Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Тренинг. "Өзіңді табар жол!"
Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог-психологтарға олимпиадаға қатысатын оқушыларға сенімділік қалыптастыруға, көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
23 Қараша 2018
925
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ақтау қаласы«И.Жанболатова атындағы №15 жббом»КММ
ТРЕНИНГ
Тақырыбы: «Өзіңді табар жол!»
Дайындаған: Г.Т.Тасболатова Қатысқаны: Республикалық пәндік олимпиадаға қатысатын оқушылар
Республикалық пәндік олимпиадаға қатысатын оқушылармен өткізілетін тренинг сабақтар
1.Ұйымдастыру кезеңі: Қайырлы күн! Құрметті оқушылар! Көңіл- күйіңіз қалай? Шаршап отырган жоқсыз ба? 2.Сәлемдесу рәсімін жүргізу. «Сәлемдесу» жаттығуыЖұп-жұп болып амандасу. 1-қолмен;2-төспен; 3- тіземен;4- мойынмен; 6- өкшемен. Осылай қайталана береді. Адамдар орын ауыстырады. 3. Жаттығу. Бой жазу: Уақыты: ( 5-мин. )Ал қазір сәл бой жазып алайық, ол “ қорқыныштан арылу» деп аталады. Бұл бой жазумыздың мақсаты,қорқынышты, мазалануды алу, күйзеліс жағдайына дайындалу болып табылады. Ынғайланып отырыңыздар, еркін дем алыңыз, көздеріңізді жұмыңыздар және көз алдарыңызға елестетіңіздер, сіздер жасыл алаңда, ашық күннің астында дем алып отырсыздар... Аспанда күн шуағын шашып тұр және осы нұрдың шашуының бөлігі сізге тиісті ... Оның шуақтары сіздің басыңызды жұмсақ және еркелетіп қыздырады, денеңізге кіреді, ол өн бойыңызға төгіледі, осының бәрі сіздің қорқыныш пен топшылама, барлық жағымсыз ойларыңызбен сезіміңіз, сіздің ренішіңіз және мазасыздануыңыздың бәрі ериді, оның бәрі тазартылған жарықпен толтырылады. Барлық таза емес бөліктеріңіз қараңғы түнге айналып, оны жұмсақ жел тез қуады, ол сіздің денеңізді тастап кетеді. Сіз қорқыныштан арылдыңыз, сіз тазардыңыз, сізге жарық түсті және сіз көңілдісіз.
5. Жаттығу: «Шыны ыдыс» Мақсаты: Қатысушылардың көңіл – күйін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру, дене бұлшықеттерінің шаршағандығын басу; Өзіндік өмір тәжірибесін, өз маңыздылығын сезіне білу, “Мен” концепциясын дамыту. Қажетті оқу құралдар: Түсті қағаздар , А4 қағазы.Мына шыны ыдыс туралы не айта алар едіңіз? Бұл шыны ыдысқа келесі нәрселерді салып көріңіз: сыра, тас, құм, асбұршақ.Әр нәрсенің сіздер үшін қандай маңызы бар екенін ойланыңыз? Бұл нәрселердің әр адам өміріндегі маңызы: Шыны ыдыс – бұл сіздің өміріңіз. Шыны ыдыстың ішіне толтырып салған нәрселер біздің өміріміз, бүгініміз бен келешегімізге байланысты. Шыны ыдысқа нәрселерді қандай ретте салғаныңызға зер салып көріңізші: Тас – өміріміздегі маңызды, салмақты нәрселердің белгісі: үй, отбасы, ата-ана, балалар, жұмыс, яғни, оларсыз өмірдің мәні жоқ. Құм – маңызы аздау нәрселердің белгісі: тұрмыстық құралдар, көлік, қымбат киім, әшекей бұйымдар. Асбұршақ – өмірде кездесетін, шешімін тез табуды қажет ететін проблемалардың белгісі. Сыра – уақытты көңілді өткізудің белгісі болып табылады: құрбы-құрдастармен, достармен кездесу, сүйікті кітап оқу, сүйікті істермен айналысу. 6. Жаттығу «Өзіңді табар жол»Сіздің алдарыңызда 4 түрлі нәрсе бар: сәбіз, кофе, ағаш, жұмыртқа. Сіздің міндетіңіз – өзіңізге ұнаған нәрсені таңдап, топтарға бөліну.
- Ал енді көзімізді жұмып, осы нәрселердің ыстық суға салғанда қалай өзгеретінін елестетіп көрейік.
- - Олар қалай өзгерді?
- Сәбіз - суда езіліп, жұмсарып қалды. Сырты да өзгеріп шықты.
- Ағаш - ешқандай өзгеріске ұшырамады.
- Жұмыртқа - сырттай өзгермесе де, іші қатайды, енді ол бұрынғыдай қатты соғылып, сынып қалудан қорықпайтын болды.
- Кофе - суды бояп, оған жаңа жұпар иіс пен дәм сыйлады.
- Су - біздің өміріміз.
- От – өмірдегі өзгерістер мен жағымсыз жағдайлар.
- Сәбіз, ағаш, жұмыртқа және кофе – адамдардың түрлері. Олардың бәрі әр жағдайда әр түрлі болып өзгереді.
Егер күн дәл ортасына салынса-жастық шағы қызықты, ал шығысқасалынса-балалық шағы қызықты, батысқа салынса-кәрілік шағы қызықты.Тау дөңгелек салынса-мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұштыболса, өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса-басында қар болса, өзгермелі адам. Үй – суретте ағаш үй салынса арманың орындалады. Егер бір терезесалынған болса, өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсек құмар адам. Ағаш – біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды. Егер бірнешеу болса,балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қанша мықты әдемі салынса сұлулыққа соншалықты құштар Қапшық, қалта қаншалықты үйге жақын жатса, байлықта жақын.Керісінше болса бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық жерде жатса жалқау, түргеліп тұрса еңбекқор адам.
Жол – үйге жақын жатса – жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егержол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа, айналасына тарататын адам. Сақина – көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғандыұнатады. Көзі болса, болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі – мықты отбасын білдіреді.
Гүл – үйге жақын болса, қуаныш, той болады, үйдің жиегінде болса –қызықты күндерің алыста. Жылан – үйден алыс салынса – жаулары алыс, егер, жақын салынсакөре алмаушылылар айналаңда болғаны. Суретте қайсысы үлкен салынса сенің өмірің үшін маңызы зор.8. «Мен» жаттығуы. Нұсқау: Ақ параққа қағаздан үзбей өздерінің бейнелерін жасау. Осы бейненің екі қолына, жүрегіне, миына тілек жазу. Соңында барлық адамдар өз бейнелерін біріктіріп, үлкен шеңбер жасайды. Бұл ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа тәрбиелейді.
9. Жаттығу: «Тілек шамы».Мақсаты: тренинг туралы пікірлеріңізді ортаға салу. Құрметті тренингке қатысушылар! Біз сіздермен көңіл – күйлеріңізді көтеру, жүйке жүйесін демалдыру, дене бұлшықеттерінің шаршағандығын басу, өзіндік өмір тәжірибесін, өз маңыздылығын сезіне білу үшін психологиялық тренинг жүргіздік. Енді «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын. Талдау: Қалай тренинг ұнадыма? Қандай әсер алдыныз?Әр қайсысы өз ойын білдіреді.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)