Алматы
облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылы
«Есжан Берліқожаұлы
атындағы
№11 орта мектебі» КММ
Педагог-психолог
Тойшыбекова Назыкен Бидікенқызы
Тақырыбы:
ҰБТ. Мотивация.
Мақсаты:
11сынып
оқушыларының тестке, емтиханға
дайындығына психологиялық көмек.
Сыныбы:
11
Ә, 11 А, 11 Б
Көрнекіліктер:
интербелсенді тақта, үнтаспа, бейнеролик,
үлестірмелі материалдар.
Ұйымдастыру
кезеңі:
Жаттығу
ережесі:
1.
Ашық қарым-қатынас
2.Көтеріңкі
көңіл-күй
3.Бір-бірін
тыңдау
4.
Уақытты үнемдеу
5.
Қазір және осында.
1.«Екі
шындық,бір өтірік» жаттығуы
Мақсаты:
Оқушылардың
зейінін, назарын оқу үрдісіне бағыттау.
Нұсқау:
қатысушылар орындарында тұрады.
Оқушылар кезек-кезек екі шындық, бір
өтіріктерін айтуы керек.
2.
«Біз сенімді ұрпақпыз» жаттығуы
Нұсқау:
Оқушылар
3 топқа бөлінеді.
1-топ:
Біз сенімді ұрпақпыз тақырыбында
–суреттік сюжетпен мысал келтіру.
2-топ:
Біз сенімді ұрпақпыз тақырыбында –
мәтін құрау.
3-топ:
Біз сенімді ұрпақпыз тақырыбында- өлең
шумақтарын құрау керек.
3.
«Өміріңіздің құр өткізіп жатқаныңыздың
13 белгісі » бейнеролик ұсынылады.
Белгілері:
1.Сіз
лайықсыз заттарға тым көп уақыт жұмсайсыз.
( компьютер, ұялы телефон,теледидар көру
т.б.)
2.
Сіз көп шағымданасыз.( сабақты түсінбеу,
мұғаліммен келіспей қалу, орта, достардан
шеткері қалу, ақшаның жетпеуі т.б.)
3.Сіз
ақыл-ойыңызды қоректендірмейсіз! (
сурет, пейзаж, галерея, музей, музыка,
әуен,кітапхана, кітап қоржыны т.б.)
4.
Өз-өзіңізбен іштей теріс диалог құрасыз.
«Сіз не ойласаңыз да-істей алсаңыз
да,алмасаңыз да,сіз дұрыс ойлайсыз».
Генри Форд. (жылы қарым-қатынас,дұрыс
пікір-ой).
5.
Сіз шабытты сезінбейсіз. (музыка,сүйікті
ән,әуен,суретке түсіру, фотоаппарат,
кино т.б.)
6.
Сіз болашағыңызды жоспарламайсыз.
7.
Сіз өсуіңізге ешқалай ықпал ете алмайтын
адамдармен көп уақыт өткізесіз. (уақытын
бос өткізіп жүрген достар).
8.
Сіз телефоныңызға тәуелдісіз.(ұялы
телефон,уақытымен ұйықтамау, қыдыру
т.б.).
9.
Сз қажет емес заттарға ақша құртасыз.
10.
Ұйқыңыз қанбайды.
11.
Сіз денеңізді күтпейсіз.(спортпен
шұғылдану,жаттығулар жасау т.б.).
12.
Сіз жайлы аймақтан шыққыңыз келмейді.
( үнемі тамақтану,өсу,даму қарқыны жоқ,
дайынға үйрену, шабыт жоқ, бір қалыпты
сарынға түсіп алу).
13.
Сіз өзіңізге ұнамайтын өмірді сүріп
жатырсыз.Өзіңіздің нақты не қалайтыныңызды
белгілеңіз. Өзіңізге сенімділік
ұялатыңыз, өзіңізге жігер,шабыт беріңіз.
Менің
қолымнан бәрі келеді! Менде бәрі жақсы,
дұрыс болады!
–Қандай
ой түйдіңдер? Оқушылар өз ойларымен
бөліседі.Өз ойларын дәптерге жазу.
4.
«Сөзді есіңде сақта» жаттығуы
Нұсқау:
7-8
оқушы
ортаға шығады. Балаларға мұқият тыңдау
ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші
айтады., балалар келесі сөзді есіне
сақтап қайталайды. Осылайша қалған
сөздерді түгел айтып шығу керек.
Көктем-жаңбыр
Жаз-күн
ыстық
Аспан-бұлт
Жер-шөп
Су-мөлдір
Мұхит-терең
Ақыл-сана
Ой-ұшқыр
Сезім-түйсік
Тәрбие-білім
Қорғаныс-сақтық.
5.
« Құмырсқа » бейнеролик ұсынылады.
–Қандай
ой түйдіңдер? Оқушылармен сұрақ-жауап
арқылы талдау.
6.
Рефлексия. Сабақтан
қандай әсер алдыңдар? Оқушылар өз ойларын
стикерге жазып береді. Сабақтың соңында
оқушылар бір-біріне ізгі тілектер
білдіреді.
Мектеп
психологы: Н.Тойшыбекова