400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг. "Қыз бала психологиясы". 8 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг жақсы өтті. Барлық мұғалімдер қатыстты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:14. 02. 2019ж

Сыныбы:7-9

Тақырыбы: «Қыз бала психологиясы»



Мақсаты: Қыз баланың тәрбиесі – халықтың ең қымбат байлығы екендігін қыз балаларға ұғындыру

Психолог сөзі:

Ертеде ата-бабаларымыз, әлемдегі сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Қыр гүліне тән нәзіктік пен батылдық бір бойына жарасқан қазақтың қыздарына тәнті болған жазушыларымыз шығармасына арқау етсе, ақындарымыз инабаттылығы мен нәзіктігін әнге қосып, өлең өрнектерімен көмкерген. Сонымен қатар, қазақ қыздарының бойындағы ерлігі, тапқырлығы, төзімділігі, қайраттылығы талай әндерге де арқау болғаны жасырын емес.  Әрбір ата-ана қыздарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді парыз деп санаған және қыздың ар-ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін еш уақытта есінен шығармаған. Алайда, бүгінгі таңда көптеген ата-аналарға қарап отырып, жағаңды ұстайсың. Қыздарының белі бесіктен шықпай жатып, ашық-шашық киіндіріп, сән қудырып, мектеп табалдырығын аттағаннан-ақ сәнқой болып шыға келеді. Есіл-дерті киім болып тұрған баланың ойында оқу, білім алу деген ой қайдан болсын. Осылай өсірген қыздарымыз, ертеңгі күні қандай ана болмақ, солардың бір сарынын күнделікті көзімізбен көріп жүрміз. Қыз баланың ең қасиетті жері, әрине ол құрсағы емес пе? Дегенмен көптеген аруларымыз өздеріне сән етіп, осы кіндік тұсын ашып жүруді сәнге айналдырған. Әр адамның көзі түскен, ер азаматтарымыздың ойы бөлінген кіндік тұсындағы құрсақта пайда болып, жетілген баладан қандай азаматты, қандай қазақ қызын күтеміз? Сонымен қатар, қыз-келіншектеріміздің арақ ішіп, темекі тартуы - бұл үлкен қасірет. Өйткені, ана бойымен, балаға дарыған жағымсыз қасиеттен ұрпағымыз уланары жасырын емес. Әйел болудың, ана болудың Алланың сыйлаған баға жетпес бақыт екенін, қара көздеріміз қашан түсінеді екен?

Бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз - ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, салиқалы әже болары табиғат жолынан белгілі. Сондықтан иманы мен ибалы жүзінен байқалатын қазақ қыздарына ата-бабаларымыз қырық үйден тыйым салып, көзінен таса қалдырмай, тәрбиесіне үлкен мән берген. Әйел - шаңырақтың құты, бағы мен берекесі, отбасының ұйытқысы, тұрмыстың сәні мен салтанаты. Дүниедегі мейірім мен махаббат ана сүтінен дарып, әйел жүрегіне ұялаған дейді. Бірақ, бүгінгідей жалаңаштанып, езулерінен темекінің түтінін будақтатып, қаланың түнгі қонақтарына айналған аруларымызға қараған сәтте, бүкіл қазақ қыздарының болмысы өзгергендей болады. Тіпті, мектеп табалдырығындағы қыздарымыздың өзі тым еркінсіп кеткен. Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады.

Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту. Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып төгіледі. Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Мәселен, сабақтан қайтып келе жатқан екі қыздың әңгімесіне құлақ түрсең «Ой, қойшы, ол маған ұнамайды, ауылдан шыққаны көрініп тұр. Анау өзі бүгін жынды киініп алыпты, шақырып алып сабасына түсірейік, ұрып кетейік, кешке клубқа барайық» деген сөздерді еститініміз рас. Ал, осылай өсіп келе жатқан қыздарымыз, жастық шаққа тән махаббат деген сезімді қайдан түсінсін. Жұдырықтай ғана жүректің дегеніне көніп, «ол мені сүйеді» деген сеніммен өмір сүріп, үкілі үмітті кеудеге іліп, сондай бір үмітпен ұйықтап, сонымен ояну бір бақыт екенін бүгінгі қыздарымыз сезінбейді де. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Артымызда өсіп келе жатқан сіңілілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер қатары көбеюде. Тәрбиені ата-анасына емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасып келеді. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген адам баласы қатыгездікпен өседі. Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын жандар болады. Сондықтан бұл да ата-ананың жылылығы, жақындығы жастар тәрбиесіне әсерін тигізеді. Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Қаладағы қазақ қыздарының көбі бір-бірімен орысша сөйлеседі. Өз ұлтының тілінде сөйлеуге талпынбайтыны өз алдына, кейбіреулері тіптен оны намыс көреді. Мектеп қабырғасында жүрген бірсыпыра қыздарымыз жарассын-жараспасын денелерін жартылай жалаңаш қалдыратын киімдер киіп, қымбат әшекейлер, алтын тағып, бет-ауыздарын бояп, өздерінің инабаттылығы мен сыпайылығынан, жастық жарасымдылығынан айырылады. Табиғаттың өзі жан дүниесін сұлу, нәзік, мейірбан етіп жаратқанына мән бермейді. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» дегендей, жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әсем ғой.    Табиғат берген көрік пен сымбаттан артық не бар. Ата-бабаларымыз «тіршіліктің бастауын - әйел» деп санаған. Ғабит Мүсірепов айтқандай, «Ең жаман деген әйелдің қолынан адам жасау келеді» деген, бірақ бүгінгідей қыздарымыздың ұсақталып жатқанына қарап, бұлай ойламақ түгілі сенгің де келмейді. Батырлық пен қайраттылықты өн бойына қатар жинап, биязылығымен өзін бағалата білер қазақ қызының таза да тұнық болмысы - тектілігіміздің айнасы. Сондықтан да қыздарымыз қоғамдағы алатын өз орнын біліп, көңілге қаяу түсірмесе екен дейміз. Бұл өте дұрыс, себебі қыздарымыздың, жалпы жас ұрпақтың тәрбиесі – халықтың ең қымбат байлығы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.04.2019
1588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі