүйкесін жұқартады. Баламен бірге отырған жерде құпиялы әңгіме айтпаңыз.
8.Балаңызға уәде берсеңіз орындаңыз. Кемшілікті байқамауға тырысыңыз. Баланың көзінше өзгені сынамаңыз.
9.Тәрбие ісінде өзіңіздің жауапты екеніңізді ұпытпаңыз, баланың өтінішін үнемі орындай бермеңіз.
10.Баланы өзгелерге де көмектесіп тұруға баулыңыз. Оған шыдамды болуды үйретіңіз.
ҮІ. «Майшам» «Тілек шамын» жағамын. Бұл шамды жаққан себебім әрқашан алдарыңыз осы жарық шырақ секілді ашық, жарық болсын, оттарыңыз сөнбесін деймін. Бір – біріне тілек айту.
Құрметті ата – аналар бала тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Олай болса отбасында балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге атсалысайық.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген