Тренинг: «Қарым-қатынас
және тыңдай білу»
Мақсаты: қарым-қатынас үдерісінің
маңыздылығын түсіндіру, кері байланысқа түсуде ақпараттардың
түрленуін түсіндіру, тыңдай білу дағдыларын
қалыптастыру.
Тренинг барысы:
-
«Сәлем!
Сәлем! Сәлем!» сергіту жаттығуы.
-
«Бұзық
телефон» жаттығу.
-
«Қарым-қатынас психологиясы» ақпараттық
блок.
-
«Нұсқау
бойынша сурет салу» жаттығу.
-
«Сіз
тыңдай білесіз бе?» сауалнама.
-
«Әр түрлі
қимыл жағдайларында тыңдай білу» жаттығу.
-
«Сәлем! Сәлем! Сәлем!» сергіту
жаттығуы. Топ мүшелері, арқасымен
шеңбер
жасап тұрады да, жайлап
өз-өздерін айналады. Жүргізуші қасындағы қатысушыға өзі бүгін
естігісі келетін сәлемдесу түрін қасындағы келесі қатысушыға
сыбырмен айтуы тиіс. Тапсырма жүргізушіге қайтып келгенше
жалғасады. Келесі қатысушылар да өз сәлемдерін араға 2-3 адам салып
жіберіп отырады. Жаттығуды музыка әуенімен жүргізген дұрыс
болады.
Жаттығуды
талқылау:
-
Өз сәлемдемеңізді қайтып
алғанда қандай күйде болдыңыз?
-
Жіберген сәлемдемеңіз сол
күйінде қайтты ма?
-
Олардың өзгеріске ұшырауына
қандай әсер болды деп ойлайсыз?
-
Ақпарат өзгеріске ұшырамай
қайтуы үшін не әрекет жасауға болады?
-
«Бұзық телефон»
жаттығу. Жаттығуға қатысушылардың
біреуінен басқасынынң
бәрі бөлмеден шығуы тиіс.
Қалған жалғыз қатысушыға жүргізуші бір ақпарат береді. сол
ақпаратты келесі қатысушыны шақырып айтуы тиіс. Жаттығу барлық
қатысушы ақпаратты естігенге дейін жалғасады.
Үлгі:
Біздің
мектепке жаңа компьютерлер сатып алынды. Бір айдан соң қазір
кітапхана тұрған бөлмеде комьютер класын орнатады. Ал кітапхананы
бірінші қабаттағы басқа бөлмеге ауыстырады. Кешкісін комьтерлерде
түрлі ойындар ойнауға болады. Ол үшін мектеп учаскесінде
көгалдандыру жұмыстарына қатысу қажет.
Талқылау:
-
Ақпаратты бір қатысушы
екіншісіне бергенде неліктен өзгеріске ұшырады деп
ойлайсыздар?
-
Ақпараттың қай бөлігі
өзгеріске ұшырады және неліктен?
-
Қанша адамнан өткен ақпарат
көздеріне сене беруге болады ма?
3.
«Қарым-қатынас психологиясы» ақпараттық блок.
Қатысушыларға қарым-қатынас психологиясы туралы 15-20
минуттық ақпарат
берілуі
керек.
4.
«Сіз тыңдай білесіз бе?» сауалнама.
Нұсқау: Сіздерге 12 сұрақ беріліп
отыр. Көп ойланбастан, жылдам «иә» немесе
«жоқ» деген жауаптар
берулеріңізді сұранамын. Жауаптарыңыз шынайы болады деп
сенемін.
-
Екінші
бар адамның сөзін тез аяқтап, сізге де сөйлеуге мүмкіндік бергенін
асыға күтетін кездеріңіз көп болады ма?
-
Мәселенің
анық-қанығына жетпестен шешім қабылдаған сәттеріңіз жиі болып
тұрады ма?
-
«Сіз
көбіне өзіңізге ұнайтын ақпараттарды ғана тыңдайсыз» деген
қағидамен келісесіз бе?
-
Әңгіме
айтушыны тыңдауда эмоциялық жағдайыңыз кедергі келтірмей
ме?
-
Серіктесіңіз өз ой-пікірін айтып отырғанда сіз көп
алаңдайсыз ба?
-
Әңгіме
барысында мағыналы тұсына қарағанда, болмашы ұсақ-түйектерді
есіңізде ұстап қалатын сәттеріңіз болады ма?
-
Өз
көзқарасыңыз, ұстанымдарыңыз басқа адамды тыңдауға кедергі
келтірмей ме?
-
Егер
серіктесіңізді түсіну қиынға соқса, оны тыңдауды тоқтатасыз
ба?
-
Сөйлешіге
деген негативті позиция жиі бола ма?
-
Сөйлеушінің сөзін жиі бөлесіз бе?
-
Әңгіме
барысында сөйлешінің көзіне тіке қараудан қашасыз
ба?
-
Әңгіме
айтушыны кенеттен тоқтатып, өз ойыңыз бен шешіміңізді айтқыңыз
келетін сәттеріңіз болады ма?
Нәтижесін өңдеу:
Қатысушылар өздерінің «жоқ»
деген
жауаптарын есептеулері қажет.
10-12
ұпай. Сіз серіктесіңізді жақсы
тыңдай білесіз. Өз эмоцияңыз оның сөзін
ұнатпасаңыз да аяғына дейін,
ұғып тыңдауға кедергі жасамайды. Сондықтан көп адамдар сізбен
қарым-қатынас жасағанды ұнатады.
8-10
ұпай. Көп жағдайда серіктесіңізді
тыңдай білуге тырысасыз. Ұнамаған жағдайдың өзінде оның сөзін
аяғына дейін тыңдай аласыз. Егер серіктесіңізден жалығып кетсеңіз
дипломатиялық түрде онымен қарым-қатынасты тоқтатуға мүмкіндігіңіз
бар. Кей жағдайда оның сөзін бөліп жіберіп, өз ойыңызды айтып
үлгересіз.
8 ұпайдан
төмен. Өкінішке орай, қарым-қатынасқа
түсуде сіз басқа адамдарды тыңдай білу өнеріне машықтанбағансыз.
Сіз олардың сөзін көп бөлесіз, сөздің аяғына дейін тыңдауға
шыдамдылығыңыз жетпейді. Оның айтқан сөзі ұнамаса, мүлде тыңдамай
қоя саласыз.
5. «Әр түрлі қимыл
жағдайларында тыңдай білу» жаттығу.
Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Әр жұптағы бір қатысушы
сөйлеуші, ал екншісі – тыңдаушы болады. Қатысушылар бір-біріне
қарама-қарсы отырып, жүргізуші бұйрық бергенде әңгімелерін бастайды
(не айтқысы келсе, соны айта беруге болады). 1 минуттан соң
сөйлеушілерге «тұру» туралы бұйрық беріледі, ал тыңдаушылар өз
орындарында отыра береді. Тағы 1 минуттан соң екі қатысушы да
орындарынан тұрады, бірақ бір-біріне теріс қарап тұрулары тиіс.
Бұдан соң екі қатысушы өз ролдерін ауыстырып, жаттығуды
қайталайды.
Талқылау: