Материалдар / Тренинг: "Өзіңді-өзің бағала"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг: "Өзіңді-өзің бағала"

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтардың бойындағы жағымды қасиеттерді тануға, жағымсыз қасиеттерді жоюға ықпал ету. Адам бойындағы сыртқы және ішкі қысымдарды түсіріп, мазасыздық сезімдерін жою. Педагогтардың арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
1832
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Өзіңді-өзің бағала!».

Мақсаты: Педагогтардың бойындағы жағымды қасиеттерді тануға, жағымсыз қасиеттерді жоюға ықпал ету. Адам бойындағы сыртқы және ішкі қысымдарды түсіріп, мазасыздық сезімдерін жою. Педагогтардың арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту.

Міндеттері:

  • Адамның өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіле білуге жағдай жасау, өзін-өзі түсінуге көмектесуі;

  • Өзінің тұлғалық қырларымен өзгелердің танысуына мүмкіндік беру;

  • Өзінің және өзгелердің жеке бас сапаларының қалыптасуына ықпал ету.

Қатысушылар: Меңгеруші, әдіскер, тәрбиешілер, дене шынықтыру маманы, ән-саз жетекшісі, хатшы, мейірбике, есепші.

Барысы:

  1. Кіріспе бөлім: Амандасу

  2. Презентация

  3. Көңілді музыка

  4. Жақсы мен жаман қасиеттер

  5. «Кактус» тесті

  6. Жаттығу: «Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?»

  7. «Табиғат мінезі» жаттығуы

  8. «Нәзік гүл» жаттығуы.

  1. Кіріспе бөлім:

  • Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Бүгінгі «Өзіңді-өзің бағала!» тренингіне қош келдіңіздер! Бүгін сіздердің көңіл-күйіңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы жақсы қасиеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.



  1. «Презентация»

Мақсаты: Қатысушылардың психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарай білуге үйрету.

Көңілді музыка ойнап тұрады. Қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Бірінші психолог өз аты-жөнін атап, өз хоббиін айтады. Келесі тренинг қатысушысы өз аты-жөнін атамас бұрын алдыңғы адамның аты-жөнін және хоббиін айтып барып, өзін таныстырады. Осылай жалғаса береді.

  1. «Көңілді музыка»

Мақсаты: Бойдағы шаршаудан, стрестен арылуға көмектесу.

Қатысушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-бірінің иықтарына қолдарын қояды. Музыка ырғағымен шеңберді айнала отырып билеп, жауырынға ақырын саусақ қимылдарымен массаж жасайды. Сосын кері бағытта қозғалады.

  1. «Жақсы мен жаман қасиеттер»

Мақсаты: Қатысушылардың өз-өзін бағалай білу қасиеттерін дамыту. Жаман қасиеттерін жоюға көмектесу.

Қатысушыларға ақ парақтар таратылады. Парақтың оң жағына жақсы қасиеттер, сол жағына жаман қасиеттеріңізді тізбектеп шығыңыз.

  • Қандай қасиеттеріңіз көп болды?

  • Осыған дейін бұл туралы ойланып көрдіңіз бе?

  • Бұдан кейін жиі есіңізге түсіріп жүресіз бе?

Енді ақ парақтың жаман қасиеттер жазылған тұсын жыртып алып, ұсақтап жыртып қоқыс шелегіне тастайық. Қағаз қиындысымен бірге жаман қасиеттерімізден де арылайық!

  1. «Кактус» тесті

Мақсаты: Бойдағы ашу-ыза, агрессияны анықтау.

Нұсқау: Алдарыңыздағы ақ параққа кактустың суретін салу тапсырылады.

Нәтижесі:

Тікенек болса – жиі ашуланады.

Кактуста гүл көп болса – нәзіктіктің белгісі.

Тікенек сыртында болса – тез ашуланады және тез басылады.

Тікенек тек ішінде салынса – ашуы ішінде болады.

Сурет жағымды көркем салынса - таза, ұқыптылықтың белгісі.

Кактуста тікенек иректеліп салынса – онда күйгелек, шыдамсыз болып келеді.

Кактусты үлкен етіп салса – отбасын жақсы көреді.

Ыдыссыз салса – жалғыздықты ұнатады.

  1. Жаттығу: «Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?»

Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйлерін сегіз түс арқылы анықтау.

Қызыл – қуанышты көңіл-күй.

Алқызыл (розовый) – ұнамды көңіл-күй.

Сары – жағымды көңіл-күй.

Көк – суық көңіл-күй.

Жасыл – қиналған көңіл күй.

Күлгін (фиолетовый) – алаңдаушы көңіл-күй.

Қара – күш-қуаттың төмендеуі.

Ақ – анықталмаған көңіл-күй.

  1. «Табиғат мінезі» жаттығуы.

Мақсаты: Бойдағы шаршаудан, стрестен арылуға көмектесу. Көңіл-күйді көтеру.

  • Қане, барлығымыз көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрады да, кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.

Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.

Жел күшейді – адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.

Кенет, боран басталды – енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.

Содан кейін, аяқ астынан жәй ғана жаңбыр сіркірей бастады дегенде қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.

Бір кезде қатты жауын жауды, біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтың ұшымен жоғары-төмен сипалаймыз.

Аяқ астынан бұршақ жауды дегенде, арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.

Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға күш-қуат берді. ( Қатысушылар бір-біріне күннің шуағы секілді күлімдей жылы қарайды).

  1. «Нәзік гүл» жаттығуы арқылы қорытындылау.

Мына нәзік гүлді бір-бірімізге бере отырып, бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін, бір-бір жылы сөзбен қоса тілек айтуларыңыз керек.

Психолог сөзі: Гүл деген өте нәзік, әдемі өсімдік, сондықтан да сіздерге сондай нәзіктікті, әдемілікті тілей отырып, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Алған әсерлеріңізді алдарыңыздағы параққа жазуларыңызды сұраймын.





Көңіл бөліп қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!!!





КМҚК «Әсем» ясли бақшасы













Тренинг: «Өзіңді-өзің бағала!»







Психолог: Төребекова А.Қ.











Құлсары қаласы

2017-2018 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!