15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тренинг сабақ 10 сынып
«Таныстым»
ДТІЖО: Ф.Туленова
Тақырыбы: Ата-анам-алтын тұғырым!
Мерзімі: 22.02.19ж
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Қажетті құрал-жабдықтар: Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп, ватман, маркерлер және т.б.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, ойын, психологиялық жаттығулар.
Ұйымдастыру
кезеңі.
Ата-аналармен
сәлемдесіп, тренинг тақырыбымен
таныстырамыз.
Бала тәрбиесінің
алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық
тәрбие ата-анамен бала арасындағы
қарым-қатынастық жүйе. Олай болса,
ата-ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде
жан-жақты менгеру қажет. Ұлы данамыз
Әл-Фараби ең бірінші білім емес, тәрбие
берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім
адамзаттың қас жауы дегені бәрімізге
мәлім. Адамға тәрбиені ата-ана, мектеп,
қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі басты
тұлға, алғашқы ұстаз – ата-ана. Шыр етіп
сәби дүниеге келген сәттен бастап
ата-анада қиын да, қыр-сыры мол үлкен
қоғамдық міндет тұрады. Ол-бала тәрбиесі.
Бала үшін үй ішінде ата-анадан артық
тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең,
солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең
ұшқанда соны ілесің» демекші, ата-ана
тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады.
Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді
дарыту, тіпті жанында жүрген достарына
дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны
болса дамыту, білім алуына жағдай жасау
ата-атаның парызы.
Топқа бөлу:
Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.
Сынып оқушыларының «Ақ кербез» биі.
II.
«Қызықты сұрақтар» ойыны. (2-слайд)
1.
Балаңыздың туған күні?
2. Топ
тәрбиешісінің толық аты-жөні?
3.
Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы
көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ
киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6.
Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7.
Балаңыздың бірінші тісі қанша айында
шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы
қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде,
ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі.
ІІІ.
«Балама қандай жылулық беремін?»
ойыны(3-слайд)
Күннің
суреті салынған ватман. Сіз жылуыңызды
беріп жатқан күнсіз. Сізден тарап жатқан
шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар
шығып балаларына күн сияқты қандай
жылулық беріп жатқандарын жазулары
керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді,
жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама
күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып
аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с.
Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да
аспандағы күн сияқты өзінің жылуын,
мейірімін уақыт таңдамай, орын таңдамай
сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар, өзіміздің
балаларымызды ешқандай талап қоймай
жақсы көруіміз керек.
Сынып өнерпаздарының «Өзбек» биін билейді.
Топтық жұмыс. (4-слайд)
I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
III—топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.
«Мен балама сенемін» ойыны. (5-слайд)
Бұл ойында ата-анамен балаларына ортақ тапсырма беріледі. Тапсырманың негізгі бөлігі балаларда болғандықтан, ата-аналарының сенімін байқаймыз. Апсырма түрлері көп болады. Мысалы ата-ана құлағында құлаққап киіп баласының айтқан сөзін түсіну керек. алма, анар, мемлекет, отан,
Ситуациялық сұрақтар. (6-слайд)
1.Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
2.Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
3.Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?
4.Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
5.Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
6.Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
7.Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
8.Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі оны үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?
9.Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
10.Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп, мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не істейсіз?
11.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?
«Сөйлемді аяқта» - жаттығуы. (7,8-слайд)
- Мен өз отбасымды жақсы көремін, себебі – ...
- Отбасы – бұл,...
- Отбасым бақытты болу үшін – ....
- Отбасымда зорлық – зомбылыққа жол жоқ, себебі - ....
- Мен қалар едім отбасымның ...
Сынып оқушыларының ата-аналарына арнаған монологтарын оқиды.
Хор «Анашым» сынып оқушылары.
«Менің анамның қолы» (9-слайд)
Бұл ойын арқылы оқушылар байланған көздері арқылы өз аналарын табуы керек. Анасымен баласының қаншалықты жақын екендігін білу мақсатында.
Қорытындылау. (10-слайд)
Абайдың он тоғызыншы қара сөзі.
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады. Сондықтан да адам біреуді түзейтін алдында өз-өзін түзетуі қажет.
Ж.Ж. Руссо : « Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесіде сол сияқты,өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» - деген екен.
Ендеше, ата – аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге ат салысайық.
С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты
Тренинг
Тақырыбы: Ата-анаң-алтын тұғырың.
Сыныбы: 10ә
Сынып жетекшісі: М.Сатыбалды
2018-2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген