Материалдар / Тренинг өзін-өзі тәрбиелеу өмір талабы

Тренинг өзін-өзі тәрбиелеу өмір талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өзін-өзі тануына, өзінің не нәрсеге қызығушылығы, қабілеті бар екендігін анықтауға бағыт беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2020
781
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады












Тренинг сабақ

«Өзін – өзі тәрбиелеу өмір талабы»
























«Өзін – өзі тәрбиелеу өмір талабы» тренинг - сабақ

Мақсаты: оқушылардың өзін - өзі тануына, өзінің не нәрсеге қызығушылығы, қабілеті бар екендігін анықтауға бағыт беру. Өз - өзіңді тани білсең ғана көздеген мақсатына жете алатындығын ұғындыру. Адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін - өзі тану туралы түсініктерін кеңейту. Әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін - өзі түсіну, өзін - өзі бағалай білу және өзін - өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру. Өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзі – халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.
Күтілетін нәтиже: тренинг - сабақ барысында берілген ақпараттарды игере отырып, өз - өзін тани алуы, өз мүмкіншіліктерін білуі. Оқушының ойлау аймағының шексіз екендігін көрсете отырып, өз - өзін түсінуге, бағалауга баулу. Байқампаздыққа жетелеу.

«Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту,ең қиын нәрсе – өзіңді - өзің түсіну»
Әл – фараби

Жоспары:
І. Кіріспе сөз.
ІІ. «Мен кіммін» тренингі
ІІІ. «Мен қандаймын» жаттығуы.
ІҮ. «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны» жаттығуы.
Ү. «Өз ұстазыңызбен қарым – қатынасыңыз қалай?» жаттығуы.
ҮІ. Қорытынды:

І. Кіріспе сөз.

ІІ. «Мен кіммін» тренингі
Мақсаты: «Мен кіммін? деген сұраққа жауап беру. Өз есімдерін ұнату арқылы өзін бағалауға үйрету.
Бәрімізде адам болғандықтан, есім беріледі. Есімді қоярда бізден ешкім саған осы есім ұнай ма? деп сұрамайды. Сондықтан кей кездері өз есімдеріміз ұнамай қалып жатады.
Көзін жұмып ұнататындықтарын саусақпен көрсету. 1 саусақ – мүлде, 2 саусақ – ұнатпау, 3 саусақ – қанағаттанарлық, 4 саусақ – ұнатамын, 5 саусақ - өте қатты ұнатамын.
Өз есімдеріңді елестетіңдер. Мүмкін сендер оны жазу күйінде немесе сурет күйінде көретін шығарсыңдар. Ол қандай үлкен бе? Кіші ме? Оның түсі қандай? Дыбыс естисіңдер ма?
Біз өзіміздің бағыт – бағдарымызды анықтап, өзімізді ғана емес, қоршаған ортадағы адамдар өміріне де араласып, ұлы адамдар өмірінен, мінез – құлқынан, жүріс - тұрысы, яғни бір сөзбен айтқанда жақсы қасиеттерінен үлгі - өнеге алып отырсақ нұр үстіне нұр болар еді. Осы мақсатта қазір «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны» атты жаттығуы жүргізіледі.


ІІІ. «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны» жаттығуы.
Ойын шарты: Оқушыларға ауылға еңбек сіңірген адамдардың суреттері беріледі. Балалар осы кісі туралы, оның өзіне үлгі, өнеге боларлық ісі, мінез – құлқы туралы әңгімелейді.

ІV. «Өз ұстазыңызбен қарым – қатынасыңыз қалай?» жаттығуы.
Біз бағанадан бері сынып оқушыларымен жұмыстар жүргіздік. Енді күделікті сынып өміріне етене араласып, тәрбие мен білімді ұштастырып отырған сынып оқытушыларының сынып оқушылары туралы қаншалықты жақсы білетіндігін байқау мақсатында, яғни оқушы мен оқытушы қарым – қатынасы қандай екендігін тексерейік.
Жүргізілу жолы: Сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер алдын – ала төмендегідей сауалдарға жауап толтырады. Мұғалім осы сыныптағы бір оқушыны таңдап алып, сол оқушының атынан сауалдарға жауап береді.
Менің есімім
Менің сүйікті түсім
Менің сүйікті ісім
Менің аяқ - киім өлшемім
Менің сүйікті әнім
Менің сүйікті фильмім
Осындай сауалдар үлгісі сынып оқытушыларынан алдын – ала алынып қойылады да, оқушылар жауабымен салыстырылады.

V.«Мен өз жылулығымды бере аламын ба?» Балалар шеңбер құрады, 1-2 адамға негізделеді, келесі нөмердегілер алға қарай қадам жасап, ішкі топ құрады. Ішкі шеңбер топтан балалар сыртқы дөңгелек шеңбердегі балаларға қарап тұрады. Бір-бірімен сәлемдеседі, алақандарын бір-біріне тигізе отырып, жаңа көршілерімен араласу үшін ішкі шеңбердегі балалар сол жаққа қарай бір қадам жасайды.



VІ. Психогимнастика

Балаларға оқыған, түсінген өз ой-пікірлерін білдірулерін сұраймыз.

  • Бір күні өзін ғалым деп есептейтін бір адам қайыққа отырып жол жүреді. Ғалым қайық есушіге бұрылып былай деп сұрайды:

  • Сен өз өміріңде философияны немесе математиканы оқып зерттедің бе?

  • Жоқ, - деп жауап береді қайық есуші.

  • Онда сен өміріңнің жартысын жоғалтыпсың, - (текке өткізіпсің) дейді ғалым.

Қайық есуші үнсіз қапалы түрде қайығын есуді жалғастырады. Арада біраз уақыт өтіп, өзеннің ортасына келгенде олар қайықты тау-тасқынға апарған күшті ағысқа тап болды. Қауіп-қатерге тап болғанын түсінген қайық есуші ғалым жолаушысынан:

  • Сен жүзуді білесің бе? – дегенде

  • Жоқ, - деп тәкәппарлықпен жауап береді.

  • Онда, менің қымбатты ғалымым, бүкіл өміріңді жоғалттың, - деген екен.

2-тапсырма: Оқушылардың ойлау қабілеті

    • Мына төмендегілерге «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріңіз:

        • Өзімшілдік (эгоизм) – бұл адам өмірінің басты жауы;

        • Адам дамуының нәтижесі болуы үшін өзгелерге қызмет ете алу қабілеті болуы керек;

        • Қазақстанымыздың жарқын гүлденуіне үлес қосу үшін біз көп ізденіп, терең білім алуымыз қажет;

        • Өзіне ғана сеніп білім алу – қоғам дамуына пайда келтіреді;

        • Қарапайымдылықпен бекітілген білім бізге және басқаларға шын көңілмен қызмет етеді;

        • Қызмет етуде шынайы болуы қажет;

        • Қызмет ету ол белгілі бір қызығушылыққа бағытталған болуы керек.



VІІ. «Суретшілер байқауы»

Жүргізуші алдын ала ақ-қара түстен салынған қандай да бір агрессиялы кейіпкерлердің суреттерін дайындап қояды. Оқушыларға – мына суреттерге қайырымды түс енгізе алатын суретшілер болуын ұсынады. Оқушыларға дайын суреттер таратылады, олар оған мамық үлпілдеген жүндерін салып, басына ашық түсті бас киім кигізіп, оларды қайырымды етуге тырысады.

Соңында суретшілер конкурсы ұйымдастырылады – кімнің суреті өзгелерден қайырымдырақ салынған анықтайды.



VІІІ. «Бармақтағы бет пішіндер»

Жүргізуші: алдарыңызда ақ қағаз жатыр. Алақандарыңызды қағаз бетіне қойып, жәй қаламмен шеттерін айналдырып сызып шығыңыздар. Бұл сіздің аптаңыз, бармақтан бастап: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма. Ойланып қараңыздаршы, әр күннің қандай мінезі, көңіл-күйі болады, соны ұйқастырып, әр бармаққа бет пішіндер салыңыз. Ал енді алақанға «аптаның бет, жүзін» салыңыздар – сіздің апта бойындағы эмоциялық күй жағдайыңыз бен мінез-құлқыңыз. Өзіңізге ұнаған түспен бояңыз.

Пікір алмасу



ІХ.«Біз сені сүйеміз»

Бүкіл қатысушылар дөңгелене тұрады. Әр ойыншы кезекпенен ортаға шығады, барлығы бірге оның атын үш мәрте қайталап айтады, сосын барлығы «Біз сені сүйеміз» деп қатты дауыстайды.


ҮІ. Қорытынды. Адамның өз «Менін» сезіне бастауын Абай атамыз тілімен айтқанда, кісінің өзіне - өзі ұдайы есеп беруінен, өзін - өзі аңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді. Біріншісі - өз бойындағы берекесіздіктен, екіншісі – тұйықтықтан, үшіншісі – ұялшақтықтан арылғысы келеді. Жоғарыда өздерін біраз кемшіліктер туралы, көптеген жақсылықтар туралы айтып өттіңдер. Бәріміз де пендеміз, жаратылыста кем – кетіксіз адам болмайды, дегенмен шындап қолға алса, адам мінезінің сөзсіз өзгеретіндігі жаңалық емес.

Адам ғалам, ғажайып жеке - дара,
Жан құмары – ізденген мәңгі сана.
Өзіңді - өзің танысаң – істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ