400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг "Өзіңе және өзгеге қатынасың"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, бірін - бірі кеңірек танып білуге, өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу, байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Ұстаздарға мен ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

КМҚК «БИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ»
















Тренинг тақырыбы: «Өзіңе және өзгеге қатынасың»













Орындаған: Кундукова М.Т.

















Семей - 2020

Тренинг тақырыбы: «Өзіңе және өзгеге қатынасың»

Тренинг мақсаты: ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, бірін - бірі кеңірек танып білуге, өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу, байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Ұстаздарға мен ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру.


Тренинг не үшін керек: Жастарды мықты өмір бейнесіне дағдыландыра отырып, өмір сүру заңдылықтарын ескеру, ұстаздардың өз бетінше шешім қабылдауға, өздерін және қоршаған ортасын танытуға және қарым-қатынасты дұрыс орнатуға көмектесу.


Қатысушылар: жас оқытушылар

Уақыты: 14:00

Формасы: ашық.

Құрал-жабдықтар: компьютер, мультимедиялық проектор, аудио баспа, суреттер, т.б.

Әдістер мен техникалар: Танысу жаттығулары, ойын және разминкалық жаттығулар, қорытынды жаттығулар, рефлексиялық сұрақтар.


Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар! Көңіл-күйіңіз қалай?

Бүгінгі күнде «тренинг» түсінігінің нақты бір анықтамасы жоқ, сондықтан бұл термин психологиялық практикада әр түрлі іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылады.

«Тренинг» термині (ағылшынның train, training сөздерінен) оқыту, тәрбиелеу, жаттықтыру, үйрету сияқты бірқатар мағынаға ие. Мұндай көп мағыналық тренингтің ғылыми анықтамасына да тән. Ю.Н.Емельянов тренингке іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы деген анықтама береді.

Ресейлік психологияда тренингті оқытудың немесе әлеуметтік-психологиялық тренингтің белсенді тәсілдерінің бірі деген ұғым кең таралған. Л.А.Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», «қарым-қатынаста жеткілікті дамыту құралы», «психологиялық әсер ету құралы» ретінде қарастырады.

- Сіздер тренингтің ағылшынның «Тот Райн» - ойын, жаттығу деген сөзінен шыққандығын, яғни сабақ емес екендігін білесіздер. Бүгінгі топтық психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Сондықтан тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын.

Адам әлемінің биологиялық, психологиялық, әлеуметтік үштігінен тұрады. Оның ең көлемді бөлігі – туа біткен биологиялық қабілет – «істей аламын». Одан бәсеңдеу бөлігі – психологиялық қабілет- «қалаймын», ең аз бөлігі - әлеуметтік бөлігі «қажет». Жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оның ішкі психологиялық «Мені» мен табиғат ана сыйлаған биологиялық қабілетін ашатындай, қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын реттеп, дамыта алатындай жағдай жасау міндет.

Әрбір адам өзінің түрлі қасиеттері мен қылықтарын талдай алатын, қоғам мен ұжым алдында, өзін-өзі қорғай алатын болуы керек, сол үшін әрбір адам өзін жақсы ұнамды жағын көрсетуге ұмтылуы керек.

Әрбір адам жан дүниесінің сәтті даму жолында өзін-өзі тәрбиелеуі тиіс. Адам өзін-өзі тәрбиелеуде асқан шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылық, ерінбей, жалықпай жұмыс істей білуге машықтану керек.

Мен, бүгін сіздермен кездесіп тұрғаныма өте қуаныштымын. Біз бүгін  сіздермен демаламыз, ойнаймыз және өз-өзімізді, басқаларды танимыз. Бәрінен де бастысы осы сәтте бір-бірімізге сәттілік, шаттық, қуаныш тілеу. Қазір кім қалай осы қуанышты көрсеткісі келеді, солай көрсетеді. (амандасу)

Қорытынды: Сіздерге кімнің сәлемі ұнады? Өздеріңізді қалай сезіндіңіздер?

Сіздерден өтінетінім жұмыс барысында шынайы болуларыңыз керек. Сіздердің көңілдеріңіз, сезімдеріңіз қаншалықты шынайы болса біздің жұмысымыз соншалықты нәтижелі болады. Топ ішінде өтірік айтуға болмайды, егер де шын талдауға дайын болмасаңыздар, онда еш нәрсе айтпайсыздар. Басынан соңына дейін қатысу керек. Өйткені топтан бір адам сөйлемесе топ ішінде қарым-қатынастың бұзылуына әсер етеді. Топ ішінде, яғни осы жерде айтылғандарды топ сыртына шығармаймыз. Не айтсақ та осы топ ішінде қалу керек. Ол біздің жұмысымыздың этикалық негізінің бірі. Бір мұғалімнің мәселесін тренингке қатыспаған адамға айтып талдамаймыз. Оның барлығын тренинг барысында орындаймыз. Өз мәселесін тоқтатуға әр қайсыларыңыздың құқықтарыңыз бар. Тренингке қатысушы әр адам тек өз атынан ғана сөйлейді. Мысалы: «барлығы солай ойлайды деген болмайды. Оның орнына «мен солай ойлаймын», «мен сезінемін», «маған солай көрінеді» т.б. Бір-бірімізді сынамаймыз, өйткені осы өмірде бізді жеткілікті сынайды, бағалайды. Топ ішінде бір-бірімізді түсінуге тырысамыз.

1-жаттығу. Әңгіме

Қазір мен сіздерге бір жас адам туралы әңгіме оқып беремін.

Ертеде бір жас адам өмір сүріпті. Оған жаңа заманауи өмір ұнамаған екен. Ол осы өмірді өзгерту үшін қолынан келгенді жасайды. Бірақ әлем өзгермейді. Ол адам алтын медальмен мектепті және халықаралық қатынас институтын бітіреді. Дипломат болады, өзінің күшіне сеніп әлемді өзгерткісі келеді. Он бес жылдан кейін байқайды-әлем әлі өзгермеген. Содан ол өзінің туған қаласына келіп өзінің армандарын іске асырады. Көптеген адамдарға үй салып береді, барлығының материалдық жағдайын жақсартуа күшін аямайды. Он жыл уақыт өтеді. Өкінішке орай әлем әлі өзгермеген. Қаладағы өмір сол қалпында, адамдар да сол қалпында. Содан кейін ол адам өзінің отбасы мүшелерінен бастағысы келеді. Бірақ бес жыл өтсе де барлығы өзгеріссіз. Сонда ол өзі өзгеріп, өзінің көзқарастарын өзгертеді. Адамдарға деген көз қарасын өзгертті. Сонда ол әлемнің, қоршаған ортаның өзгергенін таңырқап байқаған екен.

Дискуссия: «Өзіңді өзгертіп алға ұмтылып, өсу керек пе?» 5 минут

2-жаттығу. «Біздің өмірімізден», «Мен кіммін?!» 5 минут

Параққа «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап жазыңыздар. Жауап шын болу керек. Соңында өзіндік презентация болады.

Қорытынды: Жауап 8-ге дейін болса, сіз әрдайым тығылып жүресіз, ашылмайсыз.

10 және одан жоғары болса, жоғары деңгей, өзіңіз туралы ойлайсыз және ұялмайсыз.

20-дан артық болса, өз-өзіңізді алдадыңыз.

 Енді жазғандарымызды оқиық. Барлығы былай басталуы мүмкін: Мен мұғаліммін, мен анамын. Бұлар жалпы рөлдік биографиялық мінездемелер. Бұл барлығы әлеуметтік рөлдер. Жеке тұлғалығымыз қайда? Біз күнде мұғалімнің маскасын киеміз, ал негізінде біз барлығымыз өзімізді жақсы көретін тұлғамыз, өзімізге деген сүйіспеншілікпен сіздерді барлық әлем жақсы көреді. Сондықтан да әр адам жеке тұлға және барлықтарыңыздың бір қасиеттеріңіз бар және сол үшін өздеріңізді жақсы көресіздер.


3 – жаттығу. «Сиқырлы дүкен»

Сіз үшін қажетті, осы өмірде бағалайтын 5 нәрсені жазасыздар. Енді мен сіздерге «Сиқырлы дүкенге» барып дүкеншіден, яғни менен не қажет болса барлығын: денсаулық, бақыт, махаббат, табыс, машина, карьера, бірақ ақысына сіздердің жаңағы жазған сіздер қатты бағалайтын 5 нәрсенің немесе 5 қасиеттің біреуін талап етемін. Өздеріңізде ерекше бағалайтын не қалды, немесе қандай қасиеттер қалды. Және осы бағалайтын  4 нәрсе немесе қасиет сіздерді өмір бойы жетістікке жеткізіп, қолдап жүреді.


4 - жаттығу. «Аяқталмаған сөйлемдер» (Нұсқаулық: Қазір бір бірімізге допты беру арқылы допты қағып алған адам сөйлемді аяқтайды)

Мен сүйемін....

Мен көмектесемін....

Мен дарындымын.....

Мен жақсы орындаймын.....

Мен ашуланамын егер де.....

Мен көңілсізбін егер де.....

Маған ұнайды.....

Мен өзіме ризамын, өйткені.....

Талдау.


5 - жаттығу. «Менің өмірім» тақырыбына сурет салу. Суретте өткенді, қазіргіні, болашақты бөліп көрсету керек.

Қорытынды:

- Суреттеріңізде өткеннің, қазіргінің, болашақтың арасында байланыс бар ма?

- Суреттеріңіз бойынша кім айтқысы келеді?

- Қазіргі шақтан және болашақтан 2 жаңалық немесе 2 жасайтын, жасалған іс болуы мүмкін жеке өміріңізге немесе кәсіби қызметіңізге байланысты болуы мүмкін.

Және болашақтағы 2 орындайтын істеріңіз қай кезде болады, жоспар құру, сол бойынша ой бөлісу

Өй бөліскенде қолданылатын сөздер «Мен сенемін....», «Мен үшін өте қажетті...», «Мен осылай жасағым келеді....»


6 – жаттығу. Тест: "Сіз көшбасшы бола аласыз ба?"


1. Бала кезіңізде үлкеннің тілін алу мен өзгеге бағыну сіз үшін ауыр болды ма?
Иә (10 ұпай)
Есімде жоқ, білмеймін (5 ұпай)
Жоқ (0 ұпай)
2. «Ғылым мен мәдениеттегі жетістіктерге тек билік ете алатын жандар ғана қол жеткізе алады» деген пікірмен келісесіз бе?
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)

3. «Нағыз ер-азамат әйел затын өз талаптары мен заңдарына бағындыра білу керек» деген ойға көзқарасыңыз?
Өте дұрыс (10 ұпай)
Нақты айта алмаймын (5 ұпай)
Дұрыс емес (0 ұпай)
4. Жақын жандарыңыздың асты-үстіңізге түсіп, еркелеткендігі сізге ұнайды ма?
Иә, оған еш қарсылығым жоқ (10 ұпай)
Кейде-кейде (5 ұпай)
Шынымды айтсам, ұнамайды (0 ұпай)

5. «Әйел заты көнбіс болу керек» деген пікірмен келісесіз бе?
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)
6. «Мені қоршаған жандардың жағдайын жақсарту үшін мойныма көп дүниені жүктеп алдым. Алайда, мұны біреу білсе, біреу білмес». Сізге таныс жағдай ма?
Иә, дәл қазіргі менің жағдайым (10 ұпай)
Таныс жағдай, тек мұны барлығы білуге тиісті емес (5 ұпай)
Жоқ, мұндай жағдайға ұшыраған емеспін (0 ұпай)

7. «Мықты адам» деген теңеуге сай келетін жан көшбасшы бола алады» деген пікірмен келісесіз бе?
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)

8. Оңтайлы нәтижені тез табу керек болатын кейбір жағдайларда шешімді тез қабылдайсыз ба?
Иә, тез табуға тырысамын (10 ұпай)
Нақты айта алмаймын (5 ұпай)
Жоқ, шешімді бірден қабылдай алмаймын (0 ұпай)

9. Мен өзгелерді өзіме бағындырып, билік ете аламын
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, билік ете алмаймын (0 ұпай)
10. Ешкімнің алдында ашылып сөйлеп, өзімді толық көрсеткім келмейді
Иә (10 ұпай)
Білмеймін, әр кезде әр қалай (5 ұпай)
Жоқ (0 ұпай)
11. Мен беймаза, тыныш өмірді армандаймын
Иә, іште жатқан сондай арманым бар (10 ұпай)
Білмеймін, ол туралы ойланбаппын (5 ұпай)
Менің ондай арманым жоқ (0 ұпай)
12. Бағынышты адам бастығының кез келген тапсырмасын орындай білуі керек
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)
13. Жақын жандармен тілдескен кезде, әсіресе, олардан өтініш-жәрдем сұрағанда іштей бір қарсылықтың тұрғанын сеземін
Иә, мұндай сезімдер менде жиі болады (10 ұпай)
Білмеймін, аса мән бермеппін (5 ұпай)
Жоқ, мұндай сезімде болған емеспін (0 ұпай)
14. Менен өзгелер түсінік сұрап, ақталуымды талап етеді.
Иә, онсыз да түсінікті дүниелерді қайта сұрап жатады (10 ұпай)
Білмеймін, байқамаған екенмін (5 ұпай)
Жоқ (0 ұпай)
15. Менің мінезім үйіміздің тірегі әкемнің/анамның мінезіне ұқсас
Иә (10 ұпай)
Білмеймін (5 ұпай)
Жоқ (0 ұпай)

Тест нәтижесі
150-100 ұпай: Сіз өктем жансыз. Сіз үшін алынбайтын қамал жоқ. Кез келген жағдайдың оңтайлы шешімін таба аласыз. Өзгені өзіңізге бағындыра аласыз. Басшы болуға лайықты жансыз.

99-50 ұпай: «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген мақалмен өмір сүресіз. Барлығын ақылға салып, сабырлықты серік етесіз. Сіз басшылық ете аласыз, сондай-ақ, берген тапсырманы тыңғылықты орындайсыз.
49-0 ұпай: Сіз өте көнбіс жансыз. Өз күшіңізге өзіңіз сенбейсіз. Алайда, сіз оңтайлы шешім қабылдай аласыз. Өзгеден үлгі алып, мінез-құлқыңызды өзгертуге тырысып бағасыз


7 – жаттығу. «Жасырын хат, ойлан тап!»

Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш

Уақыты: 20 минут

Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігіп отырады.

Жүргізуші:  Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:

Shape1     «Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» - 1-ші топқа арналған хат;

Shape2     «Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» - 2-ші топқа арналған хат;

Shape3     «Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел» - 3-ші топқа арналған хат.

Ұстаздар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.


Үздік жұмысшы қандай болуы керек?
Басқару ісін баяндайтын мақалалар мен кітаптар жетіп артылады. Бірақ та... Бастық болатындай бас-басыңа бақ қайда? Осы ұранмен өзгеше, елден ерек мазмұны бар бір мақала жазуға кірістім. «Қалай ары таза, ісіне адал, жауапкершілігі бар жұмысшы болу керек?» осы сұрақтың жауабын тауып көрелік, достар.
Дұрыс басқара алмауға қарағанда, басқарыла алмау ұжымдық еңбекке көп зиянын келтіргенін мойындайық. Ең бірінші кезекте жай жұмысшының әр мәселеде де шешім таба білуі маңызды. Содан кейінгісі – шындықты жасырмай айта білу. «Шындық бар жерде өтірік байқап жүреді, Шындық жоқ жерде шіреніп, шайқап жүреді» дегенді ұмытпайық. Көп жағдайда мәселе қандай қиын болмасын, оның шешілер түйіні бар. Осы мәселенің қалай қиын орындалатынын ойлай бергенше, тырнақтай талап қойып, істі бастап кету керек. Ұжым арасындағы жұмыс көлемін талқылаулардың көп ретте – жұмысты жамандау және оны барынша қиындату мәніндегі сылтаулары болады. Бұл еріншектің, қорқақтың амал-тәсілі. Ал жалғыздықта адам өз санасында ізденеді, болжау жасайды, шешім жасайды.
Сонымен қатар, жұмысшының жеке өміріндегі жағдайлар да жұмыстың іске асырылуын тежейді. Әрбір проблемалық ситуация жұмысқа деген «тәбетін» қашырады.
1. Бұйрықты талқыламау, тапсырмаға «құп, орындалады» деу ең ұтымды әрекет.
2. Жақсы жұмысшы әрқашан да сергек жүреді. Шынайы нәтиже қандай болмасын, сіздің көңіл-күйіңіз жаман болса, онда жақсылықтан үміт күтпей-ақ қойыңыз. Жұмыс орныңызға келіп отырған сәттен сіз шаршаңқы күйде жүрсеңіз, мейлі ол қандай бастық болса да, сіздің жұмысыңызды ауыстыру мәселесін қарайды. Әрине, сіздің бұл жағдайдан кейін жақсы жұмысқа отыруыңыз екіталай.
3. Жұмысшы өзгенің емес, ең бастысы өз ісіне берік болуы керек. Есіңізде болсын, «акула жалғыз жұмыс істейді».
4. Нашар жұмысшыдан ешқашан да жақсы басқарушы шықпайды. Адаммен қарым-қатынас жасай білу тек жәй ғана жұмысшыға емес, сонымен қатар, басқарушыға да керек қасиет. Сондықтан да бастығыңызға өзіңізді сыйлата білуіңіз керек.
5. Сіздің жағдайыңыз болмай жүргеніне, мектепте нашар оқуыңызға немесе өміріңіз сәтсіз болса оған бастығыңыз кінәлі емес. Өмір өз қолыңызда!
P. S. Сонымен келісіп алайық. Ең жақсы жұмысшы – тапсырманы ешқандай сылтаусыз орындап шығатын әрі өміріне риза адам! Осы мәтелді ұмытпайық...

Рефлексия:

Шырақ жағылып, бірінші тұрған ұстазға беріледі. Ол бүгінгі психологиялық сабақ туралы өз ойын, алған әсерін  3 сөзбен ғана  білдіріп, шырақты келесі  мұғалімге береді. Шырақ барлығының қолынан өткеннен кейін, жүргізуші шырақты өз қолына алып, барлық қатысушыларға алғысын білдіреді.

Талдау: 
Өткен тренинг сізге не өзгеріс алып келді ? 
Бүгінгі жаттығудан қандай әсер алдыңыз ? 
Өзіңізге қандай жаңалық аштыңыз? 
Келешекте қолдануға өзіңізбен нені алып кетесіз ? 

Қорытынды. 
Бүгінгі тренингке белсенді қатысқандырыңызға көп рахмет. 
Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін. 
Тренинг соңын мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Қалтарыс, бұлтарысы мың сан қабат,

Қызық өмiр, ақырын тұрсаң қарап.

Бiреулердiң еңбегi еш, тұзы сор боп,

Бiреулердiң бақыты жүр сорғалап.

Қызық өмiр, кiм бiлсiн, сонысымен,

Аласы мен құласы, торысымен.

Тағдыр түрлi болғанмен, өмiр бiреу,

Ұнатамын өмiрдi сол үшiн мен.

Ұнайды өмiр ынтымақ, күресiмен,

Құр қалмайды ешкiм де үлесiнен.

Өлiп-талып жеткенде бақытына,

Шорт үзiлiп кей тағдыр түгесiлген.

Өмiрiме өзiмнiң таңданамын,

Қалмаймын деп қатардан қарманамын.

Бүгiнiмдi өткiзсем қиындықпен,

Ертеңiме үмiтпен алданамын.

Ұнатамын өмiрдiң ой-қырларын,

Сауық құрып, сайраңдап, той қылғанын.

Өмiр керек көлеңке, шуағымен,

Өмiр керек!

Басқанын қойдым бәрiн!


Мен өмірді сүйемін!
Өмір мені қолдайды!
Өмірім өз қолымда! – деген өлең жолымен бүгінгі тренинг - сабақты аяқтағым келіп отыр. Келесі кездескенше , қош, сау болыңыздар!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі