400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг «Қазіргі заманғы отбасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг «Қазіргі заманғы отбасы»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг «Қазіргі заманғы отбасы»

Мақсаты: тәрбиеленушілерден қазіргі заманғы отбасы туралы нақты жағдайларға идеалды көзқарастарды талдау, тәжірибесін басқаларға өнеге ету, біліктілігін жетілдіру.

Әдіскер: А.Б.Тулекбаева

1. Сәлемдесу Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін  

 дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз. 

 Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық 

         Бір – бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз. 

         Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу.  

Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар? Құрметті ата-аналар сіздермен бірге отбасы бақыты тақырыбында сөз қозғаймыз. Трениг сабағымызға қош келдіңіз дей деп отырып назарларыңызға мына  бейнероликті ұсынамын.  

Ия құрметті педагогтар біз сіздермен бірінші «Бақыт» деген сөзге жауап іздеп көрейік. 

2. Бақыт деген не өзі?  Бейнебаян 

Б.Момышұлының пайымдауында бақыт дегеніміз....................... 

Бақыт әркімнің өзіне , өмір сүрген ортасына жағдайға байланысты.   «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген.Тарихта дәулетке, атаққа паңданып мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес...  

Бақыт дегеніміз - өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі өмір сүру. Адал болу, майдалықтан, іштарлықтан, қашық болу. Мұршасы әлі жеткенше өз заманын түсіне білу , өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілмен адал қызмет істей білу. Ар намысты қорғау –бақыттың шыңы, қиыншылықтармен санаспастан, азаматтық міндетті орындап шығу-ол да бақыттың шыңы. Жеңсең бақыт. 

3.  Бейнебаян       Бақытты отбасы 

Бір кішкентай қалашықта екі отбасы бір-бірімен көрші тұрады.  

Бір отбасындағы ерлі зайыптылар қандай жағдай болмасын үнемі бір-бірін кінәлап, жиі жанжалдасады. 

Ал екінші отбасы ешқандай ұрыс керіссіз, жанжалсыз тату - тәтті өмір сүреді. 

Жанжалдасқыш әйел көрші отбасының тату тәтті өмір сүргенін көре алмай, күйеуіне оның сырының неде екенін біліп қайтуын сұранады. 

Осылайша күйеуі көрші үйдің ашық тұрған терезесінен ерлі-зайыптыларды бақылайды.  

Көрші үйдің әйелі үйін тазалап - жинастырумен айналысып жатады. Қолына қымбат құмыраны ұстап, шаңын сүртіп жатады. 

Кенеттен телефон шылдырлайды, телефонға асыққан әйел сүртіп тұрған құмыраны  столдың шетіне қоя салып жүгіреді. 

Осы мезетте күйеуіне осы бөлмеден бір нәрсе керек болып, столдың шетінде тұрған қымбат құмыраны жерге құлатып, сындырып қояды. 

Осының барлығын бақылап тұрған көрші: «Не болар екен?»- деп тағатсыздана күтеді. 

Телефонмен сөйлесіп болған әйелі өкінішпен бір күрсінді  де, күйеуінің қасына келіп: Кешірші мені қымбаттым! Мен кінәлімін, құмыраны өте ыңғайсыз қойдым. Ал күйеуі: Жоқ аяулым мен кінәлімін, мен асығыстықтан бұл құмыраны байқамай жерге құлаттым. Жарайды, қоя берші. Жамандық осымен кетсін,- дейді. 

Бақылап тұрған көршісі таңырқап қалғаны сондай , жүрегі ауырып , үйіне көңіл күйі түсіп келеді.  

Әйелі оған: “Неге сонша ұзақ бақыладың? Көрдің бе? Иә, қалай екен оларда?” 

Күйеуі:”Оларда бір жағдай болса барлығы кінәлі екен. Ал бізде бәрі өзінікін дұрыс санайды”  

 

4. Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.) 

Көрсетілген оқиға бойынша «Отбасы бақыты» тақырыбында кластер жасау. 

5 Құндылықтар  

Өмірде үш нәрсе.............. 

Өмірде үш нәрсе ешқашан қайта оралмайды: уақыт, сөз, мүмкіндік. 

Өмірде үш нәрсе ешқашан жоғалтпау керек: сабырлық, үміт,  намыс. 

Өмірде үш нәрсе құнды: махаббат, достық, сүйіспеншілік. 

Өмірде үш нәрсе тұрақсыз: арман, сәттілік, байлық. 

Өмірде үш нәрсе адамды құртады: шарап, өзімшілдік, ашу. 

Өмірде үш нәрсе адамды сипаттайды: еңбек, шыншылдық, жетістік. 

 

6. «Түсінісу теоремасы» Қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі – адамдар арасындағы сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі құрметтей білу мен бағалай алуы, яғни адамдардың өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани білуі. 

7. «Тілек шамы»    Бүгінгі коучингтен қандай ой түйдіңіз? 

                                   Алған әсерлеріңізбен бөліссеңіздер? 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 желтоқсан
149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі